Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43


Аллергиялық аурулардың емдеу принциптері



бет8/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
Байланысты:
Оқу әдістемелік құралы

Аллергиялық аурулардың емдеу принциптері.
Аурудың асқыну кезеңіндегі емі: себепші аллергенді алып тастау және қайталама түйісуді жою. Тағамдық, дәрілік, ингаляциялық аллергия кезінде аллергенді эллиминациялау (алып тастау) қажет.
Бірінші және екінші, үшінші қатарлы антигистаминді препараттар – Н1 – рецепторлардың блокаторларын тағайындаймыз. Бірінші қатарлы препараттарға димедрол, супрастин, тавегил, диазалин, фенкарол және т.б. жатады. Антигистаминдық әсерінен басқа холинэргиялық рецепторларға да әсері мүмкін және жоғары антисеротонинді, седативті белсенділігі байқалады. 2-ші қатарлы антигистаминді препараттарға: кларитин, кларисенс, кларотадин, рупафин, кестин және т.б. жатады. 2-ші қатарлы антигистаминді препараттардың кардиотоксикалық жанама әсерлері бар, қарт адамдармен, жүрек-қантамыр жүйесінде ақауы бар науқастарға тағайындауға болмайды. 3-ші қатарлы антигистаминді препараттарға: L-цет, гисманал, трексил, телфаст, зиртек жатады. Олардың артықшылығы кардиотоксикалық әсері жоқ және седативті әсері төмен. Мес жасушаларының стабилизаторлары жергілікті әсер ететін кромон туындылары: кромглиций қышқылы, недокромил натрия, лидоксомид. Жүйелі әсерлі антигистаминді әсері бар: кетотифен. Ауыр жағдайларда жергілікті және жүйелі әсер ететін глюкокортикостероидтар қолданылады. Лейкотриен рецепторларының антогонистері: зафирулукаст, монтелукаст т.б.
Аурудың ремиссия кезеңіндегі емі.
Арнайы емес гипосенсибилизация – ағзаның аллергенге қарсы сезімталдығын төмендетуіне бағытталады. Иммунды механизмдерге әсер ететін препараттар: құрамында блоктаушы IgG – антиденелер бар антиаллергиялық иммуноглобулин, гистоглобулин – құрамында блоктаушы антиденелер, гистамин, гистаминопексиялық индексті көтеретін препарат, тері асты жолымен әртүрлі схемалар бойынша еңгізіледі.
АСИТ (аллерген спецификалық иммунды терапия) арнайы гипосенсибилизация – аллергенді ағзаға еңгізу арқылы ағзаның сезімталдығын төмендету. АСИТ-ң енгізу жолдары: тері астына, пероральді, сублингвальды (4 кестеде), эндоназальды, эндобронхиальды әдіс.
Спецификалық гипосенсибилизацияның нәтижесі атопиялық ауруларда жоғары. Жақсы және нәтижелері 60-80% кездеседі. Ал инфекциялық – аллергиялық бронх демікпесінде – нәтижелігі төмендеу.
Спецификалық гипосенсибилизация емі аллергологпен аллергокабинетте ғана жүргізіледі.
Бірінші аллергометриялық титрлеу арқылы аллергеннің дозасы анықталады. Ол үшін аллергенді арнайы аллергенге арналған сұйықтықпен араластырып тері астына еңгізеді. Теріс серпілістің алдында оң реакция берген аллергеннің ерітіндісі табалдырықты доза болып саналады. Емді осы табалдырықты дозадан немесе субтабалдырықты дозадан бастайды.
Классикалық түрде аллергенді тері астына аптасына 2 рет еңгізеді. Арнайы гипосенсибилизацияның варианттары: жыл бойылық, мезгіл алды, мезгілдік. Арнайы гипосенсибилизацияны жүргізу кезінде асқынулар болуы мүмкін: жергілікті аллергиялық реакциялар, жүйелі және жалпы анафилактикалық шок түрінде. Оның себептері: сезімталдықтың өте жоғары болуы, емнің дұрыс жүргізілмеуі. Бұл серпілістер пайда болған жағдайда гипосенсибилизация емі жүргізілмейді.
Арнайы гипосенсибилизацияны жүргізуге қарсы көрсеткіштер:
-ауыр иммундыжетіспеушілік жағдайы
-аутоиммунды аурулар
-онкологиялық аурулар
-ауыр психикалық аурулар
-b –адренорецептор блокаторымен ем қабылдағанда
-моноаминооксидаза ингибиторы препараттарын
симпатомиметиктермен бірге қабылдағанда
-кортикостероидтарды ұзақ қабылдау
-аллергиялық аурудың асқынуы
-бронх демікпесінде өкпедегі органикалық өзгерістер
-туберкулез
-қатерлі ісіктер
-қан айналымының 2-ші, 3-ші дәрежедегі жетіспеушілігі
-жүктілік кезінде
-асқазан жара ауруы
Арнайы гипосенсибилизацияның механизмі блоктаушы IgG – антиденелердің түзілуіне байланысты. Олар ағзаға түскен аллергендермен байланысып IgЕ антиденелермен түйісуінің алдын алады [26].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет