Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет60/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   127
«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Технология
«Технология » пәнін оқыту бағыты оқушыларды материалдық құндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық процестерімен таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.

Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленген.



Пәнді оқытудың мақсаты техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар,

122


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту болып табылады.



Оқыту міндеттері:

техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;

құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;

технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;

оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті процесінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;

оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды оқыту барысындағы нәтижелері, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын, негізгі мектепті аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді. Оқушылардың дайындық деңгейі үш түрлі аспектілер: пәндік, тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелері ескеріле отырып бағаланады. Осыған байланысты 5-9-сынып оқушыларына (ер балалар) келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (8-кесте).

8-кесте. 5-9-сыныптарда ер балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет