Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43


Зертханалық-инструменталды зерттеулер



бет39/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Оқу әдістемелік құралы

Зертханалық-инструменталды зерттеулер:

  1. • ЖҚА;

  2. • ЖЗА;

  3. • қышқыл-сілтілі жағдайды анықтау (рН, pСО2, рО2);

  4. • Қанның биохимиялық анализі (билирубин, АЛТ, АСТ, креатинин, мочевина, қант, калий, натрий);

  5. • коагулограмма;

электрокардиограмма

  1. • АҚҚ мониторинг, ЖСЖ, SaO2, тәуліктік диурез.

• кеуде қуысының рентгені;
• іш құрылысымен жамбас қуысының УДЗ;
• Ig E қан сарысуынан анықтау[19].
Медикаментозды емес ем:

  1. • Аллергеннің ағзаға түсуін тоқтату (енгізілген дәрілік затты тоқтату, жәндіктің уын алып тастау және т.б.).

  2. • Науқастың аяғын көтеріп, жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін жақсартуды қамтамасыз етіп оттегіге жағдай жасаймыз.

  3. • Мүмкін болған жағдайда дәрі енгізген немесе жәндік шаққан жерден жерден жоғары жгут қоямыз.

  4. • Науқастың таза ауамен демалуын қамтамасыз етеміз немесе оттегімен ингаляция (көрсеткіш бойынша). Спонтанды тыныстың сақталуында және естің болмауында оттегіні маска арқылы, мұрын катетері немесе ауа өткізетін түтікше арқылы беріледі.

  5. • Көктамырға қатынасты сақтау немесе қамтамасыз ету.

  6. • АҚҚ, пульсті, тыныс жиілігін мониторға алу. Мониторға қосуға мүмкіндік болмағанда, әрбір 2-5 минут сайын қолмен өлшеп, оксигенация деңгейін бақылау.

  7. • Міндетті түрде анафилаксиялық шок кезінде көрсетілген жедел жәрдемді жазбаша түрде жазу.

  8. • Жүрек-өкпелік реанимация жүргізуге дайын болу қажет. Тыныс алу және қанайналым жүйесі тоқтаған жағдайда жүрекке сырттан массаж, Сафара әдісі (арқасымен жатқан науқастың мойнын артқа жазып, астыңғы жағын алдыға тартып, аузын ашады) және өкпені жасанды дем алдыру.

  9. • Үлкендердің кеуде қуысының компрессиясы (тура емес жүрекке массаж) минутына 100 рет, тереңдігі 1/3 кеуде қуысының қалыңдығында; балаларға – минутына 100 рет тереңдігі 4-5 см (нәрестелерге 4 см). Кеуде қуысының компрессиясымен тыныс алудың ара қатынасы – 2:30.

  10. • Тыныс жолдарының өткізгіштігінің бұзылысы, көмей жұтқыншақ ісінуі кезінде кеңірдекке интубация жасау қажет. Интубация жасауға мүмкіндік болмаған немесе қиындық туғызған жағдайларда коникотомия жасау қажет. (қалқанша және сақина тәрізді шеміршектердің арасындағы мембрананы жедел кесу қажет).Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтірген соң таза оттегімен демалдыруды қамтамасыз ету қажет. Науқастың өкпесін жасанды демалдыруға көшіруге көрсеткіштер: жұтқыншақ және кеңірдектің ісінуі, емге көнбейтін гипотония, есінің бұзылыстары, тыныс жетіспеушілігіне әкелген тұрақты бронхоспазм, емге басылмаған өкпе ісінуі кезінде.

  11. • Реанимациялық бригада немесе жедел жәрдем көмегін жылдам шақыру (егер науқасқа медициналық мекемеден басқа жерде көмек көрсетіліп жатқан болса). Науқасты реанимациялық бөлімге жеткізу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет