Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет18/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   127
Критериалды бағалаудың құрылымы
Білім алушының оқу жылындағы үлгерімі және оқудағы жетістіктері туралы деректерді жинау үшін бағалаудың екі түрі: формативті бағалау және жиынтық бағалау іске асырылады . Жиынтық бағалау, өз кезегінде, бөлім/ортақ тақырыпты, тоқсанды және орта білім деңгейін жиынтық бағалау рәсімінен тұрады.

36


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


Критериалды бағалау
Формативті бағалау – мұғаліммен

Сумативті бағалау - оқу

үздіксіз өткізіледі, бағалау және балл

бағдарламаларының өтпелі

қоюсыз оқу үдерісін уақытында

тақырыптары/бөлімдері аяқталғаннан

түзетуге мүмкіндік береді және

кейін өткізіледі, белгілі бір оқу

мұғалім мен оқушы арасындағы кері

кезеңіндегі (тоқсан, триместр, оқу

байланысты қамтамасыз етеді.

жылы, деңгейі орта білім беру)
қойылған балл және бағалау



Өтпелі тақырып/бөлім

Тоқсан үшін сумативті

Білім бері деңгейі үшін
үшін сумативті бағалау

бағалау

сумативті бағалау
Әр тоқсанда 2-3 рет

Әр тоқсанның аяқталуы

Бастауыш, негізгі және
мұғаліммен жүргізіледі

бойынша мұғаліммен

жоғары мектептерден соң

жүргізіледі

(ҰТО) сыртқы ұйыммен
жүргізіледі

Әр тоқсанның қорытындсы бойынша

баға

Оқу жылының қорытындсы

бойынша баға

Аттестақа кіретін

қорытынды баға

1- сурет – Критериалды бағалаудың құрылымы

Бағалау тәсілдері пәннің мазмұнына және критериалды бағалау түріне байланысты ерекшеленуі мүмкін.
Формативті бағалау оқыту процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және мұғаліммен тоқсан бойы үнемі жүргізіліп отырады. Формативті бағалау балл және баға қойылмастан, білім алушылар мен мұғалім арасында үздіксіз байланысты қамтамасыз етеді. Формативті бағалауда білім алушы қателесу және оны түзетуге болады. Бұл білім алушының мүмкіндігін анықтау, қиындықтарды айқындау, анағұрлым жақсы нәтижелерге қол жеткізу, оқу процесін дер кезінде түзетуде көмектесуге мүмкіндік береді.

Формативті бағалау оқудағы жетістіктердің өсуіне және дамуына тікелей ықпал ететін және мұғалім мен білім алушылар арасында кері байланысты қамтамасыз ететін процесс.

Формативті бағалау оқытудың ажырамас бөлігі болуы тиіс, ол қосымша жаттығулар немесе тест ретінде қарастырылмауы қажет. Оқыту мақсаттары мен оқу бағдарламасының әрбір бөлімі бойынша күтілетін нәтижелер формативті

37


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

бағалау практикасының мазмұнын анықтайды.

Мұғалім формативті бағалау процесінде оқу бағдарламасының барлық оқыту мақсаттарын қамтуы қажет. Мұғалімге көмекке оқыту мақсаттары бойынша бағалау критерилерінен, дескрипторларымен тапсырмалар үлгілерінен тұратын формативті бағалауға арналған тапсырмалар жинағы дайындалды.

Мұғалім білім алушылардың жеке ерекшеліктері және оқыту мәнмәтінін ескере отырып тапсырмаларды дайындайды немесе таңдайды . Әрбір тапсырмаға дескрипторлар анықталады. Бағалауда мұғалімнің шешімі шынайы болатындай тапсырмалардың дескрипторлары анық және нақты болуы тиіс. Сондай-ақ, дескрипторлар білім алушы тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиналғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен ата-аналарға сындарлы кері байланыс жасауына ықпал етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет