Стационарға жатқызу көрсеткіштері:
Бронхолитикалық емнің нәтижесіздігі, 6-8 сағат ішінде тұншығу ұстамасының басылмауы, тыныс жетіспеушілігің өршуі, «мылқау өкпе» белгілері.
Алдын алу нұсқаулары және «Д» есеп:
1.Бөлмедегі шаңды жою, фильтрация жүйелерін қолдану.
2.Үй кенелеріне аллергия болған жағдайда –толығымен оларды жою.
3.Терапевтін қарауы жылына 2-3 рет, пульмонологтың, аллергологтың қарауы жылына 1 рет [26].
АСТМАЛЫҚ СТАТУС
Астмалық статус жағдайы- жедел дамыған тұншығу ұстамасы. Тұншығу –ауыр түрдегі ентігумен ауа жетпеудің қиналу сезімімен, өлім қорқынышымен жүреді,
Этиологиясы: Бұндай жағдай жоғарғы тыныс алу аурулары кезінде жедел дамиды (бөгде зат, жұтқыншақтың, трахеяның, бронхтың ісігі кезінде, бронх демікпесінің ұстамасы кезінде) және жүрек –қантамыр жүйесі аурулары кезінде (жүрек ақауы, жедел миокард инфарктісі, перикардиттер). Маңызды болып инфекциялық-аллергиялық фактор болып табылады.
Патогенезі: тыныс алу жолдарының бітелуімен қанға оттегі баруының бұзылуы. Астмалық статусты: жүрек астмасы, бронхиальды астмадан дамыған астмалық статус және аралас астмалық статус деп бөлеміз.
Науқастың ағзасында келесі патологиялық өзгерістер дамиды: бронх қызметінің дренажды бұзылысы, бронхиолдардың шырышты қабатының ісінуі және қабынуы, гиповолемия, қанның қоюлануы, гипоксия және гиперкапния, метаболикалық суб немесе декомпенсирленген ацидоз.
Бұл патология соңында дем шығарудың қиындауына дем алу кезінде сақталумен көрініп, жедел өкпе эмфиземасына әкеледі. Гипоксияның күшеюімен, альвеолалар жарылып, өкпенің механикалық зақымдалуы нәтижесінде пневматоракске әкеледі.
Клиникасы:
Астмалық жағдайдың нақты диагностикалық белгілері жедел тыныс жетіспеушілігінің күшеюі, өкпелік жүрек және мылқау өкпе симптомдары және стандартты емнен нәтиженің болмауы.
Астмалық статусты 3 дәрежеге бөлеміз:
1 сатысы: Науқастың жағдайы салыстырмалы түрде компенсирленген. Есі анық, көбінесе қорқыныш сезімі болады. Науқастың отырғаны мәжбүрлі жағдайда. Айқын акроцианоз, ентігу (ТЖ 26—40 минутына.).Тыныс шығаруы қиындаған, қақырықсыз қиналған жөтел. Аускультацияда өкпенің барлық алаңында тыныс естіледі, көп мөлшерде құрғақ, ысқырықты сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, кейде өкпенің жедел дамыған эмфиземасының және көптеген сырылдардың әсерінен жүрек тондарын есту қиынға соғады, тахикардия, артериальды гипертензия байқалады. Жедел тыныс жетіспеушік және жедел жүрек жетіспеушілік ұлғая береді; қанның рН қалыпты немесе аздаған субкомпенсирленген метаболикалық ацидоз. Артериальды қанда оттегінің парциальды күш түсуі 70 мм с.б., раСО жақындайды, 30—35 мм. с.б.б. дейін төмендейді, себебі, компенсаторлы алколоздың түзілуімен. Біріншілік жалпы дегидратация белгілері пайда бола бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |