ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»



бет30/79
Дата20.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31662
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   79
Байланысты:
6 Лекция Кыпшактану

Адым – адым. [НФ] Төрт миң адым йәргә араб мил теб айтур – Төрт мың адым жерді арабтар мил деп атайды.

Азық - азық. [НФ, ХШ] Пайғамбар Абубәкр бирлә ол ғарда үч күн турдылар соң чықыб Мәдинә тарафынға азм қылдылар азықлары түгәнды – Пайғамбар Абубәкірмен сол үңгірде үш күн тұрды, сосын одан шығып Мәдинаға қарай кетті, олардың азықтары таусылған еді.

Ай – ай. [ХШ, НФ, Мн, Г] Сафар айының йигирмә бешиндә - Сафар айының жиырма бесінде.

Алма – алма. [ХШ, НФ, Мн, Г] Қызыл алма дөңәлму дур фәрән қызы - Қызыл алма дөңгелек пе, о сұлу.

Алмас – алмас. [ХШ] Алмаз от андын соң лалга урды алмас – бұдан соң лағылға алмас қосты.

Ана – ана. [ХШ, НФ, Г] Пайғамбар алты йашқа йетмиш әрди қин анасы Аминә вафат болды – Анасы Әмина қайтыс болған кезде пайғамбар алты жаста еді.

Ант – ант. [ХШ, НФ, Г] Фариштә қоймас айтур, антны сақла – Антыңа адал бол, дейді періште.

Арық - арық. [ХШ, НФ] Йа шайх бу арық сувларыдын нишә ичмәзсиз – О шейх, сіз бұл арықтың суын неге ішпейсіз.

Арпа – арпа. [НФ, ХШ, Г] Әй тоқ көзүңгә арпа әтмәги көрүнмәс хуш, ликин мәним алтымда иззәтли мукаррамдур - Әй тоқ адам саған арпа наны ұнайма, ал мен үшін (ол) құрметті де сүйікті.

Арқа – арқа [ХШ, НФ, Г]. Йигит ол вақт уйанды ким күнәш ыссысы арқасына отты – Күн ыстығы арқасын қыздыра бастағанда жігіт оянды.

Ел – ел. [ХШ, НФ, Мн, Г] Қылур Йусуфни Мисир елиндә султан - Ол Жүсіпті Мысыр еліне сұлтан қылып бекітті.

Балта – балта. [ХШ, НФ]. Тақы мәбәрак еликингә бир улуғ балта алды – және (пайғамбар) мүбәрәк қолына балта алды.

Жан – жан. [ХШ, НФ, Мн, Г]. Ким ош тән тәнгә жан жанқа улашты – міне тән тәнге, жан жанға қосылды.

Көз – көз. [ХШ, НФ, Мн, Г] Башындан көзүндән өпүб қучуб көп мал-у нимәт бериб азад қылды – Ол басынан, көзінен өбіп, көп байлық беріп және азат қылды.

Орман – орман. [НФ, Г] Карван түн қата йүрүб сахар вақтын келиб бир орман йанында қондылар – Керуен түн бойы жүріп, таң ата бір орманға келіп тоқтады.

Екі дәуір тіліне ортақ зат есімдер өте мол, ескерткіштер тілінде туынды, негізгі, деректі, дерексіз т.б. зат есімдер кең орын алған.

Сын есім сөздердің қатары:

Ала – ала. [ХШ, НФ] Бу түн күн ала ат-тек йүгрүр талмаз – бұл түн мен күн ала аттай талмай жүйткиді.

Арық - арық. [Г] Бир арық ақил адами айтты бир сәмиз аблаха, келиб қаршы негә болса тази от, бир тавилә әшәндән ол йахшы – Бірде бір арық дана семіз наданға айтты: арабтың пырақ аты арық болғанмен бір керуен есектен жақсы.

Ақсақ - ақсақ. [ХШ] Сабыр бирлә кечәр аз умр неткү, азақ ақсақ нетәк мәнзилә йәткү - Ұзақ өмірде үлкен сабыр керек, ақсақ адам үйіне жеткендей сабыр қажет.

Сары – сары. [ХШ, Г] Қарарсызлықда болмыш меңзи сары – Тыныштықтың жоқтығына жүзі сары болды.

Кең - кең. [ХШ, НФ] Умми-Муид пайғамбарны тарифләйүр әйәси кең турур көзи ашаққа үкүшрәк бақар йергә бақар – Умми-Муид пайғамбарды сипаттайды: оның алақаны кең, көзі көбіне төменге қарайды, ол жерге қарайды.

Тар – тар. [ХШ, НФ, Мн, Г] Қачан ким болса тар ағзың шакар бир, саба гүл ғунчаның ағзыны йыртар – Сенің тар (кішкене) аузың шекер төккенде, роза гүл шоғынан таңғы самал жел соғады.

Қалың - қалың. [ХШ, Мн] Қалың өврәккә кирмши тек лачын - қалың жабайы үйрек тобына кірген лашындай.

Қара - қара. [ХШ, НФ, Мн, Г] Йумақ билән кетәрми лавны қара көмүрдән –жуғанмен қара көмірдің түсі өзгерер ме.

Қызыл - қызыл. [ХШ, НФ, Г] Йа хожа, йүк билән қызыл алтун алыб келүр, йа бахр ичиндә ғарқ болуб қын билән өлүр - Қожа не жүкпен бірге қызыл алтын алып келер, не теңіз түбіне батып азаппен өлер.

Ұзақ - ұзақ. [ХШ, НФ] Аташ хафыдан тутты ұзақ йол – Атасынан қауіптеніп ұзақ жолға аттанды.

Бұдан басқа да негізгі немесе туынды сын есімдер көптеп кездеседі: астыңғы, аталық, бойлы, малсыз, ақ, бай, көк, сынық, тамашасыз т.б.

Сан есім сөздер ескерткіштер тілінде көп қолданылады. Дені ішінара дыбыстық өзгерістерге бой ұрған, ал тұлғасы да, мағынасы да қазақ тіліне дәл келетін төрт сан есім ғана бар. Олар:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет