Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43



бет28/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42
Байланысты:
Оқу әдістемелік құралы

Медикаментозды емес ем:

  • Себепші аллергендерді жою, арнайы емес қоздырғыштар (темекі шегу, жұмыс жағдайындағы қауіпті факторлар, поллютанттар, өткір иістер және т.б.).

Медикаментозды ем:
Ұстаманы басу: жедел әсерлі ингаляциялық β2-агонисттері
(сальбутамол, фенотерол); ұзақ әсерлі β2-агонистері (сальметерол, формотерол); ингаляциялық холинолитиктер (ипратропия бромид); комбинирленген дәрілік заттар: холинолитиктермен β2-агонистер; қысқа әсерлі метилксантиндер (аминофиллин); жүйелі ГКС (преднизолон, дексаметазон).
Базисті ем:
I дәрежеде – ауруды бақылау мақсатында күнделікті препарат ішу қажет емес. Қысқа әсерлі бронходилятаторларды тәулігіне 1-2 рет тағайындау ұсынылады.
II дәрежеде - Ингаляциялық ГКС: беклометазон дипропионат 200-500 мкг в 1-2 қабылдау, флутиказон пропионат 120 дозада (100-200 мкг тәулігіне 2 рет), будесонид 100-250 мкг/тәулігіне. Альтернативті ем: пролонгирленген препарат теофиллин (теотард, теопэк 200-400 мг/тәулігіне), кромондарды (кромоглиций қышқылымен ингаляция 10 мг тәулігіне 4 рет немесе интал 5 мг/доза), блокаторов лейкотриен рецепторларының блокаторы (зафирлукаст 20 мг 2 рет күніне). Қысқа әсерлі бронходилататорлар (сальбутамол, фенотерол) қажет болған жағдайда тәулігіне 3-4 реттен көп емес.
III дәрежеде - Ингаляциялық ГКС: беклометазон дипропионат (800-1600 мкг в 3-4 рет) флутиказон пропионат 120 доз (400-1000 мкг тәулігіне 3-4 рет), будесонид 800-1600 мкг/тәул. немесе ұзақ әсерлі адренорецептор-В2 агонистерімен бірге (сальметерол 50 мкг күніне 2 рет немесе формотерол 12 мкг күніне 2 рет), фенотерол және ипротропия бромидінің комбинациясы немесе пролонгирленген теофиллин препараты.
Қысқа әсерлі бронходилятаторлар (сальбутамол, фенотерол) қажет болған жағдайда, тәулігіне 3-4 рет. Альтернативті ем: пролонгирленген препарат теофиллин (200-700 мг/тәулігіне), кромондар (кромоглиций қышқылымен ингаляция 20 мг 4-8 рет тәулігіне немесе интал 5 мг/доза), лейкотриен рецепторының блокаторы (зафирлукаст 20 мг 2 рет күніне).
IV дәреже – Ингаляциялық ГКС: беклометазон дипропионат 100 мкг - 10 доз (1000 мкг) тәулігіне, флутиказон пропионат 100-200 мкг тәулігіне 3-4 рет, будесонид 800 мкг/тәулігіне, немесе ұзақ әсерлі ингаляциялық b2-агонист (сальметерол, формотерол), фенотерол және ипротропия бромидінің комбинациясы және пролонгирленген теофиллин препараты, антилейкотриенді препарат, пероральды ұзақ әсерлі В-2 агонист, пероральды ГКС. Іріңді қақырық, қанда жоғары лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауында антибактериальды терапия курсы жүргізіледі. Жабысқақ қақырық болған жағдайда муколитиктер (амброксол, карбоцистеин, ацетилцистеин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет