СеренПетер Лауриц Серенсен (1868-1939) Серен Петер Лауриц Серенсен – дат физикохимигі әрі биохимик, Дат королдік ғылым қоғамының мүшесі. рН сутектік көрсеткіш ұғымын енгізіп, ферменттердің белсенділігі рН-қа байланысты екенін дәлелдеген
Ерітіндідегі pH мәнін анықтау әдістері Ерітіндідегі рН мәнін анықтаудың бірнеше әдісі бар.
1. Сутектік көрсеткіштер индикаторлар көмегімен анықталады.
Қышқылды-негіздік индикаторлар – ерітіндіде орта қышқылдығы (рН) өзгергенде түстерін өзгертуге бейім органикалық қосылыстар.
Кесте 1- Орта рН-на сәйкес кейбір индикаторлардың түстерінің өзгеруі
2. рН мәнін pH-метр аспабы көмегімен өлшейді
3. рН мәні аналитикалық жолмен қышқылды-негіздік титрлеу көмегімен анықтауға болады.
Сіздер білесіздер ме?
Бақша гортензиясы түсін ақ түстен көгілдір немесе қызғылтқа дейін өзгерте алады. Шар тәрізді гүл шоғырларының түсі топырақтың қышқылдылығына байланысты. Гортензия түсі бойынша топырақтың қышқылдық-негіздік ортасын анықтауға болады: қызғылт түс әлсіз қышқылдық немесе бейтарап ортаны, көгілдір түс топырақ қышқылдылығының жоғары екенін көрсетеді.