Оқу мақсаты: Аррениус, Льюис және Бренстед-Лоури теорияларын және олардың қолдану шектерін сипаттау және түсіну



бет10/19
Дата15.08.2023
өлшемі0,93 Mb.
#105314
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
теория кислот и основании каз (1)

2. Негіздік буферлік ерітінділер

Негіздік буферлік жүйелер әлсіз негіз бен осы негіздің күшті қышқылмен тұзынан түзіледі.


Мысалы: NH4OH + NH4Cl – аммиактың буферлі ерітіндісі

Бренстед - Лоури теориясы тұрғысынан негіздік буферлік жүйе әлсіз қышқылдан және онымен қосарланған негіздің қоспасынан тұрады, осы жағдайда қышқыл рөлін тұз диссоциациясы кезінде түзілген катион атқарады


NH4+/NH3


Әлсіз қышқыл/ қосарланған негіз
Егер негіздік буферлік ерітіндіге күшті қышқыл қоссақ, әлсіз негізбен әрекеттесу жүреді:
NH4OH + HCl = NH4Cl +Н2О
NH3 + H+ = NH4+
Негіз буферлік жүйедегі тұзбен реакцияға түсіп, оның орнына әлсіз негіздің эквиваленттік мөлшері түзіледі.
NH4Cl + NaOH = NH3 + H2O + NaCl
NH4+ + OH = NH3 + H2O
3. Тұздармен түзілген буферлі ерітінділер
Мысалы, фосфаттық буфер NaH2PO4 + Na2HPO4 ерітіндісі
H2PO4/ HPO42–
Әлсіз қышқыл /қосарланған негіз
Күшті қышқылды қосқанда реакция қосарланған негізбен өтеді:
Na2HPO4 + HCl = NaH2PO4 + NaCl
HPO42– + H+ = H2PO4

Ал, сілті ерітіндісін қосу, әлсіз қышқылмен реакцияның жүруіне әкеледі:


NaH2PO4 + NaOH = Na2HPO4 + H2O


H2PO4 + OH = HPO42– + H2O

Осылайша, қарастырылған мысалдардан ерітінділердің буферлік әрекеті олардың құрамына тәуелсіз және енгізілген Н+ или ОН- иондарымен буфердің сәйкес компоненттері әрекеттесуіне байланысты екенін көреміз.


Әрбір буферлік жүйе өзіне тән Н+ ионымен сипатталады, жүйеге күшті қышқыл мен негіз қосылғанына қарамастан оны тұрақты күйде сақтауға ұмтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет