АЛЕРГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ МЕН ЕМДЕУ ПРИНЦПТЕРІ Аллергиялық аурулардың диагностикасының принциптері. Рекомбинантты аллергендер. In vitro тәсілімен рекомбинантты аллергендерді қолдану арқылы
аллергияны молекулярлы деңгейде анықтау жүргізіледі.
Біртүрлік арнайы аллергендік эпитоптар. Біртүрлік аллергендердің
компоненттерін анықтау- тек бір ғана арнайы бастаушы аллергенге
шектелген серпілісті тудыратын біріншілік сенсибилизаторды бөліп алуға мүмкіндік туғызады.
Рекомбинантты аллергендер көбінесе маңызды:
Түсініксіз полисенсибилизация симптомдары бар пациенттер және/немесе жүргізген емнің төмен нәтижелігі, анафилаксия кезінде тағайындаймыз. Сенсибилизацияны ерте анықтау - аллергияның дамуының профилактикасы!
Терілік сынамалар: 1.прик тесттер (уколмен жасалған сынама),
2.скарификациялық, 3.аппликациялық, 4.тері ішілік.
Провокациялық тесттер: 1.коньюктивальді, 2.назальды, 3.ингаляциялық, 4.тіл асты провокациялық тесттер. Сонымен қатар лейкопениялық және тромбоцитопениялық тесттер тағамдық және дәрілік аллергияның диагностикасында қолданылады.
Элиминациялық тесттер: тағамдық күнделік жүргізу. Тағамдық аллергияда өте маңызды. Мүмкін болатын аллергенді тағамнан алып тастап жаңа диетаны құрастырады.
Зертханалық әдістер: иммуноферментті әдіспен перифериялық қанда жалпы және аллергенарнайы IgE мөлшерін анықтау, радиоаллергосорбентті тест тәсілі РАСТ арқылы қандағы аллерген арнайы IgE саны анықталады, Шеллидің тура және тура емес базофильді тесті, лейкоциттердің миграциясын тежеуші реакция, нейтрофильдердің зақымдалу көрсеткіші Фрадкин бойынша, мес жасушаларының дегрануляция тесті, Кумбс тесті, принциптеуші антиденелердің анықтау тәсілдері, айналымдағы иммунды кешендердің концентрациясын анықтау.