Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43



бет7/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Байланысты:
Оқу әдістемелік құралы

Жалған оң нәтиже болады:

  • консервантқа жоғары сезімталдық болған жағдайда;

  • терілік сынамалардың жасалу техникасы дұрыс болмағанда;

  • шприцте басқа аллерген болған жағдайда;

  • уртикарлы дермографизм;

Аллергометриялық титрлеу:
Әрбір пациентке ем тағайындалғанда ағзаның сенсибилизация дәрежесін, ауру сипатын ескере отырып жеке ем тағайындалады. АСИТ-ке стандартты 1 мл 10000-20000 PNU бар емдік аллергендер қолданылады. Аллергенді тест бақылау сұйықтығына қосу арқылы аллергеннің бастапқы дозасын анықтап аламыз.
0,5 мл + 4,5 мл еріту сұйықтығы = 10-1 (1000 PNU)
0,5 мл+ 4,5 мл араластырылған сұйықтар = 10-2 (100 PNU), (10-3) 10 PNU, 10-4 (1 PNU), (10-5) –0,1 PNU, (10-6) – 0,01.
Флаконда араластырылған күні, бір аллерген немесе бірнеше аллерген атауы көрсетілуі тиіс.
Ең бірінші күні 10-6 дан 10-4 ке дейін күнделікті немесе күн ара 0,1; 0,2; 0,4; 0,8 мл дозада енгіземіз. Кейіннен 10-3 дан 10-1 ерітіндідегі аллергендерді 0,1; 0,2; 0,3; 0,4; 0,5; 0,6; 0,7; 0,8; 0,9 мл дозада 7-10 күн интервалмен енгіземіз. Қосымша доза (1000-1500 ед.).
Экспозициялық (жылулық) сынама.
Егер жылулық крапивница болса: 42оС жылы суы бар пробирканы білезік маңайына лейкопластырьмен 10 минутқа жабыстырады. Оң реакция болса қышу, күйдіру, күлдіреуік пайда болады.


Экспозициялық (суықтық) сынама
Білезік аймағына 1,5 см көлемді мұзды лейкопластырмен жабыстырады. Немесе суды пенициллиннің флаконына мұздатып, жабыстырады, экспозиция 10 мин. оң реакцияда қышу, күйдіру, күлдіреуік псевдоподиялар пайда болады.
Провокациялық тесттер:
Коньюктивальді, назальді, ингаляциялық, тіл асты.
Провокациялық ингаляциялық тест
Қажетті құралдар: аллергендер, пневмотахометр, спирограф, АИ-1
Провокациялық ингаляциялық тест- бронх демікпесін анықтау мақсатында қолданылады, көбінесе салыстырмалы диагностика үшін жүргізіледі (бронх демікпесі, обструктивті бронхит т.б.) Тест жасардың алдында СТҚ (ҚТШК1, ӨҚТС, Тиффно коэфиценті) көрсеткіштерін қарап алу қажет. ҚТШК 1 деңгейі 70 % төмен болмау қажет. Пациентке ингалятор арқылы бірінші бақылау сұйықтығымен дем алғызамыз, сосын айқын реакцияны көрсететін, ең аз дозадағы аллерген сұйықтығымен дем алады. Содан соң 1 сағ ішінде әр 15 мин сайын – аускультация мен пневмотахометрия, 2 сағ ішінде әр 30мин сайын – спирография. ӨҚТС және Тиффно индексі 20 % төмендесе тест оң болып саналады. Бір күнде тек бір аллергенмен ғана ингаляция жүргізуге болады. Инфекциялық аллерген ингаляциясы кезінде БЖС бойынша реакция 12-24-48-72 сағ соң бағаланады.
Мүшелік серпіліс (риноррея, жөтелу, тамағының жыбырлауы, қиындаған тыныс алу немесе тыныс шығару, дистанциялық сырылдар, аускультативті сырылдар) кезінде спирографияны жүргізбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет