Өзін-өзі тану
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың негізгі мақсат-мүдделері: Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «Жаратылыстану» пәні бойынша нақтыланған оқушының тұлғалық рухани-адамгершілікті дамытуды ынталандыру, жалпыадами құндылықтарды және құнлықтар туралы білімдерді жетілдіруге, оқушының жеке әлеуетін дамытуға, өзіндік қабілеттерін, әлеуметтік маңызды тұлғалық қабілеттерді және өмірлік дағдыны қалыптастыруға жағдай жасау, адамды өмірге дайындауды табысты іс жүзіне асыру.
Оқыт пәнінің негізгі міндеттері:
өзін-өзі тануға және үнемі жетілуіне бағыттау;
оқушыларда қарым-қатынас жасау негіздерін қалыптастыру;
қоғамда және ұжымда өз орнын білуге көмектесу;
өзі, адамдар және қоршаған орта бір-бірімен қарым-қатынаста екенін сезінуді ынталандыру;
өмірлік және әр түрлі оқу жағдаяттарында адамгершілік және әлеуметтік тәртіп тәжірибесін қалыптастыру;
не үшін өзінің өмірсүретінің және өмірлік мақсатқа жету үшін тұлғалық қасиеттерін дамыту.
«Өзін-өзі тану» бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы маңызды жағдай болып «Тыныштық сәті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті», «Достар, ән салайық » сияқты әдістемелік тәсілдер сабақтарда салауатты орта құру болып табылады.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру процесі арнайы жабдықталған кабинетте жүзеге асырылады және қажетті оқу жабдықтарымен, сондай-ақ оқу-көрнекілік құралдарымен жабдықталуы қамтамасыз етіледі.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, жылына барлығы
34 сағат.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі №281 бұйрығына сәйкес 2016-2017 оқу жылынан бастап оқу процесіне «Дінтану негіздері» факультативтік курсының орнына «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы енгізіледі.
9-сыныпта үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын міндетті түрде оқыту үшін аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат бөлінеді. Курсты біліктілікті жетілдіру курсынан өткен тарих пәнінің мұғалімдері жүргізеді.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының мәні және маңызы оның қазіргі қоғамдағы тарихи, мәдени мен рухани құндылықтықтарды анықтайтын бастаулары ретінде, тұрақты дамуды қамтамасыз ететін ғылыми-дәйектелген негіздерін қалыптастыруды құраушы элемент ретінде қабылданған болып табылады. Курс орта білім жүйесіндегі қоғамтану және әлеуметтік-гуманитарлық білім алудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Факультативтік курсты оқытудың мақсаты:
оқушыларды «зайырлылық» ұстанымын құндылық, яғни мемлекет баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету;
зайырлылықты рухани-адамгершілік құндылықтар, мемлекет тұрақтылығының басты факторы ретінде қабылдау, дінді мәдениет ретінде қабылдауға үйрету, білім жүйесіне және ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету;
діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білім беру;
оқушыларды экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру.
Факультативтік курсты оқытудың міндеттері:
оқушыларға діннің мәні, тарихы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде жүйелі мәлімет беру;
зайырлылық ұстанымдарын мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізі ретінде таныта отырып, осы бағыттағы білімін қалыптастыру;
зайырлылық тұрғысынан діни сана, діни сенім, діни таным және діни тәжірибе негіздерін салыстыра білуді үйрету;
діннің дүниетанымдық, мәдени танымдық және адамгершілік мәнін түсіндіру;
оқушыларды діни сенім бостандығын құрметтеуге, толеранттылыққа баулу арқылы қазіргі қоғамдағы діни ағымдарға зайырлылық ұстанымы негізінде баға бере алатын дағды қалыптастыру;
Қазақстандағы этносаралық, конфессияаралық келісімді зайырлылық ұстанымдарының нәтижесі ретінде таныта отырып, оқушылардың бойында азаматтық мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу;
Көпэтносты, көпконфессиялы қоғам құрудағы қазақстандық тәжiрибенің ерекшеліктерін айқындау
экстремизм, терроризм, діни радикализм секілді жаһандық жағымсыз құбылыстардың теріс идеологияларының ұлттық қауіпсіздікке, зайырлылық ұстанымдарына, қоғам тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатерін түсіндіре отырып, зайырлы мемлекет қағидаттарына құрмет сезімін тәрбиелеу;
оқушылардың бойында діни әдебиеттер, электрондық ресурстар және
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын салыстыра білу және сыни тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін қалыптастыру;
10) құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып, осы тұрғыдағы білімін арттыруға, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы бағдарламаларының материалдарын оқып білуде «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Қазақ әдебиеті», «Өнер» сияқты пәндерімен және «Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы», «Абайтану» курстарымен пәнаралық байланыс пен сабақтастық қарастырылған.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мазмұнында дін тарихын оқытуға көп уақыт жіберудің қажеттілігі жоқ, одан оқушылар сапалы, жасампаз мәнділігі бар білім алмайды . Бағдарламада діни нанымдар мен діндердің пайда болуы, нығаюы және дамуы боынша тарихи шолумен қатар: Зайырлы мемлекет және дін, зайырлық этикасы негіздері, адамның рухани өмірі мен қоғамдағы діннің рөлі, діни бірлестіктер мен ағымдар,жаңа діни ағымдар мен дәстүрлі діни жүйелердің танымдық, психологиялық, тұрмыстық деңгейдегі қарама-қайшылықтар диллемасы тақырыптары қамтылған.
Білім алушылардың жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Абай, Ыбырай, Шәкәрім сияқты көрнекті ағартушылар мен ойшылдардың мәдени және рухани мұраларын оқыту айрықша маңызға ие.
Деструктивті ағымдардың, тыйым салынған діни ұйымдардың, бірлестіктердің белгілері мен салдарларын танып білуіне, діни экстремизм мен терроризмнің ұлттың қауіпсіздігі үшін қатерлі екендігін оқушылардың ұғынуына айрықша назар аударылған .
«Қазақстан-дінаралық бейбітшілік пен келісім елі. Қазақстан Республикасының діни заңнамалары. Зайырлылық – ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік жүйенің іргетасы» мазмұндық желілері курстың басты басты жолы болуы тиіс.
Курстың мазмұнында оқушылардың өзіндік зерттеу әрекеттерін ұйымдастыратын шығармашылық жобалар қарастырылған. Шығармашылық жобаларда, түрлі нысандағы ұйымдастырылған өздігінен жасалынған зерттеу жұмыстары барысында діндер мазмұнындағы рухани құндылықтар мен Қазақстанның дінге қатысты саясатының мәні мен мақсатын, діни бірлестіктер мен ағымдардың қызметі, мүддесі мен мақсатын ашып көрсетеді.
Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген жағдайда оқушылар өмірге қажетті Қазақстан аумағындағы діндер мен діни бірлестіктердің мақсаты мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының дінге қатысты саясатының мақсаты мен мәнін түсінетіндей мағлұматтар мен білім алады. Осылайша, жүйелі түрде игерілген білім оқушыға Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға, өз халқының рухани мәдениетін деструктивтік, радикалды діни бірлестіктердің зиянды әрекетінен сақтау және қорғау мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүмкіндік алады, екінші жағынан, адамның қандай дінге жататынын анықтау, діни сана-сезім, басқа діндерге көзқарас және
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
ізгілікті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады.
Оқушылар бойында өз халқының рухани құндылықтарына құрмет сезімі қалыптасуы тиісті, олар гуманистік дүниетанымға, жалпыадамзаттық құндылықтарға және толеранттыққа қайшы келетін ұстанымдар туралы ұғымдарды білуі тиіс.
Оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының оқу
процестерін ұйымдастыру барысында пікірталас, дөңгелек үстел, шағын жиналыс , топпен талқылау, шағын жобаларды қорғау, рөлдік ойын, пікірталас және т.б. формаларын қолдану тиімді.
Жобаларды жеке және ұжыммен ынтымақтаса педагогика принциптерін қолдана отырып орындай алады. Олардың саны келесі бағыттарды қамту және алған білімдерін бекіту үшін жеткілікті болуы керек:
дін мәселелері бойынша ғылыми-көпшілік басылымдар, журналдар, газет мақалаларына талдау жасау, таңдап алынған тақырыптары бойынша ауызша және жазбаша хабарлама дайындау, жағдаяттармен жұмыс жасау;
діннің айрықша ерекшеліктерін анықтау;
дәстүрлі діндердің біртұтас платформалары мен жалпы тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру;
БАҚ ақпараттарына сүйене отырып елімізде және өңірлердегі діни жағдайларды сараптау;
Қазақстандағы қасиетті жерлер туралы ақпараттық шолу дайындау;
толеранттылық және дінаралық келісім орнаған еліміздегі нақты жағдайды дәлелдейтін мысалдар келтіріп дайындау;
Оқу барысында келесідей қағидаларға ерекше көңіл бөлу қажет:
мәдени-тарихи, өркениеттілік мәніндегі, дін саласындағы Қазақстанның қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;
пәнді оқыту барысында қандай да бір діни бағыттарға артықшылықтар бермеу;
жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;
ақпарат, дін, рухани құндылықтар, мәдениет саласына қатысты заңнамалар талаптарын сақтау;
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы аясында алған білімдерін бекіту мақсатында оқушыларға қызықтыратын тақырыптары бойынша шығармашылық-жобалық жұмыстар жасауға болады. «Зайырлылық және дінтану негіздері» бойынша әзірленген электронды оқулық, Қазақстанда дін жүйесінің таралуы мен ықпалы туралы мәдени-танымдық сипаттағы барлық діндер бойынша қысқаша бейнематериалдар т.б. (міндетті түрде Дін істері комитетінің сараптама комиссиясы мақұлдаған) сабақ барысында пайдалану ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |