7. Оқу-әдістемелік басылымдарды дайындауға қойылатын талаптар мен ұсыныстар 7.1 Оқу - әдістемелік басылымдар - бұл пәннің белгілі бір тарауы, тақырыбы, сұрағы бойынша түсініктемелерді қамтитын әдістемелік әзірлемелер, ұсыныстар және нұсқаулар. Оларда оқытушылардың мазмұндау әдістемесі және/немесе студенттердің теориялық материалдың нақты сұрақтарын меңгеру әдістемесі, практикалық, семинарлық, зертханалық сабақтардың, курстық және дипломдық жұмыстардың (жобалардың), іс-тәжірибенің жекелеген тапсырмаларын орындау әдістемесі, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының сұрақтары көрініс табады.
Бұл басылымдардың мәтіндерінде белгілі бір оқу, зерттеушілік және әдістемелік жұмыстарды орындаудағы іс-әрекетінің сипаты ашып көрсетіледі. Қажет жағдайда оларда жекелеген формулалар, графикалар, үлгі есептеулер берілуі мүмкін.
Әдістемелік әзірлемелерде және ұсыныстарда оқулықтарда, оқу құралдарында және ғылыми басылымдарында көрініс табатындай теориялық материал мазмұндалмайды. Әдістемелік әзірлемелер түрінде әдістемелік әдебиеттердің мәртебесіне сәйкес келмейтін лекция мәтіндерін, шолуларды басып шығаруға болмайды.
Әдістемелік нұсқаулар аталмыш жоғары оқу орны оқытушыларының, қызметкерлерінің және студенттерінің практикалық іс-әрекетімен байланысты ғана шығарылады.
7.2 Студенттерге арналған жадынамалар мен оқытушылар, қызмет керлер, магистранттар, студенттерге арналған анықтамалық-нұсқаулық құрал дар анықтамалық әдістемелік басылымдар болып табылады. Олар орындау шылардың ауқымды санын талап ететін белгілі бір тапсырмаларды, нұсқауларды және т.б. орындауға қажет негізгі мәліметтердің қысқаша мазмұнын қамтиды.
Оқу-әдістемелік құжаттама ректораттың, әдістемелік кеңестің, оқу және әдістемелік бөлімдердің шешімі бойынша институт баспасынан шығарыла тын оқу бағдарламалары, "ережелері" және т.б. материалдар түрінде шығарылуы мүмкін. Мұндай түрдегі құжаттама көмекші және ұйымдастыру шылық-әдістемелік сипатқа ие болып, институттың баспасынан орталық тандырылған түрде ауқымды тиражда шығарылады.
Нақты жоғары мектеп, бөлім, кафедра іс-әрекетінің аясында талап етіліп, сондықтан көп тиражды қажет етпейтін (әдетте, оқу процесін ұйымдастыру мен қаржыландырудың қазіргі жағдайында - 100 данадан кем) оқу бағдарла малары, "ережелері" және т.б. материалдарды жоғары мектеп немесе бө лім институттың баспаханасы арқылы өздерінің бюджеттен тыс қаржының есебінен немесе көбіне ксерокөшірме арқылы шығарылуы мүмкін.
7.3 Оқу-әдістемелік әзірлемелер(әдістемелік нұсқаулар) оқу процесін (курстық, дипломдық жұмыстарды дайындау, кәсіби және диплом алды тәжірибелерді және т.б. ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар), сабақ түрлерін (семинарлық, зертханалық сабақтарды, студент тердің өзіндік жұмыстарын), студенттердің зерделенетін пәннің жекелеген тарауларын меңгеруді ұйымдастыруда көмек көрсету мақсатын көздейді.
7.4 Оқу-әдістемелік әзірлемені баспадан шығаруға ұсыну туралы мәселені қарастыру үшін автор келесі құжаттарды дайындауы қажет:
- жоғары мектептің ғылыми кеңесінің аталмыш оқу-әдістемелік әзірлемені баспадан шығаруға ұсынуы туралы оң шешімі (кафедраның қаулысымен бірге);
- рецензенттің еңбек ететін ұйымының мөрімен бекітілген сәйкес саладағы маманның, профессордың немесе доценттің рецензиясы;
- толығымен мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес оқу-әдістемелік әзірлеменің нұсқасы (қағаз және электронды тасмалдаушыларда).
7.5 Оқу-әдістемелік әзірлемені баспадан шығару үшін сәйкес ISBN алу міндетті емес.
7.6 Ұсынылатын шрифт Times New Roman, А4 форматы қағазына шығарғандағы 14 кегль, жиектері: жоғары, төмен, оң -2 см және сол жағы - 3 см; кестелердегі ұсынылатын шрифт 12 кегль.
Әдістемелік нұсқаулар үшін сыртқы рецензиялардың қажеті жоқ. Қолжазбаның немесе дайын басылымның көлемі 2 б.т.-тан кем болмауы керек.