ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»


Тұлғасы сәйкес келгенімен, мағынасы ішінара семантикалық өзгеріске түскен сөздердің



бет33/79
Дата20.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31662
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79
Тұлғасы сәйкес келгенімен, мағынасы ішінара семантикалық өзгеріске түскен сөздердің орны зор. Сөз мағынасының өзгеруі, тіл тарихының ұзын жолында дамуы мағынаның кеңеюіне, не тарылуына әкеп отырады. Тілдің лексика құрамының, ондағы сөз мағыналарының өзгерісі – тілде үздіксіз болып отыратын процесс. Академик Кеңесбаевтың пікірінше, «Сөз мағынасы өзгереді, дамиды, мағына аясы бірде кеңейе түсіп, бірде тарылады, түрлі бейнелі мағыналар үстемелеп, бірде сөз қолдану тәсілі толығып, бірде соны мағына туады, заман ағымына қарай, кей реттерде, сөз де, сөз мағынасы да мүлде жаңарады. Сөйтіп сөз семантикасы үздіксіз екшеліп отырады» (7). Түркі тіліндегі көптеген сөздерді тарих қойнауынан қазіргі тілімізге қарай сатылап зерделесек, біршама сөздер бұрынғы мағыналарын сақтай отырып, керісінше, сол мағынаның үстіне тарихтың ұзын жолында басқа да мағыналар қосылып, үстемеленіп отырған. Мәселен, «күлүк» сөзі ескерткіштерде бір ғана «қашыр» мағынасын береді: кулук бар йоқму тартсун йа тәгирмән «қашырлар жүк көтеріп, диірмен айналдыруға міндетті ме» (ХІІІ, 46б21). Күлүк, яғни көлік сөзінің мағынасы қазіргі қазақ тілінде кеңіген. Ол барлық көлік малын (ат, есек, өгіз, түйе) және жалпы транспорт дегенді білдіреді. Көлік сөзінің түп-төркіні - «жегу» мағынасындағы көл сөзі. Көне түркі тілінде осы түбір көрініс тапқан: еки өкузуг бир буқаршықа көлміш «екі өгізді бір арбаға жекті» (ДТС, 314). Көне қыпшақ тіліндегі кейбір сөздердің мағынасы ұмытылып, қазіргі тілімізде басқаша мағыналық сипат алған. Яғни, сөз мағынасы бір жағынан тарылып, екінші жағынан кеңігені байқалады. Мұндай процесте лексиканың сандық жағынан гөрі сапалық жағы дамиды. Мәселен, «томаға» сөзінің ескерткіштерде «әшекей» мағынасы бар: лағыл сырғалар құлақта, бөрігінде інжу томаға» (ХІІІ, 112а18). Қазіргі тілімізде бұл мағына мүлде ұмытылған. Яғни, томаға - қыран құстың басына көзін бастыра кигізіп қоятын былғары қап. Көне қыпшақ тілін бүгінгі тілге қарай саралай зерделегенде сөз мағынасының тарылуы байқалады. Сөз мағынасының тарылуы тіл-тілдің фактілеріне қарағанда, негізінен адам ұғымының жалпылықтан жалқылыққа қарай саралануынан, даралануынан туып отырады. Ескерткіштер тілі өте бай. Көп мағыналы сөздер өте көп. Сол көп мағыналы сөздердің кейбір мағыналары көмескіленіп, кейін ол мағыналардың мүлдем шығып қалуы қазіргі қазақ тілінен байқалады. Мәселен, тары сөзі бірнеше мағына берген: тары, жүгері, арпа, өсімдік, егін, астық, дән, ұрық, тұқым, егіс даласы, өнім т.б. Бұрын бір ғана тары атауымен аталған мәдени дақылдарға кейін жеке-жеке ат қойылғанға ұқсайды. Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде тары сөзі дәнді дақылдың бір түрін ғана білдіреді. Мысалы, қырғыз тілінде торуу, өзбек тілінде торық, башқұрт, қарақалпақ, ноғай, татар тілінде тары т.б.

Екі дәуір тілін салыстыра қарағанда, тарих қойнауынан келе жатқан сөздердің мағыналарының өзгеру жолдары әртүрлі, әр деңгейде екені байқалады. Сөз мағынасының тарылуы көп мағыналы сөздің кейбір мағыналары уақыт өте келе түсіп қалып отыруынан көрінсе, енді бірде кең ұғымды білдіретін сөздер тар ұғымды білдіріп, дара мағынаға қарай жылжыған.

Ал мағынасы да, тұлғасы да өзгеріске түскен сөздер онша көп емес. Бұл сөздердің кейбіреулері қазақ тілінде де, басқа түркі тілдерінде де ұшырасып отырады.

Көне қыпшақ тілі мен қазақ тілінің лексика-семантикалық қарым-қатынасы өте тығыз байланыста дамыған. Әсіресе, қыпшақ тілдерінің маңдай алды қазақ тіліне тән, мағынасы да, тұлғасы да толық сәйкес келетін 420 сөздің әртүрлі жиілікте қолданылуы жазба ескерткіштер тілін қазақ тілімен жақындастыра түседі. Мұндай қазақ тілімен ортақ лексикалық параллельдер – екі дәуір тілінің этногенетикалық тамырының төркіндес екенін көрсететін ақиқат деректер. Орта ғасырларда әртүрлі диалектілік белгілер болғанымен негізінен біртұтас көне қыпшақ тілі қалыптасқан. Бірақ экстралингвистикалық және интралингвистикалық құбылыстардың әсерінен және жазба ескерткіштердің жазылу аймағына байланысты бұл тілдің кейде оғыздық белгісі бой көрсетсе де, қыпшақ белгісі басымырақ болғаны байқалады. Тарихи көне қыпшақ тілі мен қазіргі қыпшақ тілдерінің арасына шекара қойып ажырату мүмкін емес. Шындығында, бұлар – бір тілдің әрқилы әлеуметтік-тарихи, этнографиялық, мәдени, экономикалық жағдайдағы әртүрлі бейнесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет