Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


Бастауыш сынып оқушыларының білімін, ептілігін және дағдысын бағалау нормасы



бет126/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127
Бастауыш сынып оқушыларының білімін, ептілігін және дағдысын бағалау нормасы

Бастауыш сынып оқушыларының білімін, ептілігін және дағдысын бағалау нормасы бағдарлама талап ететін деңгейдегі, бастауыш кезеңдегі әр пән бойынша оқу материалын баланың меңгеру орнықтылығын қамтамасыз ету үшін арналған.

Бұл нормалар оқушының оқудағы жетісітігін жүйелі бақылауды іске асыруға, кемшіліктерді жою шараларын қабылдауға, оқушылардың үлгермеушілігін ескертуге мүмкіндік береді. Мұғалім бағалау үшін сандық ұпайды (баға) және бағалау пайымдамасын қолданады.

Сыныптық және үйге жазба жұмыстарының негізгі түрлері оқушыларға үйретуші жұмыстар болып табылады.

Қазақ тілі , орыс тілі, шетел тілі, әдебиет, математика, дүниетану бойынша ағымдық және қорытынды жазба жұмыстары өткізіледі.

Қорытынды бақылау жұмыстарын өткізу уақыты мұғалімдер келісімі бойынша мектеп басшыларымен құрылған оқушыларды шамадан тыс оқуының алдын алу мақсатында, жалпы мектепішілік кестемен анықталады.

Үйретуші жұмыс түрлерін орындау үшін оқушыларда төмендегі дәптерлер саны болуы қажет:

2-сыныптарда қазақ тілі, орыс тілінен – 4 дәптер, оның ішңнде бір дәптер мазмұндама мен шығармаға, бір дәптер бақылау жұмыстарына;

әдебиеттік оқу бойынша -1 дәптер;

математика бойынша – 2-4-сыныптарда - 3 дәптерден (2 дәптер сынып және үй тапсырмасы үшін, 1 дәптер сөздік дәптер);


шетел тілі бойынша 2-4-сыныптарда – 2 дәптерден (1 дәптер сынып және үй тапсырмасы үшін, 1 дәптер сөздік дәптер);
дүниетану бойынша – 1 дәптер;

бейнелеу өнері бойынша – суреттен 1 дәптер;

музыка бойынша –1 нота дәптері.

Қазақ тілі, орыс тілі, математика, әдебиеттік оқу бойынша арнайы дәптерлер бөлінеді , олар оқу жылы бойы мектепте сақталады және оқушыларға қатемен жұмысты орындау үшін беріледі. Ата-аналар оқушылардың бақылау жұмыстарымен ата-аналар жиналысында танысады.

Оқушылардың дәптерлеріндегі жазбалар төмендегі талаптарды сақтап, жазылу қажет:

мұқият және анық жазумен жазу;


дәптер сыртын бірыңғай толтыру:

Дәптер Астана қаласы №5 орта мектептің 2 «А» сынып оқушысы

251
Муфтахов Шыныбектің математика (орыс тілі) дәптері

Дәптер Астана қаласы №5 орта мектептің 2 «А» сынып оқушысы Муфтахов Шыныбектің

математикадан (орыс тілінен) бақылау жұмысы дәптері

Көмекші сөз пән атауымен бір жолда жазылады.


Сынып нөмірі араб сандарымен жазылады. Тегі мен аты ілік септігінде жазылады. Алдын ала тегі, содан кейін толық атын жазу керек (бір жолда). Тілдік пәндер бойынша жұмысты орындау мерзімі сөзбен атау септігінде жазылады (мысалы, оныншы қыркүйек), математика, дүниетану сандар санмен, ай аты сөбен жазылады (мысыалы, 10 қыркүйек).

Жеке жолға сабақтың тақырыбы, сонымен қоса жазба жұмысының тақырыбы жазылады.

Жаттығудың, тапсырманың немесе орындалған жұмыстың нөмірі көрсетілсін (таңбалансын).

Азат жол сақталады.


Сызу, сызба, шартты белгілерді қарындашпен немесе қаламмен мұқият орындасын.

Қателерді былайша түзетеді, қате жазылған әріп немесе тыныс белгіс қисық сызықпен сызылады; сөздің сөйлемдегі сөздің бөлігі – жіңішке көлденең сызықпен сызылады; сызылғанның орнына қажетті әріпті, сөзді сөйлемді жазу қажет; қате жазуды жақшаға алмасын.

Орыс тілі мен математикадан үйретуші сынып және үй жұмысы орындалатын оқушылардың жұмыс дәптерлері 2-4-сыныптарда әр сабақтың соңында барлық оқушыларда тексеріледі.

Орыс тілі мен әдебиеттік оқу бойынша мазмұндама мен шығарма, сонымен бірге пәндер бойынша барлық бақылау жұмысы түрлері барлық оқушыларда тексеріледі.

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бойынша бақылау диктанттары, математика мен дүниетану бойынша бақылау жұмыстары 2-4-сыныптарда тексеріледі және келесі сабақта қайталанады.
Тексерілген жұмыстарда мұғалім төмендегіні басшылыққа ала отырып, жіберілген қателерді белгілейді және түзетеді:

қателерді сызу мен түзету, мұғалім тек қызыл қаламмен ғана түзетеді;

2-3-сынып оқушыларының орыс тілі мен математика пәндері бойынша бақылау жұмыс дәптерлері мен бақылау жұмыстарын тексеру кезінде мұғалім жіберілген қатені сызады және түзетеді;
4-сынып оқушыларының орыс тілі мен математика пәндері бойынша бақылау жұмыс дәптерлері мен бақылау жұмыстарын тексеру кезінде мұғалім

252
оқушының өзі түзеген қатесін сызады және жіберілне қатені жолдың шетіне белгілейді;

2-4-сыныптарда шығарма мен мазмұндаманы тексеру кезінде (бақылау, сондай-ақ үйретуші) орфогарафиялық қана емес және пунктуациялық қателер түзетіледі, сонымен қатар нақты логикалық тілдік қателер (ирек сызықтармен сызылады) және грамматикалық;

Диктантты, мазмұндаманы, шығарманы тексергеннен кейін мұғалім белгілеген тәртіпте қателерді есептегеннен соң жұмыстың бағасын қояды;


4-сыныпта мазмұндама мен шығармаларда грамматикалық (сандық) және стилистикалық (бөлім) қателер көрсетіледі. Үйретуші шығармалар мен мазмұндамаларда нашар бағалар қойылмайды.
Барлық бақылау жұмыстары міндетті түрде бағаланады. Оқушылардың жазба жұмыстарын бағалау кезінде мұғалім оқушылардың білімі, ептілігі және дағдысын бағалау нормасына сәйкес басшылыққа алады.
Оқушылардың жазба жұмыстарын тексергеннен кейін, қателерді түзету немесе жаттығуларды орындау бойынша, осындай қателерді қайталаудың алдын алатын тапсырмалар беріледі.

Бұл жұмысқа келесі сабақта 15 минут беріледі.


Қорытынды баға әр тоқсан соңында және оқу жылы соңында қойылады. Ол ауызша және жазбаша сауаттылықты тексеру деңгейі нәтижесін, грамматика элементтерін меңгеру өз ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізе алу деңгейінің нәтижесін есепке ала отырып шығарылады. Қорытынды бағаларды шығару кезінде жазба жұмыстарының бағасы ерекше маңызды. Қорытынды баға барлық білім алушылардың орташа бағасын емес, оқушының нақты дайындығын көрсету керек.

253
5-қосымша





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет