Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43



бет31/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
Инфузиялық терапия
Регидратациялық терапия. Оның мақсаты- айналымдағы қан мөлшерінің жетіспеушілігін толтыру, гемодинамиканы қалыпқа келтіру, трахеобронхты тармақтың санациясын жақсартып, бронхтың бітелуін азайту (қақырықты жібіту т.б.). Инфузиялық терапия жүргізу мақсатында орталық көктамырлардың біреуіне катетеризация қою қажет. Астмалық статус кезінде плевраның зақымдалуынан пневмоторакс қаупі болғандықтан, катетерді сан немесе сыртқы мойындырық венаға қойған дұрыс.
Регидратация мақсатында: 5% глюкоза ерітіндісі, реополиглюкин, белок препараттарымен қосылған гемодез. 1 ші тәуліктегі енгізілетін сұйықтық мөлшері 3-4 л (тамақ сусынмен қосқанда). Ерітінділерді гепариндеу 2,5-5 мың. ЕД 500 мл-ге есебінен. Астмалық статус кезінде 0,9% натрий хлорид ерітіндісін беруге болмайды, себебі ол бронхтардың шырышты қабатының ісінуін күшейтеді. Астмалық статустың 2-3 сатысында немесе астмалық статустың 1 дәрежесіне лабораторлы дәлелденген декомпенсирленген метаболикалық ацидоз болған жағдайда натрий бикарбонаты тағайындалады. Орталық көктамыр қысымның өзгеруімен және диурездің сағ/80 мл. (зәр айдағыш препаратты қолданбағанда) болуы инфузионды емнің нәтижелігін көрсетеді.
Адренорецепторлардың стимуляторы
Бұл препараттар-бронхтарды босатып, кеңеюіне әкеледі, мукокинетикалық әсері бар, қақырықтың жабысқақтығын азайтады, шырышты қабаттың ісінуін төмендетеді және диафрагманың жиырылуын үлкейтеді. Қысқа әсерлі препараттар қолданылады, селективті бета 2-агонистен бастаған дұрыс, себебі селективті емес адренорецепторлардың стимуляторлары тахикардия шақырады, миокардтың оттегіге қажеттілігін күшейтеді, аластау фракциясын көбейтеді. Небулайзер арқылы сальбутамол ерітіндісімен ингаляция тағайындалады. 1 сағат ішінде әрбір 20 минут сайын ингаляция. Дозаланған аэрозоль және порошок түріндегі ингаляторлармен (турбухалер, дискхалер, циклохалер және т.б.). салыстырғанда небулайзер арқылы жасалған ингаляцияда ағзаға препарат жоғарғы дозада жетеді. Бета2-адреномиметиктарды холинолитиктармен бірге қосып берген дұрыс, сальбутамол мен бромид ипратропиясын (атровент) бірге.
Сальбутамол (вентолин) - бета2-адренорецепторлардың селективті агонисті. Әсер етуі 4-5 минут ішінде максимальды 40-60 минутта. Әсер етуі ұзақтығы 4-5 сағат.
Небулайзер көмегімен 1-2 рет (2,5-5 мг сальбутамол сульфаты + 0,9% NaCl 2,5 мл) езілмеген түрінде небулайзерге салып қоспамен дем алады. Препаратты дозаланған аэрозольды ингалятор түрінде де қолдануға (2,5 мг - 1 рет тыныс алу).
Беротек бета 2-адренорецептордың селективті агонисті. 3-4 минут ішінде әсер етіп 45 минутта әсері толығымен болады. Әсер ету ұзақтығы 5-6 сағат.
Небулайзер көмегіменде қолдануға болады (0,5-1,5 мл фенотерол ерітіндісін физиологиялық ерітіндіндіде 5-10минут ішінде ингаляция әрбір 20 минут сайын сол дозада) немесе дозаланған түрдегі аэрозольды ингалятор (100 мкг - 1-2 тыныс алу).
Атровент (ипратропиумабромид) – антихолинергиялық зат. Көбінесе бета-2 агонистермен емдегенде ем нәтижесіз болғанда немесе олармен бірге бронхолитикалық әсерді күшейту мақсатында қолданылады.
Препаратты небулайзер арқылы 0,25-0,5 мг немесе дозаланған аэрозольды ингалятор және спейсер арқылы 40 мкг дозада тағайындайды.
Адреномиметиктерге серпілістің болмауы симпатомиметиктер -бета-адренергиялық рецепторлардың бұзылыс серпілісін дамытып, олардың қолданылуының тиімсіздігіне әкеледі. Астмалық статус кезінде адренергиялық стимуляторларды қолдану рикошет синдромының дамуына әкелуі мүмкін- себебі қанда адреностимуляторлардың метоболизм өнімдерінің жинақталуы әсерінен жағдайы нашарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет