4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ
Сабаққа қатысу: Дәріс және зертханалық-тәжірбиелік сабақтарға міндетті түрде қатысу керек. Студент сабаққа қатыспаған жағдайда меңгерілмеген материал үшін өзі жауапты.
Тәртібі: Сабақ кезінде жүйелі тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылады немесе барлық курс үшін «қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады.
Бақылау тапсырмалары (СӨЖ): оларды міндетті түрде орындап, бекітілген уақытында тапсырылуы қажет. Уақытында тапсырылмаса бағасы төмендейді.
Аралық аттестация: студенттердің дәріс және лабораториялық сабақтарға қатысуымен олардың материалдарына дайындығын тексеру арқылы бағаланады және өздігінен оқып дайындау сабақтары ескеріліп бағаланады.
Көшіру және плагиат: Берілген жекелеме тапсырмаларды: әр студент өздері орындауы керек, басқа біреуден көшіріп алуға рұқсат етілмейді, ондай жағдайда жұмыс қанағаттандырғысыз деп бағаланады.
Емтихан: Экзамен барлық студенттер үшін ауызша өтеді. Сабақ өткізу кезінде ұялы телефондар сөндірілуі керек.
Ұсыныстар: Оқу үрдісіне белсенді қатысу, барлық тапсырмаларды тиянақты орындау, сабақтарда белсенді қатысу, топтық жұмыстарға қатысу. Мұғалімдер және курстастарға мейірімді, шыдамды және мұқият болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |