Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43


ЖЕДЕЛ ТОКСИКАЛЫҚ-АЛЛЕРГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІСТЕР



бет36/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42
ЖЕДЕЛ ТОКСИКАЛЫҚ-АЛЛЕРГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІСТЕР
Негізінде иммунды және иммунды емес механизммен жүретін дәрілік заттарды қабылдау нәтижесінде туындайтын жедел серпіліс. Әртүрлі дәрежедегі тері, шырышты қабаттар және ішкі мүшелердің зақымдалуымен сипатталады. Зақымданулар әртүрлі болады: папулезді – везикулезды, эритемотозды, буллалар, эритродермия.
ЖТАС дамуында аллергиялық серпілістің 4 механизмі де қатысады. Соңғы жылдары дәрілік заттарға Т-жасушалардың тікелей қатысуы анықталған.
Клиникалық ағымы.
Терінің зақымдалуы: жеңіл дәрежесітаралған эритема, папулезді – эритематозды бөртпе. Орташа дәрежеде – таралған мульти-формалы эритема, везикулезді папулезді бөртпе, бірең-сараң буллалар. Ауыр дәрежеде везикулезді зақымдалуы басым таралған көпформалы эритема, 10% дейін эпидермальді некролиз өте ауыр дәрежеде – серозды – геморрагиялық және іріңді құрамы бар көптеген біріккен буллалар, эпидермальді некролиз >10%, Никольский симптомы оң.
Шырышты қабаттың зақымдалуы: жеңіл дәрежесінде байқалмайды. Орташа дәрежеде – шырыштың беткей эрозиясы <30% ауыр дәрежеде – барлық шырыштардың эрозиялық зақымдалуы >30% асқазан ішек жолынан, қуықтан қан кетулер болуы мүмкін. Өте ауыр дәрежесінде – шырыштардың жаралы – некротикалық зақымданулары >30%, асқазан – ішек жолынан, қуықтан қан кетулер болу мүмкін.
Зәр шығару жүйесінің зақымдалуы: жеңіл дәрежесінде– байқалмайды. Орташа дәрежесінде – протеинурия, гематурия (аз уақытқа). Ауыр дәрежесінде– протеинурия, гематурия, цилиндрурия, лейкоцитурия, т.б. және әртүрлі дәрежедегі бүйрек жетіспеушілігі.
Өте ауыр: протеинурия, гематурия, цилиндрурия, лейкоцитурия, т.б. Әртүрлі дәрежедегі бүйрек жетіспеушілігі.
Жүрек – қантамыр жүйесінің зақымдалуы: жеңіл және орташа түрінде байқалмайды. Ауыр дәрежесінде – гемодинамиканың айқын емес бұзылыстары. Өте ауыр дәрежесінде – гемодинамиканың айқын бұзылыстары, шок жағдайына дейін.
Бауыр және ұйқы безінің зақымдалуы: жеңіл дәрежесінде байқалмайды. Орташа дәрежесінде– трансаминаза деңгейінің ақуыз, билирубин, СРБ, холестерин қысқа мерзімді көтерілуі. Ауыр дәрежесінде – трансаминаза деңгейінің айқын өзгерістері. Өте ауыр дәрежесінде– трансаминоза, ақуыз, билирубин, СРБ, холестерин, фибриноген, т.б. деңгейлерінің айқын өзгерістері.
ОЖЖ зақымдалуы: ауыр және өте ауыр дәрежесі – интоксикациялық бұзылыстарының клиникасы.
Қызба: жеңіл – 37-38оС, орташа ауыр – 38-39 оС, ауыр дәрежеде - 39 оС, өте ауыр >39 оС, гипертермия болуы мүмкін.
Салыстырмалы диагностика: желшешек, менингококцемия, токсикалық-бактериялық шок, тері және шырышты қабаттардың генерализденген гипертермиялық бөртпелері, эксфолиативті дерматит, жүйелі аурулар (ЖҚЖ, түйінді эритема, Бехчет ауруы), буллезды пемфигоид, қатерлі көпіршіктер, генерализденген стафилококкты- стрептодермия, Дюрингтің герпетикалық дерматиті.
Емі: 1 және 2 ауырлық дәрежесіндегі серпілістерде – терапевтік немесе дермотовенерологиялық бөлімге жатқызылады, 3 және 4 ауырлық дәрежеде –интенсивті терапия бөліміне жатқызады.

  1. Арнайы емес гипоаллергендік диета, 3-4 ауырлық дәрежесіндегі серпіліс болса – жеңілдетілген тағам немесе парентеральді тамақтандыру.

  2. Глюкокортикостероидты ем.

  3. ЖТАС бар науқастарға ағзадан себепті аллерген – дәрілік препаратты шығаруға және дезинтоксикацияға бағытталған интенсивті трансфузиялық ем тағайындалады, міндетті түрде орталық гемодинамика, диурез, және қышқылдық сілтілік тепе-теңдікті бақылап отыру қажет.

Еңгізіледі:

  • электролиттер ерітінділері;

  • плазма алмастырушы ерітінділер;

  • тұзды ерітінділер.

  1. Алмастырушы терапия – қан препараттары:

  • альбумин

  • нативті плазма

  • иммуноглобулиндер /сандоглобулин, пентоглобулин, октагам т.б./

  1. Симптоматикалық терапия:

  • антигистаминді дәрілер

  • антикоагулянттар

  • дезагреганттар

  • диуретиктер

  • вазопрессорлы аминдер (гемодинамика бұзылған болса)

  • анальгетикалық препараттар (қатаң түрде көрсеткіштер бойынша)

  • протеаза инбиторлары

  • жүрек гликозидтері

  • седативті заттар

  1. Детоксикацияның қосымша әдістерін – тұрақты гемодинамика және адекватты орынбасу терапияны жүргізу мүмкіндігінде пайдалануға болады:

  • емдік плазмоферез

  • гемосорбция

  • гемодиализ

  1. Антибактериалды терапия - әсері кең спектрлі антибиотиктер фармакологиялық анамнезді ескере отырып, қоздырғыштарға себінді жасаудан кейін (пеницилин қатарлы және оның туындылары мүлдем қолдануға болмайды), қажет болған жағдайда басқа антимикробты және саңырауқұлақтарға қарсы препараттарды қолдану.

  2. Дисбактериозды коррекциялау (ферментті препараттармен эубиотиктерді сәйкестендіру)

  3. Қажет болған жағдайда - өкпенің жасанды вентиляциясы, емдік бронхоскопия [20].

АНАФИЛАКСИЯЛЫҚ ШОК


Анафилактикалық шок - ағзаға аллергендер енгенде жедел түрдегі аллергиялық серпіліс тудыратын, қанайналым, тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарымен сипатталатын, жедел дамитын, өмірге қауіпті патологиялық серпіліс [5,8].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет