Оқу мақсаты:
күшті қышқыл және күшті негіздің pH‑ін есептеу
Цель обучения:
Learning objective:
Қандай күшті қышқылдар мен негіздер білесіздер? Мысал келтіріңіздер.
Күшті қышқылдар мен негіздер сулы ерітінділерде иондарға диссоцияланады.
Күшті қышқылдардың сулы ерітінділерінде протолиттік тепе-теңдік оңға қарай ығысқан:
HA→ H+ + A-
Күшті бір негізді қышқылдардың толық диссоциациясы салдарынан сутек иондары концентрациясы НА қышқылы концентрациясына тең болады.
Күшті НА типті қышқылдар үшін сутектік көрсеткіш келесі формуламен есептеледі:
рН = -lg[HA]= -lg[H+]
Мысал: Концентрациясы 0,1 моль/л HCl ерітіндісі рН-ін есептеңіздер
[H+]=[HA]=0,1
рН = -lg[H+] = -lg (0,1) =1
Күшті екі негізді қышқылдар екі сутек ионын түзе диссоциаланады.
H2SO42H+ +SO42-
Мысал: Концентрациясы 0,1 моль/л H2SO4 ерітіндісі рН-ін есептеңіздер
Сутек ионы концентрациясы: [H+]=2·0,1=0,2
рН = -lg[H+] = -lg (0,2) =0,7
Күшті негіздер диссоциациясы гидроксид-ион түзе жүреді.
МОН→ М+ + ОН-
Судың иондық көбейтіндісін қолданып алдымен сутек ионы концентрациясын, соңынан ерітінді рН-ін есептейміз:
[H+]=1·10-14/ [OH-]
рН = -lg[H+]
Күшті негіздердің сутектік көрсеткішін басқа әдіспен де табуға болады, алдымен рОН мәні анықталады да, содан кейін ерітінді рН-і есептеледі:
Достарыңызбен бөлісу: |