Оқу және оқУ-Әдістемелік әдебиеттерді баспаға дайындау туралы ережесі



бет2/9
Дата02.05.2023
өлшемі40,3 Kb.
#89194
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
4 Терминдер мен анықтамалар
Оқу әдебиеті - оқыту, тәрбие және дамытудың мақсаты мен міндет теріне жауап беретін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің жиынтығы.
Оқулық - нақты пән бойынша негізгі кітап. Онда білім алушылардың игеруі үшін міндетті негізгі білімдер жиынтығы баяндалады. Оқулық мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (мұнан әрі - МЖМБС) талаптарына жауап беріп, нақты пәннің үлгі-бағдарламасын толығымен ашуы қажет. Оқулықтың атауы МЖМБС пәнінің атауына сәйкес болуы керек. Оқулық өзінің мазмұны бойынша оқу пәнінің бағдар- ламасын толық көлемде сипаттайды. Оқулықта оқу пәнінің ұғымдары мен аспаптарын өз еркінше түсіндіруге болмайды.
Оқу құралы - ОӘК-тің грифі беріліп, аталмыш түр ретінде ресми бекітілген, оқулықты толықтыратын немесе жартылай, толығымен алмастыратын оқу басылымы. Оқу құралы оқу пәнінің бағдарламасын, оның пәні мен әдістерін сипаттайды. Оқу құралының мазмұнында автор пәннің құрылымын өзгертіп, жекелеген мәселелер бойынша өзінің идеяларын сипаттай алады.
Жоғары оқу орнындағы мамандықтың оқу жоспарының мазмұнын сипаттамайтын оқулықтар мен оқу құралдары ескерілмейді.
Оқу-әдістемелік әдебиетке пәнді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік құралдар, дидактикалық, көрнекілік құралдар, оқу-әдістемелік әзірлемелер, пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар немесе пәнді зерделеу бойынша ұсыныстар, курстық, дипломдық, зертханалық және т.б. жазбаша жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар, оқу пәндері бойынша сұрау құралдары мен басылымдар жатады.
Оқу-әдістемелік құрал - білім беру бағдарламасы қарастыратын (әдістемелік жетекшілік, дәптерлер, сөздіктер, карталар) және оқу пәнін оқыту, зерделеу әдістемесі бойынша материалдарды қамтитын оқу материалдарын игеруді кеңейту, тереңдету және үздік игеруге арналған оқу басылымы.
Оқу көрнекілік құралы – оқытуға және тәрбиеге көмектесуге арналған материалдарды қамтитын оқу басылымдары.
Әдістемелік құралдар, дидактикалық, көрнекілік құралдар, әдетте, сәйкес оқу пәнінің тараулары немесе тақырыптары бойынша жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет