Медикаментозды ем:
Қан-тамырды тарылтатын ем: айқын гипотонияның, тыныс алу, қан тамыр жүйесінің жетіспеушілігі неғұрлым қысқа кезеңді болса соншалықты қолайлы болжам болады;
• адреналин гидрохлорид ерітіндісі 0,1% (таңдаулы препарат болып табылады);
• эпинефрин ерітіндісі 0,1%:
бұлшықетке санның алдыңғы-латеральды ортаңғы беткейіне, 0,3-0,5 мл (0,01 мл/кг салмаққа, максималды – 0,5 мл) (В), қажет болған жағдайда эпинефринді қайталап енгізу 5-15 минуттан кейін; жүргізілген емнің нәтижесі болмағанда: көктамырға ағызып, бөліп 5-10 минут ішінде: 1 мл 0,1% ерітіндіні 10 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісінде); және/немесе көктамырға тамшылатып, енгізудің бастапқы жылдамдығы 30-100 мл/сағатына (5-15 мкг/мин), клиникалық жағдайына байланысты немесе эпинефриннің жағымсыз әсеріне байланысты дозаны титрлейміз: 0,1% - 1 мл-ді 100 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісінде. перифериялық көктамырға түсе алмаған жағдайда: интубациялық түтік арқылы эндотрахеальды; сан көктамырына немесе басқада орталық көктамырға енгізу. Прессорлық аминдерді АҚҚ жоғарлату мақсатында (көктамырға тамшылатып):
• норэпинефрин, 2-4 мг (1-2 мл 0,2% ерітіндісін), 500 мл 5% глюкоза ерітіндісінде араластырып немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде, 4-8 мкг/мин. жылдамдықта АҚҚ қалыптасқанға дейін.
• Допамин (көктамырға тамшылатып): 400 мг. 500 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде бастапқы енгізу жылдамдығы 2-20 мкг/кг/минутына, систолалық қысым 90 мм.с.б.б. жоғары болу үшін дозасын титрлейміз; анафилаксияның ауыр ағымында дозаны 50 мкг/кг/мин. жоғарлатады. Тәуліктік доза 400-800 мг (максимальды доза - 1500 мг). Гемодинамикалық көрсеткіштер қалыптасқаннан кейін дозаны біртіндеп төмендетеді. Прессорлық аминдердің енгізілу дозасы гемодинамикалық көрсеткіштерге қарай анықталады. Адреномиметиктерді толығымен АҚҚ қалыптасқаннан кейін ғана тоқтатамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |