ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»


Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтар мен тапсырмалар



бет36/79
Дата20.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31662
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   79
Байланысты:
6 Лекция Кыпшактану

Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Біздің заманымызға жеткен қандай хан жарлықтаирын білесің?

  2. ХVІ ғасырдың бірінші жартысында жазылған Мухаммед Герей мен

Сағадат Герейдің және Сақып Герейдің жарлықтары.

  1. Тайдулы ханымның қандай жарлықтары белгілі?

  2. Жарлықтар тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктерін түсіндір.

5.В.В.Вельяминов-Зерновтың «Материалы по для истории крымского ханства» еңбегінің маңызы.

Дәріс-12. Жазба ескерткіш негізінде қазақ тілі тарихын жүйелеу мәселесі
Түркі тілдерінің тарихи кезеңдері мен қазіргі сипаты туралы жіктеу түркітанудағы ең күрделі мәселе. Пікірлер мен тұжырымдардың ала-құлалығы көзі қарақты оқырманның өзін де шатастырып, әр қиырға жетелейді. Қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі жүздеген жылдар бойы айтылып келе жатқан тұжырымдарды елеп-екшеп, азат ойға жүгініп, ақыл таразысына салу.

«Қазақ» аталатын бір тұтас халық ХV-ХVІ ғасырларда қалыптасса да «қазақ» этнонимі ерте замандардан мәлім болған. ХІ ғасырда өмір сүрген ұлы шайыр Фирдоуси өз шығармаларында «қазақ» сөзін қолданған. Бұл туралы А.Левшин былай дейді: ... «Фирдоуси, живший около 1020г., т.е. за два столетие до появления монголо-татар на западе, в истории Рустема упоминает о народе казаках и ханах казахский. Из сочинений его и древнейших летописей персидских, которыми он пользовался, известно, что казахи древние, подобно позднейшим, прославили имя свое грабежами и набегами» (Левшин А. Описание киргиз – кайсацких или киргиз – казачьих орд и степей. СПБ., 1832, ч. С. 39-40). Яғни Фирдоуси шығармаларында «қазақ» сөзі этнос мағынасында қолданылған. Сондықтан да М.Томанов қазақ тілі тарихын түркі тілдері тарихымен бірлестіре отырып былай жіктеді: 1)Түркі бірлестігіне дейінгі дәуір, - бұл дәуір, шамамен, біздің заманымыздың V ғасырына дейін созылады, екі түрлі бірлестіктен тұрады: Алтай бірлестігі, Хун бірлестігі. 2)Түркі бірлестігі дәуірі, бұл да екі кезеңге ажырайды: Көне түркі қағанаты кезеңі (V-Х ғасырлар) . Орта түркі кезеңі (Х-ХV ғасырлар). 3)Қазақ халық тілінің даму дәуірі (ХVІ-ХVІІІ ғасырлар). 4)Қазақ ұлттық тілінің қалыптасу дәуірі (ХІХ ғасыр). Түркі бірлестігіне дейінгі Алтай бірлестігі «алтай гипотезасымен» байланысты қойылған атау. Бұл теориялық болжам түркі-монғол, тұнғыс-маньчжур, жапон-корей тілдеріндегі фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ұқсастықтар мен ортақ белгілерге сүйенеді. Хун бірлестігі біздің заманымыздың алғашқы жылдарында өмір сүрген Хун империясына байланысты. Түркі тілдерінің қазіргі батыс және шығыс топтарының қалыптаса бастауы осы Хун империясынан басталады. Бұл кезеңде түркі тілдерінің монғол тілдерінен жіктелуі аяқталды десе болады.

Түркі бірлестігі дәуірінің Көне түркі қағанаты кезеңінің бүгінгі түркі халықтарының тарихы үшін маңызы зор. V-Х ғасырларда қазіргі түркі тілдерінің негізі қалыптасып, тіл тамыры бой түзеді. Төл өркениетіміздің сілемі терең екеніне ғаламға мәшһүр болған Орхон-Енисей, Талас жазулары куә. Көне түркілер біздің заманымыздың VІ-VІІІ ғасырларда жалпыадамзаттық өркениетке өзіндік жаңалық қосқанын бітіг жазулардан сеземіз.

Қазақ тілі тарихы үшін түркі бірлестігі дәуірінің орта түркі кезеңінің мәні зор. Х-ХV ғасырларда халық тілдерінің негізгі ұйытқысы түзіліп, жеке-жеке тіл болып қалыптасуға бет алған. Жазба ескерткіштерге сүйене отырып орта түркі кезеңін классификациялаудың ғылымда бірнеше үлгісі бар. Н.А.Баскаковтың топтауы бойынша орта түркі кезеңі екіге бөлінеді: Монғол шабуылына дейінгі (Х-ХІІ ғ.) және монғол шабуылынан кейінгі (ХІІІ-ХІV ғ.) кезеңдер. Ә.Құрышжанов пен А.Ибатов түркі халықтарының әдеби тіл тарихын жазба мұрағаттар тілімен байланыстыра отырып ескі түркі дәуірі (ХІ-ХVғ.) деп тұтас алып қарастырып, бұл кезеңде түркі тілдерін ең негізгі халықтық белгілері қалыптаса бастаған дейді. Орта ғасырларда түркілер Қытай іргесінен Шығыс Европа, славян елдеріне дейінгі аралықты түгел жайлаған. Қазіргі Қазақстан территориясы әртүрлі түркі тайпалардың ежелгі мекені еді. Осынау ұлан-ғайыр алқапта әртүрлі мәдени ошақтар өркендеп, бірнеше әкімшілік-басқару орындары үстемдік етіп саяси жағдайлардың көрігі қызып тұрған. Мәселен, Шығыс Түркістан аймағын ұйғырлар мен қарлұқтар билеп, басқа да көптеген рулар Қараханид мемлекетіне топтасса, Батыс Түркістан, Хорезм өлкесінде қыпшақтар мен оғыздардың беделі зор болды. Алтын Орда мен Мысырда негізінен қыпшақтар гегемондық дәрежесіне көтеріліп билік басында болды. Бұлар бір-бірімен тығыз әлеуметтік-саяси, мәдени қарым-қатынаста болып, мидай араласып жатқан елдер болатын.

Орта түркі жазба жәдігерліктерінің жазылу уақытына, жеріне,сол мұра пайда болған мекендегі халықтардың этникалық құрамына қарай ғылымда мынандай төрт топқа жіктеу жолы бар:

1.Қарахан әулетіне байланысты түріктердің жазба әдеби тілі ескерткіштері(ХІ-ХІІғ.)

2.Орта Азия түріктерінің жазба әдеби тілі ескерткіштері(ХІІ-ХІVғ)

3.Алтын Орда мен Мысыр түріктерінің жазба әдеби тілі ескерткіштері (ХІІІ-ХІVғ.)

4.Шағатай түріктерінің жазба әдеби тілі ескерткіштері(ХV-ХVІғ.)

Осы Х-ХV ғасырларда дүниеге келген жазба ескерткіштердің тілі туралы ғалымдар әлі күнге бір байламға келген жоқ. Түріктанудағы сан қилы тұжырымдар, кейбір ғалымдардың жазба мұраларды өз ұлтына телуі аталмыш мәселені қайта қарап, қазіргі түркі тілдерінің деректерімен ескерткіш лексикасын жан-жақты салыстыра зерттеуді талап етеді.

Қарахан түріктерінің жазба әдеби ескерткіштері туралы пікірлер өте көп. Мәселен Н.А. Баскаков, М. Қашқаридың «Диуан лұғат-ит түрік» шығармасын бірде қараханидтер тілінің ескерткіші десе, енді бірде «Құтадғу білік» екеуінің тілін қараханид мемлекеті кезіндегі ұйғыр тілі деген. Түріктануда Ахмед Йүгінекидің «Һибат ул-хақайық» ескерткіші туралы да неше түрлі кереғар пікірлер баршылық. А.К. Боровков ұйғыр тілінде жазылған дейді. А.А. Валитов оның тілін өзбек тілі деп таниды. Ал «Құтадғу білік» шығармасының тілі жөнінде мынандай пікірлер бар. Н.А. Баскаков қараханид түріктерінің тілінде жазылған десе, А. М.Щербак қарлұқ диалектісінің, ал Г.Ф.Благова ескі ұйғыр тілінің ескерткіші деген пікір айтты.

Осы күні түріктануда аталмыш үш ескерткіш қарлұқ-ұйғыр тілінде жазылған деген пікір үстем болып тұр. Б.Сағындықұлы Қарахан дәуіріндегі әдебиет пен ғылым туындыларын «ұйғыр тілінде жазылған» деп тану шындыққа жанаспайды дей келіп, тарихшы В.В. Бартольдтың мына сөзін келтіреді : ... « не подлежит сомнению,что подданые караханидов не называли себя уйгурами и что для Юсуф Баласагунского язык, на котором он писал, не был уйгурским». Яғни Қарахан мемелекетінің құрамында йемек, басмыл, чығыл, яғма, ұйғыр, қыпшақ сияқты бірнеше тайпалар қоян-қолтық өмір сүрген. Сондықтан бұл дәуір туындыларын бір руға, бір тайпаға телу қиянат болар еді. Белгілі ғалым Е.Э.Бертельстің мына пікірі де ғылыми маңызды: «Құтадғу білікті»зерттеушілер оның тілін шартты түрде ұйғыр тілі деп жүр. Дұрысы оның тілі түркі тілдерінің шығыс тобына жатады, яғни қазіргі қазақ,өзбек, қырғыз тілдеріне жақындығы бар». Бұл пікір аталған үш жәдігерлікке де ортақ. Б.Сағындықұлы М.Қашқаридың мәліметтеріне сүйене отырып, Қарахан мемлекетінің әдебиетіне диалектілік ұйытқы болған арғу, чығыл тайпаларының тілі дей келіп осы дәуір әдебиет туындыларын Көне түркі әдеби тілінің арғу –чығыл вариантында жазылған деп тұжырымдайды. Ғылыми дәйекті пікірді қолдай отырып, біздің ойымызша Көне сөзін орта деп өзгертсек шындыққа жақын келетін сияқтымыз. Көне сөзін негізінен Х ғасырға дейінгі кезеңді сипаттауда қолдануы басым.

ХІ ғасырдан бастап ХҮ ғасырларға дейін туыстас тілдердің бәріне ортақ, әртүрлі ру, тайпалардың бәріне түсінікті ортақ тіл болғаны анық. Ғылымда «орта азиялық әдеби тіл», «орта азиялық түркі тілі» терминдері бар. Мұндай аясы тар терминдердің орнына Ә. Құрышжанов пен Ә.Ибатов «орта түркілік жазба әдеби тіл» терминін ұсынады. «Орта түркі әдеби тілі» өз заманында тек қана Орта Азия емес, қазіргі Қазақстан жерінің барлық түкпірі мен солтүстік аймақтағы түркі халықтарының түгел, Европа жеріндегі «Дешт-и Қыпшақ» пен қырым халықтары, тіпті сонау жер ортасы - Мысыр мен Шамды жайлаған мәмлүк қыпшақтарына тән жазба ескерткіштердің бәрін қамтитын, солардың бәріне ортақ әдеби тіл болған ( Құрышжанов Ә., Ибатов Ә. Ежелгі түркі жазба ескерткіштері жайында. // Қазақ әдеьи тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары. Алматы, 1981).

Белгілі ғалым А.Н. Самойлович ХІ-ХҮІ ғасырларда түркі жазба ескерткіштері бір әдеби дәстүрде, бір әдеби тілде хатқа түскен деп мәлімдеген. Орта ғасырларда осынау ұлан-ғайыр аймақтың әр қиырындағы мәдени ошақтарда дүниеге келген жазба мұрағаттар бір-бірінен онша алшақ кетпей ортақ заңдылықтарға сүйеніп, бір негізде жазылған. ХІ ғасырдағы «Диуани лұғат ит-түрік», «Құтадғу білік» ескерткіштері тілінің ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы ескерткіштер тілінен бірен-саран ерекшелігі болмаса негізінен ыңғайлас, сабақтас, тіні бір дүниелер. Сондықтан да Орта Азия түріктерінің ескерткіштері (ХІІ-ХІҮғ.)мен Алтын Орда және Мысыр түріктерінің ескерткіштерінің (ХІІІ-ХІҮғ.)тілі де бір қатардағы құбылыс.

Э.Н.Нәжіп Орта Азия және Алтын Орда, Мысыр жерінде жазылған мұралар тілін бес топқа бөліп қарастырды: 1.Ескі түркімендердің жазба тілі, 2. Оғыздар мен қыпшақтардың жазба тілі, 3. Қыпшақ-оғыздық жазба тіл, 4. Түркі тілдерінің з тобына жататын жазба тіл, 5.Ескі өзбек әдеби тілі. Жалпыға ортақ, тұтас жазба әдеби тілдің әр кезеңінде осы варианттардың қолдану аясы бірде тарылып, бірде кеңіп, ерекше айқындалып тұрған жайлары да бар. Бірақ түп-негізден бөлініп, дараланып кете алмаған. Орта ғасыр жазба ескерткіштерінің тілін бір арнаға сыйғызып қарастыруды жөн санаған белгілі қыпшақтанушы поляк ғалымы А.Зайонковский былай деген еді: Однако выделение исконно огузкий письменности из обще-тюркской, а также в некоторых случаях и из кыпчакской довольно сложно и неоднозначно. Дело в том, что на протяжении ХІІ-ХІХ вв. сложился единый тюркский литературный или письменный язык, а диалектное разнообразие прежде всего представлено (богатым и требующим постоянного изменения и пополнения) лексическим материалом (Зайончковский А. К изучению средневековых памятников тюркский письменности (ХІ – ХVІ вв.). //ВЯ. 1967. №6. С.83.).

Соңғы уақыттарда «шағатай тілі» «ескі өзбек тілі» терминімен ауыстырылды. Бұл терминді К. Бороков алғаш ғылыми айналысқа енгізіп, кейін А.М. Щербак, Э. Фазылов сияқты ғалымдар тарапынан қолдау тапты. Әрине «ескі өзбек тілі» бір кездерде болуы әбден мүмкін. Бірақ Орта Азия түріктерінің тілінде туған әдеби жазба мұралардың бәрін ескі өзбек тілінде жазылған деп есептейтін А.М. Щербак пен Э.Фазыловтың пікірлері ешқандай ғылыми тұжырымның аясына сыймайды және тарихи әділеттілікке қиянат. Өзбек тарихшысы Б.Ахмедов былай деп жазды: «В начале ХҮІ в. Часть выше указанных племен сплотившихся вокруг Шайбани хана, вторглась в Среднюю Азию и обосновалось на территории современного Узбекистана. С этого времении узбек получил этническое значение, все тюркоязычное население приняло это имя (Ахмедов Б.А. Государство кочевых узбеков. М., 1965.). Яғни «өзбек» этноним ретінде ХVІ ғасырда ғана қалыптасқан. Халық болып қалыптаспай тұрып, оның тілін әдеби жазба тіл ретінде бүкіл түркі жұртының қолдануы еш ақылға сыймайды.

Шетел ғалымдарынан Экман А.Н. Самойлович пікірін қолдай отырып, шағатай тілін үш кезеңге бөліп қарастырады.


  1. Шағатай тілінің алғашқы дәуірі немесе Науаиге дейінгі дәуір(ХV ғасырдың бірінші жарт.). Бұл тілде Хайдар, Хорезми, Лутфи, Юсуф Амири, Сакаки қалам тербеген.

  2. Шағатай тілінің классикалық дәуірі (ХV ғасырдың екінші жартысы мен ХІV ғасырдың бірінші жартысы.) Бұл тілде жазған ақындар: Науаи, Хусеин Байқара, Хамиди, Мухаммед Салих, Шейбани т.б.

  3. Соңғы дәуір, яғни классикалық, шағатай тілінен кейін қолданылған әдеби тілдің дәуірі (ХVІ ғасырдың екінші жартысынан ХІХ ғасырдың аяғына дейін). Сонымен орта түркі әдеби тілінің тұтастығы ыдырап, жеке ұлт тілдері айқындала бастаған ХV-ХVІ ғасырларда Орта Азия түркілерінің бір белесі осы шағатай тілі болса керек. ХVІІ ғасырларда өзбек тіліне жалғасқан шағатай тілі қазіргі өзбек тілінің негізі болып саналады.

Байырғы қазақ жазба әдеби тілі сүйенетін сүбелі жазба ескерткіштер де бар. Оның бірі Б. Әбілқасымов зерттеген Хиуа ханы Әбілқазы баһадүрдің ХVІІ ғасырда жазған «Шежіре-и –түркі» шығармасы. Әбілғазының өзі «бес жасар бала түсінетіндей таза түркі тілінде» жаздым деген мұрасы қазіргі қазақ тілінен алыс емес. ХVІ ғасырдың соңы мен ХVІІ ғасырдың ең алғашқы жылдарында жазылған Қадырғали Жалайырдың «Жамиғ-ат-тауарих» шежіресінің қазақ тіліне тікелей қатысты екенін белгілі ғалым Р.Сыздықова зерттеп дәлелдей келе былай деп көрсетті: «Наши наблюдения над лексикой и фразеологией памятника, прослеживание преемственности в употреблении коммуникативных или художственных-образных средств письменных и устно-литературных образцах, бытовавщих в прошлом, выявления в составе памятника непосредственного отражения лексических элементов, восходящих к разговорному языку казахов,- все это позволяет нам ставит в вопрос еще об одной локальный разновидности чагатайского языка-казахской, которую мы намерены называть не иначе как «староказахских письменным литературным языком»( Сыздықова Р.Г. Язык «Жами ат – тауарих» Жалайри. Алматы, 1988). Осындай мұралардың тілінен нәр алып, ресми тіл болып, ХVІ ғасырларда қалыптаса бастаған байырғы қазақ жазба әдеби тілі ХІХ ғасырдың екінші жартысында жаңа жазба әдеби тілге ұласты.

Жазба ескерткіштердің тіліне сүйене отырып, тіл тарихының ұзын жолында мынандай тілдік кезеңдерді көрсетуге болады:



  1. Ү-Х ғ.- ежелгі түркі әдеби тілі

  1. Х-ХVғ.- орта түркі әдеби тілі

а) орта түркі әдеби тілінің арғау-чығыл варианты

б) орта түркі әдеби тілінің қыпшақ варианты

в) орта түркі әдеби тілінің оғыз варианты

1) ХV-ХVІ ғ.- шағатай әдеби тілі

2) ХVІІ-ХІХ ғ. – байырғы қазақ жазба әдеби тілі

3) ХІХ-ХХ ғ. - жаңа қазақ жазба әдеби тілі

Сонымен қазіргі қазақ тілі сонау көк найзалы, жарау атты көк түріктер тасқа қашап жазған Орхон-Енисей бітіг жазуларынан бастап бірнеше тілдік кезеңдерді бойынан өткізіп, орта түркілік қыпшақ тілінің заңды жалғасы ретінде фоно-морфо-семантикалық жағынан барынша жетілген ғылыми тіл болып қалыптасты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет