Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43



бет35/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42
Байланысты:
Оқу әдістемелік құралы

Аллергиялық васкулиттер –тамыр қабырғаларының аллергиялық серпілістен кейін қабынуы, ауыр түрде жүретін серпіліс. Жеңіл түрінде тек тері зақымдалады. Бөртпелер көбінесе аяқ жақтарда көрініс береді және эритематозды, макулопапулезді және пурпура түрінде болуы мүмкін. Кейде элемент бөлігі уртикарлы сипатта болады. Кейде пурпура буллезді және некротикалық формаға ие болады.
Жүйелі васкулитте қызба, әлсіздік, миалгия, артрит, демікпе, бас ауруы, нефриттер болады. Ішек және бүйрек зақымдалу симптомы кездеседі. Гистологиялық анықтауда ұсақ қан тамырларының фибриноидты некрозымен қоса эндотелидің ісінуі, геморрагиялар, лейкоцитарлы инфильтрат байқалады. Тамыр қабырғаларында иммуноглобулин мен комплементтің компоненттері анықталады, бұл иммунды кешенді көрсетеді. ЭТЖ жоғарлайды, эозинофилия тұрақты емес.
Аллергиялық васкулитке әкелетін серпілістер: 
1.Инфекциялық: 
а.бактериялық (ẞ - гемолитикалық стрептококк А тобынан, туберкулезді микобактерия, алтын стафилококк, лепра); 
б.вирусты (грипп, герпес, гепатиттер А, В және С); 
в.саңырауқұлақтық аурулар (кандидоз). 
2.Дәрілік препаратты қолданғанда: 
а. антибактериальды препараттар (пенициллиндер, сульфаниламидтер, стрептомицин); 
б.инсулин қабылдағанда; 
в.витаминдер; 
г.оральды контрацепция қолданғанда; 
д.стрептокиназа және т.б. 
3.Тағамдардан аллергеннің әсер етуі – сүт тағамдарының белоктары, глютен. 
4.Химиялық қосылыстардың әсері – мұнай, тұрмыстық химия және т.б.
5. Инсектті (жәндіктер) аллергия.
Дәрілік аллергияның диагностикасы кезінде келесі зандылықтарды ескеру керек:
1.Аллергиялық серпіліс пайда болады, егер науқас тек осы дәрімен сенсибилизацияланған болса немесе онымен қилысты антиген болса. Егер науқас сәйкес препараттарды қабылдаған болса. Егер осы препаратпен ең 1-ші рет жүрсе, онда серпіліс бірнеше күннен кейін дамиды. Дұрысырақ айтсақ кейде сенсибилизацияның дамығанын науқас білмей қалуыда мүмкін.
2.Аллергиялық серпіліс препарат дозасына байланысты емес және терапиялық дозадан төмен дозада пайда болады, тіпті дұрыс жуылмаған шприцте препараттың минимальді мөлшері болғанда да дамиды.
3.«Кінәлі» препаратқа тиым салу қажет. Анамнезді дұрыс толық түрде жинау қажет:
1.Жақын туған-туысқандарында аллергиялық аурулардың барын анықтау.
2.Фармацевтикалық зауыттарда, зертханаларда, дәріханаларда, медициналық және ветеринарлық емдеу мекемелерінде дәрілермен қарым-қатынаста жұмыс істесе, сенсибилизацияның себебі болып табылады.
3.Синтетикалық емес антибиотиктерге сенсибилизация тері мен тырнақтың саңырауқұлақты ауруларының салдарынан болуы мүмкін. Ондай науқастарда бірінші пеницилин инъекциясына аллергиялық серпіліс болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет