Лайелла синдромы. Өте ауыр түрде, жедел дамитын, өмірге қауіп әкелетін аллергиялық серпіліс. Терінің және шырышты қабаттардың булезды зақымдалуымен, эпидермальды некролизбен асқынады. Терінің зақымдалу көлемі 80–90 % құрайды (4 суретте көрсетілген). Ауыр түрдегі интоксикация және барлық мүше және жүйелердің зақымдалуымен жүреді. Көбінесе вирусты, кейде бактериялық инфекциялар кезінде қабылданатын дәрілік препараттардан кейін дамиды.
4 сурет Токсикалық эпидермальды некролиз
Есекжем және Квинке ісінуі.
Дәрілік бөртпелер. Дәрілерге серпілістер ретінде терінің әртүрлі зақымданулары көрінеді: қарапайым қышу, эритематозды бөртпе, макуло-папулезді, скарлатина тәрізді және экзематозды бөртпелер. Жиі бұндай жағдайларда «медикаментозды дерматит» термині қолданады. Бөртпелер препаратты қабылдап бастағаннан кейін көрінеді, жиі 7-8-ші күні, бұл аллергиялық көріністерге тән. Бөртпелердің пайда болуына себепкер болатын өте көптеген препараттар сипатталған. Олардың ішінде жиі кездесетіндері- сульфаниламидтер және олардың триметаприммен комбинациясы, пенициллиндер, эритромицин, гентамицин, барбитурат, бензодиазепиндер, сынаптық диуретиктер, алтын тұздары. Көптеген жағдайда терідегі бөртпелер препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін 3-4 күннен кейін қайтады. Кейде бөртпе препаратты алып тастағанына қарамастан эксфолиативті дерматит деңгейіне дейін байқалады.
Дәрілік жанасулық дерматит: серпілістің бұл түрі жиі мазьдармен, кремдермен аэрозольмен және йонофорезбен жергілікті емдеуде және косметикалық кремдер мен лосьондардың құрамындағы консерванттармен стабилизаторларға дамиды. Жиі дәрілік жанасулық дерматит фармацевтикалық кәсіпорын жұмысшылары мен медициналық жұмысшылардың профессионалдық қатынасында дамиды. Серпіліс баяу типті жасушалық механизммен 12-24-48-72 сағат ішінде дамиды.
Фотодерматиттер. Дәрілер фототоксикалық сияқты фотоаллергиялық дерматиттерді шақыруы мүмкін. Біріншісі - қысқа толқынды ультракүлгін сәулені емнің басында пайдаланғанда дамиды. Екіншісі – шыныдан өтетін сәулесімен қатынас кезінде сенсибилизация кезеңінен кейін дамиды. Күн сәулесі, ультракүлгін сәулелердің терінің ашық жерлеріне тигенде дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |