Қазақ СӘндік қОЛӨнеріндегі түркілік этномәдениет бейнелері



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата08.06.2023
өлшемі0,77 Mb.
#99777
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


 
 
 
 
 
ІSSN-p 1727-060Х
 
 
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №4(112), 2022 
92
 ӘОЖ 008.009:39  МҒТАР 13.11.44
https://doi.org/10.47526/2022-4/2664-3162.05 
 
Ержан АУЕЛБЕКОВ  
педагогика ғылымдарының кандидаты, Бейнелеу өнері кафедрасының 
қауымдастырылған профессоры, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-
түрік университеті, Түркістан, Қазақстан (erzhan.auelbekov@ayu.edu.kz) 
https://orcid.org/0000-0003-1536-3317 
 
ҚАЗАҚ СӘНДІК ҚОЛӨНЕРІНДЕГІ ТҮРКІЛІК 
ЭТНОМӘДЕНИЕТ БЕЙНЕЛЕРІ
*
 
 
Аңдатпа 
Мақалада еліміздегі «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті 
қыры» сияқты бағдарламалар негізінде жүзеге асырылып жатқан көркемдік білім 
беру жүйесіндегі ұлттық сәндік қолөнердің мәні мен мазмұндық ерекшеліктері 
қарастырылады. Қазақ сәндік қолөнеріндегі сан ғасырлық түркілік мәдениеттің 
көріністері жан-жақты қаралып, оның түркілік этномәдениет теорияларындағы 
сипаты тарихи, рухани, өнертанымдық тұрғыдан талданады. Түркілік этномәдениет 
белгілерін сипаттайтын кейбір қолөнер бұйымдарының, әсіресе сәукеле, тақия 
сияқты бас киімдерді жасаудың, ондағы ою-өрнектерді қолданудың стильдік, 
символдық, бейнелік ерекшеліктері түркілік таным негізінде талданып 
қарастырылады. Түркілік этномәдениеттегі қазақ және басқа да түркі халықтарының 
ұлттық қолөнерінің ұқсастығы көрсетіліп, халықтық қолөнердің дүниетанымдық 
көзқарастарымен, наным-сенімдерімен, тыныс-тіршілігімен, шаруашылығымен 
тығыз байланыста дамып отыратындығына дәлелдемелер келтіріледі. Түркі 
халықтарының қолөнеріндегі ұлттық ою-өрнектер, символдық таңбалар, мотивтер 
салыстырылып, мәндік-мазмұндық ерекшеліктері түркілік этномәдениет белгілері 
ретінде сипатталып беріледі. Ұлы Дала жерінде көшпенділік дәстүрлердің тікелей 
мұрагері ретінде қазақ қолөнерінің түркілік этномәдениеттегі ерекше орны 
анықталып, оларға тарихи-этнографиялық, өнертанымдық ғылыми түсіндірмелер 
жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет