«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Ғылыми жаратылыстану білімі ерекше және өзекті маңызға ие болады. Ол оқушылардың бойында табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, оқушылардың табиғат әлемімен қатар өзгермелі әлемде өз орнын табуларына жағдай жасауға бағытталған және олардың дүниетанымдық, мәдениеттанымдық және тәжірибеге бағытталған сипатын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту негізінде сыни ойлау қабілеттерін дамытады, құндылықты және тұлғалық сапалар жүйесін тәрбиелейді.
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктері:
– жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және адам қызметінің этикалық ортасына әсерін түсінуді қалыптастыру;
– оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетке, оқушылардың өздігінен білім алуға ұмтылулары үшін қажетті жағдайлар жасау;
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
– оқу, жобалау-зерттеушілік, эксперименттік , сабақ және сабақтан тыс іс-әрекет барысында қауіп-қатерсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
«Жаратылыстану» білім беру саласының құрамына: жаратылыстану, география, физика, химия және биология, яғни ғылыми-жаратылыстану циклы пәндері кіреді.
Оқу пәндері бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын таңдау оқу материалын оқудың бірізділігі принципі негізінде жүзеге асырылған.
1. Оқушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып табылады. Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы оның негізгі компоненттерінің бірі болып саналады. Оқушылардың:
– ғылыми-жаратылыстану процестері мен құбылыстарын суреттеу, түсіндіру және болжау білігін;
– дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру білігін;
– зерттеу әдістерін түсіну, ғылыми әдістердің көмегімен шешілетін сұрақтар мен мәселелерді анықтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасалуы тиіс.
География, физика, химия және биология сабақтарында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға қажетті танымдық біліктерді дамыту үшін:
«Проблеманы түсіну» – білім және білікті мәтін, диаграмма, формула немесе кесте түрінде берілген ақпаратты түсіну үшін қолдануға және олардан қажетті ақпаратты бөліп алуға, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты кіріктіруге;
«Проблеманы сипаттау» – проблемадағы ауыспалыларды және олардың арасындағы байланыстарды анықтауға, ауыспалылардың қайсысы проблемамен байланысты және қайсысы байланысты емес екенін шешуге, шартта берілген ақпаратты анықтауға, ұйымдастыруға және сыни бағалауға;
«Проблеманы таныстыру» – проблеманы шешу, ақпаратты ұсынудың бір түрінен екінші түріне өту үшін кесте, график, белгілердің көмегімен немесе сөз түрінде, немесе шартта көрсетілген үлгіні қолдану арқылы ақпаратты таныстырудың жолын әзірлеуге;
«Проблеманы шешу» – қойылған проблеманың шарттарына сәйкес шешімдер қабылдауға, ұсынылған жүйеге талдау жасауға және мақсатқа жету үшін проблемада көрсетілген жүйені жоспарлауға, оны шешудің тәсілдерін ұсынуға;
«Шешімді ойластыру» – алынған шешімді зерттеуге және қажет болған жағдайда оны дәлелдеу үшін қосымша ақпарат іздеуге, неғұрлым тиімді шешім іздеу үшін алынған шешімді түрлі көзқарас тұрғысынан бағалауға және түсіндіруге;
«Проблеманың шешімін хабарлау» – алынған нәтижені көрсетудің жолдарын таңдауға және оны басқа оқушылар үшін нақты түсіндіруге ерекше көңіл аударылады.
Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын бағалау үшін түрлі проблемалары бар жағдаяттар қолданылады. Олар адамдардың күнделікті
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
өмірімен, денсаулықты сақтаумен , техника мен технологияны дамыту үшін қажетті ғылыми -жаратылыстану білімін қолданумен, қоршаған орта проблемаларымен байланысты болуы тиіс,
Қазақстандық мектеп оқушыларының халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысуының нәтижелері ғылыми-жаратылыстану сауаттылығының қалыптасу деңгейінің жеткіліксіз дәрежеде екендігін көрсетеді. Осыған байланысты «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқыту барысында аталған компонентті қалыптастыру бойынша жұмысты күшейту қажет. Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған әдістемелік құралдар ұсынылған (www.nao.kz).
2. Мұғалімдердің басты мақсаты оқушылардың пәндік білімді тәжірибеде қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, яғни тәжірибеге бағытталған білім беру.
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінің практикалық бөлімі бұл мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану біліктерінің қалыптасуына, өз білімдері мен біліктерін күнделікті өмірде қолдануларына жағдай жасайтын есептер, тапсырмалар оқытудың жан-жақты құралы болып табылады.
Оқушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану біліктерінің қалыптасуына мүмкіндік жасайтын келесі жағдайларды айқындауға болады:
– «Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша оқыту барысында оқушылардың білім және білікті кешенді қолдана білу шеберліктерін қалыптастыруға бағытталған оқу іс-әрекетін ұйымдастыру (оқушылардың кешенді практикалық және зертханалық жұмыстар орындау, кешенді тақырып бойынша хабарламалар әзірлеу және т.б.);
– мұғалімнің іс-әрекетін оқушылардың бойында «Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша білім және біліктерін қолдана білу шеберліктерін қалыптастыруға бағыттау.
Мектеп оқушыларының ғылыми-жаратылыстану біліктерінің табысты қалыптасуы үшін, мұғалімге оны қалыптастырудың келесі дидактикалық шарттарын есепке алуы ұсынылады:
– оқушыларды өздерінің білімдері мен біліктерін кешенді қолдануы бойынша өз беттерінше іс-әрекетке бағыттау;
– пәнішілік байланыстың көмегімен, білімді кешенді қолдану және тасымалдау үшін білімді жүйелеу білігін қалыптастыру;
– репродуктивті іс-әрекеттен, ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша білім және біліктерді кешенді қолдануға негізделген іс-әрекетке ауысу;
– кешенді мәселелерді шешу барысында түрлі білім салаларынан алынған білім және білікті кеңінен қолдануға жағдай жасайтын және білім мен біліктерді кешенді қолдану шеберлігін бекіту үшін, оқушыларды неғұрлым күрделі іс-әрекет түрлеріне араластыру.
Сабақ барысында зертханалық құралдарды дұрыс пайдалану, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау, бақылаулар және өлшеу жұмыстарының нәтижелерін түрлі тәсілдермен (суреттер, кестелер, сызбалар, фотосуреттер,
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
кино түсірілім және бейнежазба) белгілеп отыру білігін дамыту қажет, Сабақтарда пәндер бойынша жүргізілетін практикалық және зертханалық
жұмыстарды талдау, жинақтау, бағалау, болжау, есептеу, түсіндіру, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтау, жобалық тапсырмалар орындау, тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Өлшеуіш ресурстары бар дәстүрлі және электрондық форматтағы білім және ақпарат көздерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) жан-жақты қолдану арқылы жүргізілген түрлі оқу жұмыстары тәжірибеге бағытталған ойлауды дамытуға ықпал етеді. Сабақтарда білім берудің заманауи технологияларын белсенді қолдану ұсынылады. География, физика, химия және биология сабақтарындағы компьютерлік технологиялар:
– оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды пайдалануды;
– оқушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануларын;
– пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;
– оқу телекоммуникациялық жобаларды орындау барысында оқушылардың өзбетінше іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеулерін;
– Интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу және өңдеуді;
– есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды;
– виртуалды практикалық және зертханалық жұмыстар жүргізуді қарастырады.
Сандық зертханалар ғылыми-жаратылыстану бағытындағы түрлі
зерттеулер жүргізудің жаңа, заманауи электронды құралдары болып табылады. Олардың көмегімен пәннің оқу тақырыптары, сондай-ақ басқа тақырыптар бойынша да көптеген жұмыстар жүргізуге болады. Зертхананы қолдану оқу жұмысының көрнекілік дидактикасын айтарлықтай жоғарылатады. Сандық зертханалардың құралдары жан-жақты, оның құрамына оқушылар мен мұғалімдердің уақытты үнемдеуіне, «дала жағдайында» өлшеу жұмыстарын жүргізуге қажетті түрлі эксперименттік құрылғылар қосылуы мүмкін. Олар өлшеу жұмыстарының параметрлерін жеңіл өзгертіп, оқушыларды шығармашылыққа тартады. Сонымен бірге бейнеталдау жасауға арналған бағдарлама бейне көріністерден деректер алуға мүмкіндік береді, оларды мысал ретінде қолдануға және оқушылардың өздері түсірген, оқу және өмірлік нақты жағдаяттарды зерттеуге мүмкіндік туады, сондай-ақ оқу және танымал бейнефильмдердің көріністерін қолдануға болады.
Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, оқу-зерттеушілік және өмірлік жағдаяттарда география, физика, химия және биология пәндерінен алған білімдерін қолдану біліктерін дамытатын есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдану ұсынылады . Оқу тапсырмаларын әзірлеу барысында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА басылымдарында ұсынылған, халықаралық салыстырмалы PISA және TIMSS зерттеулерінде қолданылатын тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет.
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері аясында сыныптан тыс, экскурсиялық-экспедициялық түрлі жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады. Сабақтарда міндетті түрде өлкетану аспектісі қарастырылуы тиіс. Сабақ барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу дағдылары мен біліктерін дамытуға жағдай жасалуы тәжірибеге бағытталған оқытуға тиімді әсер етеді.
3. Мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілетін, зейінін және байқағыштығын, логикалық ойлауын және шығармашылық қиялын, есте сақтау, тілдік және көптілділік, пәндік оқу, ғылыми және әдістемелік, мерзімді баспасөз басылымдардың, интернеттің, білім берудің сандық ресурстарының ақпараттарын қолдану дағдыларын дамыту маңызды.
Сабақтарда тәжірибелер, эксперименттер және зерттеулер жүргізу кезінде жүзеге асырылатын зерттеушілік дағдыларды дамыту барысында, тұлғаның жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың мақсаттары жүзеге асырылады.
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқушылардың жеке зерттеушілік жобалар орындауы маңызды болып табылады. Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту бойынша жұмысты үш бағытта жүргізуге болады:
– теориялық зерттеулер (ақпаратпен және модельдермен жұмыс істеуге бағытталған танымның теориялық әдістерімен байланысты топтық және жеке жұмыстар);
– эмпирикалық зерттеулер (практикалық және зертханалық жұмыстар);
– жеке зерттеушілік жобалар.
Практикалық және зерттеушілік жұмыстар , зертханалық тәжірибелер орындау, эксперименттер және эксперименттік есептер шығару, жобалар орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну тереңдетіледі. Оқушылар себеп-салдарлық байланыстарды көре білулері, қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтай алулары, нақты жағдаяттардың салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын-алу тәсілдерін ұсына алулары тиіс.
Физика, химия және биология мұғалімдері кабинеттердің жабдықталуын және оқытудың электрондық құралдарын ескере отырып практикалық және зертханалық жұмыстардың, практикумдардың тақырыптарын өз беттерінше таңдай алады . Зертханалық және практикалық жұмыстар орындау барысында (зертханалық жұмыстарға арналған дәптерде) сыныптың барлық оқушыларының жұмыстары міндетті түрде бағаланады. Географиядан бағаланатын практикалық жұмыстар оқу бағдарламасында көрсетілген және номерлермен белгіленген.
Мектеп оқушыларына оқыту процесі барысында экологиялық білім және тәрбие беру ең алдымен табиғаттың тұтастығы, ондағы құбылыстардың өзара қарым-қатынасы және олардың шарттарының себебі туралы көзқарас қалыптастырумен байланысты. Білім беру саласы пәндері курсын зерделеу кезінде оқушылар қоғамның, экономиканың және табиғаттың өзара байланысы
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
туралы, Жерде тіршіліктің болуы үшін біздің планетамыздың атмосферасы және басқа да қабықтарының мәні, оны ластайтын негізгі ошақтар, ластанудың қоршаған ортаға және тіршілік процестеріне әсері, зиянды факторлардың әсерінен тірі табиғатты қорғау шаралары, табиғи ортаны өзгертудің (сонымен қатар оқушылардың өздері қатысатын жағдайларды қоса алғанда) апатты салдары туралы нақты көзқарас алулары тиіс. Оқушылар Жердің, материктің, елдің, өзінің туған өлкесінің табиғат кешеніндегі өзара байланысты жақсы түсінулері тиіс.
Бұл тәрбие жағынан қарағанда өте маңызды, себебі оқу пәндерін «экологияландыру» оқушыларды экология мәселелерімен таныстырып қана қоймайды, сонымен қатар оларды табиғатты жауапкершілікпен қорғауға тәрбиелейді. Табиғатты жауапкершілікпен қорғау көзқарасы табиғатты қорғаудың тәжірибелік іс-әрекеті барысында пайда болады.
Сабақтан тыс уақытта келесі экологиялық зерттеулерді жүргізу ұсынылады:
– табиғат кешендерінің экологиясы;
– мектеп ішіндегі жарықты өлшеу;
– түрлі сусындардың қышқылдылығын өлшеу;
– мектеп ішіндегі бөлмелер ауасының физикалық-химиялық параметрлерін өлшеу;
– сыныпты желдетудің микроклиматқа әсері;
– топырақ құрамы қышқылдылығының өсімдік түрлерінің құрамына әсері;
– ортаның абиотикалық факторлары;
– урбандалған аумақтардың экологиясы;
– гүлденген судағы оттегі концентрациясын анықтау;
– қаланың түрлі ғимараттары ауасындағы оттегінің құрамын анықтау. Пәндердің оқу бағдарламалары табиғаттағы процестер және адам
іс-әрекеті туралы білімді қамтиды. Сабақтарда экологиялық проблемаларды шешудің және жаңа технологиялар негізінде қоғамның өндірістік күшін дамыту мүмкіндіктерінің заманауи жолдары қарастырылуы тиіс.
Ақпаратты жинақтау және зерттеу үшін сабақ барысында газеттердің, журналдардың, фильмдердің, бейнетаспа материалдарының, веб-сайттар мен әдебиеттердің материалдарын қолдану ұсынылады.
Пән бойынша академиялық лексика қалыптастыру үшін сабақта терминологияны қолдану бойынша жұмысты әрдайым жүргізіп отыру қажет. Оқушылардың терминдерді дұрыс пайдалануын қамтамасыз ететін ауызша және жазбаша тапсырмалар қолдану ұсынылады. Білім алушылардың білім жетістігін бағалау барысында академиялық лексиканың дұрыс қолданылуына көңіл аудару қажет.
Сапалық және сандық есептерді шешуге бірдей деңгейде көңіл аудару керек, себебі құбылыстардың, процестердің мәнін түсіну және олардың шешімін табу дағдыларын қалыптастыру өте қажет.
Оқушылардың техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, барлық оқу құралдарын және техникалық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануы маңызды
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
болып табылады.
Білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін жоғары оқу орындары мен мектеп оқушылары сарайлары жанындағы іштей және сырттай мектептерге қатысу ұсынылады. Оқушыларға атом энергиясы бойынша «Росатом» мемлекеттік корпорацияның және «Қазақстанның ядерлік қоғамы» қоғамдастығының іс-шараларына қатысу ұсынылады, олар жыл сайын өткізетін «Kazatomexpo» көрмесінде жоғары сынып оқушыларына арналған арнайы бағдарламалар ұйымдастырады.
Бұл бағдарламалар түрлі интерактивті форматтарды қамтиды. Оқушылар атом электр стансасының жұмысын зерделеуге мүмкіндік беретін, «басқа планетадан келушілердің атомды шабуылынан – құйынға дейін» атты түрлі ойын сценарийлерін жүргізумен, «Алақандағы АЭС» қосымшасымен таныса алады. Сілтеме: http://www.kazatomprom.kz/#!/about
Энергияның балама көздері, олардың өндірудің заманауи тәсілдері туралы ақпаратты: alternativenergy.ru; aqua-rmnt.com/otoplenie/alt; http://www.helios-house.ru/alternativnaya-energiya.html сілтемелері бойынша алуға болады.
Георафия және биология сабақтарында «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық ұйымы материалдарын пайдалану ұсынылады. Сілтеме: kazgeography.org; kazgeography@nu.edu.kz
ЭКСПО-2017 көрмесі жұмысының бағыттары туралы, сонымен қатар дүниежүзілік бұрынғы көрмелердің материалдарын келесі сілтемелер арқылы алуға болады: skachatreferat.ru/poisk/экспо;
http://www.skachatreferat.ru/poisk/экспо-2017
4. «Жаратылыстану» білім саласы пәндері сабақтарындағы сыни ойлау келесі дағдыларды дамытуды қарастырады: мәнмәтінді есепке ала отырып тыңдау, бақылау, талдау және жинақтау арқылы дәлелдеуге үйрену. Сондықтан оқушылардың бақылау, талдау, пайымдау және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруларына жағдай жасау қажет. Ол үшін оқушыларды:
– пайымдау мен дәлелдеуді жіктеуге және жинақтауға;
– олар туралы негізгі дереккөздерді бағалауға және сәйкес сұрақтар қоюға;
– тұжырымдамалар және қорытындылармен қоса алғанда негізгі дереккөздерді салыстыруға және талқылауға;
– жеке тәжірибесінің молаюына қарай өзінің көзқарастары мен болжамдарын қайта қарауға қатыстыруға болады.
Мұғаліммен жұмысты талқылау, талдау және шешімдерді алдын-ала қарастыру барысында оқушылардың өздерінің оқу процесін жеткілікті деңгейде түсінулеріне, сонымен қатар білімді бағалау, түсіндіру және тануларына көмек көрсету ұсынылады. Оқушы әрекеті алгоритмінің үлгісі:
1) Ақпаратпен танысыңыз. Тапсырма оқу барысында алынған ақпаратқа
да, оқулықтар, энциклопедиялар немесе web-сайттар тәрізді бірнеше дереккөзден жинақталған ақпаратқа шолудың немесе сауалнаманың қорытындысына да қолданылуы мүмкін.
2) Дәлелдер негізінде жатқан зерттеуді құрылымдайтын немесе келесі әрекетті анықтайтын негізгі пунктерді, пікірлерді немесе болжамдарды
Достарыңызбен бөлісу: |