Оқу іс – тәжірибе жұмыс жоспар-кестесі



бет12/13
Дата02.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#97852
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Практика 1

Химия кабинеті – химия сабақтарын өткізуге, пән бойынша сыныптан тыс жұмыстарды дайындауға, өткізуге, сонымен қатар оқу бағдарламасына және тәрбие жұмысы бойынша мектеп жоспарына сәйкес химиядан сабақ және әртүрлі зертханалық жұмыстарды өткізуге арналған орын.
Біз оқу іс – тәжірибеден өткен химия кабинеті 2 қабатта , нөмері 204 - кабинетте орналасқан. Ережеге сәйкес химия кабинеті 2 бөлмеден тұрады .
1)Сабақ және басқа да іс – шаралар өткізуге арналған сынып бөлмесі;
2)Лаборанттар бөлмесі - химиялық ыдыстар, реактивтер, оқу құралдары, дидактикалық материалдар сақталатын бөлме;
Химиялық сынып бөлмесінде 2 орынды оқушыларға арналған санитарлы – гигиеналық талаптарға және қауіпсіздік ережелеріне сай өткізілетін зертханалық тәжірибелер мен практикалық сабақтар өткізуге мүмкіндік беретін парталармен қамтамасыз етілген . Мұғалім партасымен , тартқыш шкафпен , сынып тақтасымен сәйкестендірілген демонстрациялық стол , қозғалмалы электронды тақта да орналасқан . Мектептегі химия кабинеті су құбырымен , электроэнергиямен , оқу – әдістемелік әдебиеттер және кестелерді сақтауға арналған сөрелермен , өрт сөндіру құралдарымен және алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге арналған заттармен толық қамтамасыздандырылған.Сынып бөлмесін де оқушыға қажет «Қауіпсіздік ережесі » , «Периодттық кесте », «Ерігіштік кестесі » т.б. химия пәні қатысты маңызды ақпараттар көрсетілген.
Лаборанттар бөлмесінде реактивтерді , ыдыстарды ,басқа да зерханалық заттарды сақтауға арналған сөрелер , тартқыш шкаф , ыдыс жуатын орын, өрт сөндіру құралдары , лаборант пен мұғалімге қажетті жиһаз бар . Лаборанттар бөлмесі химия кабинеті жақын тұспа – тұс орналасқан . Оның 2 есігі ережегідей : 1-коридорға , 2 - химия кабинетіне бағытталып орналасқан .
Кабинеттің оқу-әдістемелік базасы : Дидактикалық, көрнекі, тарату, анықтама материалдары жеткілікті көлемде болуы тиіс және пән бойынша бағдарламалық материалдарды орындауды қамтамасыз етілген.
Химия кабинетінде басқа пәндер бойынша сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізу мақсатында қолдануға болмайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет