Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау



бет104/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   127
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау

2016-2017 оқу жылында 1 сынып білім алушыларының оқыту процесі бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы ҚР МЖМБС-2015 және ҮОЖ-ға сәйкес іске асырылады. Осыған байланысты, мүмкіндігі шектеулі балалар болған жағдайда оқу жетістіктерін бағалау жүйесі қолданылады.

Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бағалау кезінде ҚР МЖМБС-2015 көрсетілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға бағдарлануы қажет. Алайда, кейбір білім алушыларда бағдарламаны меңгеру мерзімі ұзағырақ , оның нәтижесінде олар қалыпты дамыған балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіне сәйкес келетін деңгейге жетеді.

Білім беру саласында мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары және олар орындауы қажет міндеттері тең болуы маңызды. Осы орайда, олардың жетістіктерін бағалаудың негізгі мазмұны шектеуді, яғни бұзылысты (көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, әлеуметтік-эмоциялық сала) ескере отырып қалыпты дамыған құрбыларымен бірдей болуы қажет. Ьұл жағдайда бағалануы керек:

арнайы оқу дағдыларының қалыптасқандығы, мысалы, көру бұзылыстары бар балалардың Л. Брайль шрифтін меңгеріп және/немесе тегіс баспалы шрифтпен жазу мен оқу;
білім беру салалары бойынша құзырет: ауызша және жазбаша коммуникацияны қолдану, саналы оқу мен жазуға қабілетті болу; математикалық білімнің элементтерін практикалық қолдану іскерлігі, олардың өмірге қажетті мәнін түсіну және т.с.с.;

әлеуметтік-тұлғалық нәтижелерді бағалау: өз күшін адекватты бағалай алу, физикалық жүктемеде, медициналық препараттарды қолданғанда, аз таныс


211


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

заттық-кеңістіктік ортада (бөлмеде, көшеде) өз бетінше қозғалу кезінде ненің болатынын және болмайтынын түсіну.


Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар түлектері, оның қатарында есту, көру қабілетінде, тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар және күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген түлектер алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат алады.

Білім беру ресурстары мен технологиялары

Қазақстанда инклюзивті білім беруді ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік қолдау мақсатында бірқатар әдістемелік ұсынымдар мен құралдар әзірлену үстінде. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік ресурстар академияның сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді http://nao.kz/blogs/fromorg/2/22:

Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері.

Инклюзивтік білім беруде әдіснамалық және оқу-әдістемелік сүйемелдеу бойынша тәсілдеме ұстанымдарын табысты ендірудің әлемдік тәжірибесін талдау.

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар.

Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Әдістемелік ұсынымдар.


Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру процесіне енгізу үлгілерін дайындау. Әдістемелік ұсыныстар.

Білім беру ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивтік педагогика мен енгізу жүйесінің қағидаларын дайындау. Әдістемелік ұсынымдар.

Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар.

Мектептік консилиумдар құру және ерекше қажеттіліктері бар балаларға интенсивті, кең және арнайы қолдау көрсету.



212


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет