Оқу және оқУ-Әдістемелік әдебиеттерді баспаға дайындау туралы ережесі


Әдістемелік нұсқаулар немесе ұсыныстар



бет3/9
Дата02.05.2023
өлшемі40,3 Kb.
#89194
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Болашақ жоғары колледжі УМЛ ОҚУ ЖӘНЕ ОҚУ (копия)

Әдістемелік нұсқаулар немесе ұсыныстар - курстық, дипломдық және т.б. жазбаша жұмыстарды, өзіндік жұмыстарды орындау, кәсіби практиканы өту, зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарға әдістемелік жетекшілік, семинарлық сабақтардың жоспарлары авторлық құқық пен ОӘК грифі қойылмайтын ресми басылым болып табылмайды. Әдістемелік нұсқаулар немесе ұсыныстар сәйкес оқу пәнінің (немесе мамандықтың) мазмұнын толық қамтиды.
Жұмыс дәптері - оқушының оқу пәнін игеруі бойынша өзіндік жұмысына ықпалын тигізетін ерекше дидактикалық аппаратты құрайтын оқу басылымы.
Үйретуші құрал – қандай да бір оқу материалын жетекшінің көмегінсіз өз бетінше игеруге арналған оқу басылымы.
Хрестоматия - пәнді игеру нысанын құрайтын, әдеби-көркем, тарихи және басқа да шығармалардан үзінділерді қамтитын оқу басылымы.
Практикум - өтілген тақырыпты меңгеруге ықпалын тигізетін практикалық тапсырмалар мен жаттығуларды қамтитын оқу басылымы.
Тапсырмалар жинағы – оқу тапсырмаларын қамтитын практикум.
Сұрау басылымдары деп сөздік, энциклопедия, каталог, жол нұсқаушы аталады.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) - пән бойынша білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттар мен материалдардың кешені, ресми басылым болып табылмайды; оған авторлық құқықтар мен ОӘК-тің грифі қойылмайды.
Білім алушыларға арналған бақылау жұмыстары, тесттер, билеттер және т.б. тапсырмалар - білім алушылардың білімдерін бақылаудың сан алуан түрлерін өткізуге арналған бақылау-өлшеу құралдары; олар оқу құралдары, ресми басылым болып табылмайды; оған авторлық құқықтар мен ОӘК-тің грифі қойылмайды.
Оқу құралдарын, оқу әдебиеттерін, оқу-әдістемелік кешендерді және құралдарды экспертизадан өткізу - МЖМБС -ке сәйкес оқу әдебиетінің әдістемелік мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптарға, типтік оқу бағдарламаларына, білімдік оқу бағдарламаларының деңгейін ескеру негізіндегі ғылыми түсініктерге, санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарын ескеру негізіндегі білім алушылардың жас ерекшеліктері мен психологиялық ерекшеліктеріне оқу материалы мазмұнының сәйкестігін бағалау.
Оқулық, оқу әдебиеті, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдардың макеті - бекітілген талаптарға сәйкес типографиялық тәсілмен шығарылған оқу әдебиетінің үлгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет