Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43



бет38/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Оқу әдістемелік құралы

Ағымдары бойынша:
Жедел қатерсіз ағымында: интенсивті емнен кейін шоктың клиникасы басылады.
Жедел қатерлі ағымында: жедел басталып АҚ бірден төмендеуі (диастолалық— 0 мм.с.б.б. дейін), есінің бұзылыстары, тыныс жетіспеушілігі, бронхоспазм, интенсивті ем барысындада өкпе ісінуі, АҚ тұрақты төмендеуі және терең коматозды жағдай, қанда метаболикалық ацидоз, ауыр гипоксемия, тіндер мен мүшелерде екіншілік қайтымсыз өзгерістермен летальды жағдайға әкеледі.
Созылған ағымында: шокка қарсы интенсивті ем уақытша немесе жартылай нәтиже береді, келесіде клиникалық симтоматикасы жедел болмайды, бірақ терапиялық шараларға резистенттілігімен ерекшеленеді.
Рецидивті ағымында: клиникалық жағдайы жақсарған соң бірнеше сағат немесе тəуліктен кейін қайта шоктың пайда болуымен сипатталады. Кейде қайта дамыған шок алдыңғысына қарағанда ауыр өтеді жəне емге тұрақты болады.

Абортивті ағымында: шоктың асфиксиялық варианты, науқастарда клиникалық симптомдар тез жойылады, көбінесе дəрілік препараттарды қабылдауды қажет етпейді.


Шоктың ауырлық дәрежесі бойынша:
I дəрежесі:

  1. • гемодинамиканың аздаған бұзылысы (систолалық және диастолалық артериальды қан қысымы қалыпты қан қысымынан 20-40 мм.с.б.б.төмендеуі);

  2. • аурудың басталуы (бөртпелер, тамағында жыбырлау және т.б);

  3. • есі сақталған;

  4. • жүрек қызметі сақталған;

  5. • шокка қарсы ем нәтижелі;

  6. • ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағаттарға созылады.

II дәрежесі:

  1. • систолалық артериялық қан қысымы 90-60 мм.с.б.б., диастолалық артериялық қан қысымы 40 мм.с.б.б. дейін;

  2. • есі сақталған;

  3. • ентігу;

  4. • асфиксия (жұтқыншақтың ісінуінің нәтижесінде);

  5. тахикардия, тахиаритмия;

• шокка қарсы ем нәтижелі.
III дәрежесі:

  1. • систолалық артериалды қан қысымы 60-40 мм.с.б.б., диастолалық артериалды қан қысымы 0 мм.с.б.б. дейін;

• цианоз;

  1. • біртіндеп есінен тану;

  2. құрысу синдромы;

  3. • пульс дұрыс емес, жіп тәрізді;

  4. • шокка қарсы ем аз нәтижелі.

IV дәрежесі:

  1. • клиникасы күрт дамиды;

  2. бірден есін жоғалтады;

  3. • АҚҚ анықталмайды;

  4. • шокка қарсы ем нәтижесіз;

  5. • летальды жағдай 5-40 минутта дамиды.

Кейіннен дамитын асқынулар болуы мүмкін:

  1. демиелинизирлеуші процесс;

  2. • аллергиялық миокардит;

  3. • гепатит;

  4. • неврит.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет