Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


II. Қазақстандық патриотизм және азаматтық



бет124/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127
II. Қазақстандық патриотизм және азаматтық.

Этникалық мәдениет. Мақсаты:

өскелең ұрпақты демократиялық қоғамда өмір сүруге үйрету;


азаматтық белсенділік, құзыреттілікті қалыптастыру;

сыни ойлау, жалпы және құқықтық мәдениет қалыптастыруға ықпал ету;

азамат-патриоттың егемен тұлғасын қалыптастыру, ұлттық тәрбие-білім беру жүйелері жағдайында тұлғаны этникаландыру.

Міндеттері:
тұлғаны әлеуметтердіру үшін жағдай жасау;

азаматтық өзіндік сананы қалыптастыру;


ұлттық келісім негізі ретінде ізгілікке, бейбіт сүйгіштікке тәрбиелеу;

құқықтық сананы және заңға бағынушылықты тәрбиелеу;

әлеуметтік дағдылар қалыптастыру;

жеке адамдар мен халықтар арасында ынтымақтастыққа қабілетті тұлғаның өзіндігін нығайту;


оқушыларда әлемдік мәдениеттің және Қазақстан мәдениетінің алуан түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру, оқушылардың этникалық тәрбиесі ерекшеліктерін ескеру негізі ретінде ұлттық тәрбие жүйесінде этнос субъектісін қалыптастыру.

Бағыт бойынша өткізуге ұсынылатын шаралар:
1. Мемлекеттік және халықтық мерекелер (ҚР Тәуелсіздігі күні, ҚР

Конституциясы күні, Қазақстан халқы бірлігі күні, Наурыз және т.б.).


Тақырыптық сынып сағаттары, линейкалар, әңгімелер ("Менің Қазақстаным", "Мәңгілік Елдің мызғымас жеті негізі", "Біз – Үлкен Ел – Үлкен Отбасы", "Қазақстанның даму кезеңдері", "ҚР-ның әлемдік экономикалық дамудағы орны", "ҚР рәміздері", "Қазақстанның мәңгілік жері – Ұлы Дала Елі!").

Музейлерге саяхаттар, Қазақстанның тарихымен танысу.

Дебаттар "Қазақстандық патриотизм – бұл ..."

248
Саяхат-ойын "Менің Атамекенім", "Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дәстүрлері".


Пікірталас "Мәңгілік Ел – бұл Тарих, Мәдениет және Тіл ортақтығы".

III. Рухани-адамгершілік мәдениет.
Мақсаты: жалпыадамзаттық құндылықтармен, қазақстандық қоғам

өмірінің нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген тұлғаның рухани-адамгершілік және этникалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын қалыптастыру.



Міндеттері: – оқушылардың келесілерге адамгершілік қатынастарын қалыптастыру:
моральдың және этиканың жалпыға ортақ нормаларына;
өз қадір-қасиетіне, арына және борышына;

ішкі бостандығына және адамгершілік шешімдер қабылдауына;


өз халқының және басқа халықтардың мәдениетіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүрлеріне;

өз ар-ұжданы мақұлдаған қылықтарға;

адамдарға риясыз қызмет етуге;

ата-ана, Отан, қоғам алдындағы өз борышына.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет