Сванте Август Аррениус
(1859 -1927)
швед физико-химигі, электролиттік диссоциация теориясы авторы, химиядан Нобель сыйлығы лауреаты
Йоханнес Николаус Брёнстед
(1879-1947)
Дат физикохимигі, Дат ғылымдары королдік қоғамы мүшесі.Протондық қышқылдық және негіздік теория авторы, қышқылдық-негіздік катализ теориясын ұсынған.
Т омас Мартин Лоури
(1874-1936)
Британдық химик, ғылыми жұмыстары органикалық қосылыстардың оптикалық белсенділігін зерттеуге арналған,
протондық қышқылдар мен негіздер теориясының авторы
Гилберт Ньютон Льюис
(1875-1946)
америкалық физикохимик, АҚШ Ұлттық Ғылым академиясы мүшесі, негізгі еңбектері химиялық термодинамика мен зат құрылысы теориясына арналған, коваленттік байланыс теориясын құрғандардың бірі, қышқылдар мен негіздер теориясының авторы
Тірек түсініктер: қышқыл,негіз, электрон жұбы доноры, электрон акцепторы, электрон жұбы акцепторы, протон доноры, протон акцепторы
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Деңгей
|
Тапсырмалар
|
Білу
|
Сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді орныа қойыңыздар:
Льюис қышқылдары ________________, негіздері _________________. Льюис теориясы бойынша FeCl3 _____________. Льюис негізі мысалына жататын __________________.
|
Түсіну
|
Калий гидроксидін Аррениус пен Бренстед –Лоури қышқылды - негіздік теориясы тұрғысынан сипаттаңыздар
|
Қолдану
|
Келесі иондарға сәйкес келетін қосарланған қышқылдарды атаңыздар:
NO2-
OH-
CO32-
Br-
NH3
|
Талдау
|
Бренстед - Лоури теориясы бойынша берілген реакциялардағы қосарланған жұптарды анықтаңдар:
CH3COOH + NH3 ⇌ NH4+ + CH3COO–
CO32– + H3O+ ⇌ H2O + HCO3-
NH4+ + NO2- ⇌ HNO2 + NH3
Негіздер мен оларға қосарланған қышқылдарды жазыңдар
|
Жинақтау
|
Берілген HCO3- ионының Бренстед –Лоури қышқылы, әрі негізі екенін дәлелдейтін реакция теңдеулерін жазыңыздар
|
Бағалау
|
HPO42-, H3PO4, H2PO4- қатары бойынша қышқыл күшін салыстырып, ретімен орналастырыңыздар. Дәлелді жауап беріңіздер.
|
§ .Судың иондық көбейтіндісі
Достарыңызбен бөлісу: |