Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43



бет37/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Оқу әдістемелік құралы

Жедел медициналық көмек

Кезеңдік ем мақсаты: ағзаға аллерген түсуін тоқтату жəне барлық өмірге маңызды жүйелер мен мүшелер қызметін қалпына келтіру.

Анафилаксиялық шоктың жіктелуі.


Клиникалық ағымы бойынша [11]:

  1. • типтік;

  2. • гемодинамикалық (коллаптоидты);

  3. • асфиксиялық;

  4. • церебральды;

  5. • абдоминальды.

Ағымы бойынша:

  1. • жедел қауіпсіз;

  2. жедел қауіпті;

  3. • созылған;

  4. • рецидивті;

  5. • абортивті.

Ауырлық дәрежесі бойынша [12]:

  1. • I дәреже;

  2. II дәреже;

  3. • III дәреже;

  4. • IV дәреже.

  5. Клиникасы бойынша:

  6. Типтік түрінде жедел басталады кеудеде қысқан тəрізді ауа жетіспеу сезімі (қорқыныш сезімі, өлімнен қорқу, қышымамен күйдіргендей сезім), қозушылық және алаңдаушылық сезімі, бірден айқын әлсіздік, басының айналуы, сана-есінің бұзылыстары, миға, бетке, тілге қан құйылғандай сезім; бет, қол, бас терісінде шаншып-сұққылағандай сезім, бастың ауырсынуы, тыныс алудың қиындауы, бірден жөтел, жүрек аймағындағы ауыру сезімі немесе жүректің қағуы, төс артындағы батып ауырсыну, жүрегінің айнуы, құсу, іш қуысындағы ауырсынулар.

  1. Гемодинамикалық түрінде: (коллаптоидты) айқын гипотония және вегето-тамырлық өзгерістер жүрек тұсындағы ауырсынулар.

  2. Асфиксиялық түрінде: жөтел, дауысының қарлығуы, тұншығу.

Церебралды түрінде: қозғыштықпен, эйфория, гиперрефлексиямен, гиперэстезиямен, қарашықтың кеңеюімен жүреді. Зардап шегуші есі анық, қозғыш мазасыз, кез келген жағдайға серпілісі бар, «өлімнен қорқу» сезімімен жүреді.


Абдоминальды түрінде: бірінші орынға «жедел іш» симптомы: іштің барлық аймағында немесе құрсақ үсті аймақта ауыру сезімі, құсу, үлкен дəретке шақырулар, жиі диагностикалық қателіктермен өтеді. Осы вариантында жиі операция жасалынады.
Жедел қатерлі шок ағымында шағымдар болмайды. Науқастың бірден есінен тануы, жүректің тоқтауы, клиникалық өлім болады [18].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет