Оқу және оқУ-Әдістемелік әдебиеттерді баспаға дайындау туралы ережесі


Рецензия мазмұнына қойылатын талаптар



бет7/9
Дата02.05.2023
өлшемі40,3 Kb.
#89194
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
6. Рецензия мазмұнына қойылатын талаптар
6.1 Стандартты рецензия екі бөліктен тұрады: паспорттық және бағалаушылық. Паспорттық бөлігі қолжазбаның авторы, оның атауы, сериясы және "грифі", сонымен қатар қолжазбаның баспа табақ түріндегі көлемі, формулалар, кестелер, иллюстрациялардың саны, мүмкін болатын форматы мен тиражы туралы ақпаратты қамтиды.
6.2 Кітаптың оқу процесінде қолдану мүмкіндігі туралы негізделген қорытынды жасау үшін рецензент бағалаушылық бөліктің мүмкін болатын келесі сұрақтарына жауап беруі керек:
1. Кітап қолжазбасының көлемі, құрылымы мен мазмұны оқу пәнінің мазмұнын қамтитын білімдер көлеміне сәйкес келе ме?
2. Қолжазбаның мазмұны зерделенетін пән туралы қазіргі түсініктерге сәйкес келе ме?
3. Қолжазба мәтіні студенттердің шамасына лайық па? Стилистика ережелері сақталған ба? Мәтіннің әдеби мазмұндалу деңгейі қандай? Кітап бойынша пәнді дербес зерделеу мүмкін бе?
4. Қолжазбада оқу пәнінің мазмұны қаншалықты толық, жүйелі, қисын ды және нақты мазмұндалады? Мысалдар, тапсырмалар, бақылау сұрақтары берілген бе?
5. Қолжазба толық дерлік көлемде анықтамалық мәліметтерді қамтиды ма?
6. Мәтінде анықтамалар ерекшеленген бе? Олардың тұжырымдалуы қаншалықты нақты, қисынды, дәл және стилистикалық тұрғыдан дұрыс тұжырымдалған?
7. Студенттер үшін оқу материалының мазмұндалуы дәлелді ме?
8. Мазмұндалған материалда іргелі және аралық пәндермен байланыс жүзеге асырылған ба (олар қалай және қайда көрініс табады)?
9. Өлшеу жүйелері мен бірліктері дұрыс таңдалған ба? Олардың стандарттары сақталған ба?
10. Қолжазба төлтума ғылыми, әдістемелік, практикалық немесе басқа да элементтерді қамтиды ма немесе олар дәстүрлі стильде орындалған ба? Пікірталас туындататын сұрақтар, мазмұндалған теорияларға әртүрлі көзқарастар қарастырылған ба?
11. Қолжазба қандай да бір анықтамалық-ізденушілік аппарат элемент терін (сілтемелер, анықтамалық мәліметтер, библиографиялық тізімдер) қамтиды ма?
12. Қолжазбаның әдістемелік тұрғыдан ойластырылу деңгейі мен пәнді табысты меңгеру үшін педагогикалық тәсілдердің толықтығын бағалаңыз.
13. Қолжазбада игерілетін пән аясында еңбек еткен негізгі мамандар туралы биографиялық материал, сонымен қатар пәннің даму эволюциясы, мен тарихи шолу ұсынылған ба?
14. Қолжазбада мұнан бұрын шығарылған әдебиеттердің авторларына байланысты әдептілік сақталып, алынған материалдарға сілтеме берілген бе?
15. Авторға қолжазбаны жетілдіру, толықтыру және кемшіліктерін жөндеу бойынша ұсыныстар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет