Қышқылды-негіздік титрелеу қисығы титрленуші ерітіндінің титрант көлеміне(титрлену дәрежесіне) қатысты рН өзгерісін графикалық жолмен көрсетеді. Титрлеу қисығын талдау ерітіндінің эквиваленттілік нүктесіне жақын pH аралығын, яғни титрлеу өзгерісін анықтап, индикатор рТ мәні титрлеу қисығы өзгерісіне сай келетін индикаторды таңдауға мүмкіндік береді.
Титрлеу қисығын тұрғызу үшін эквиваленттік нүктесіне дейінгі, эквивалент нүктесіндегі және эквивалент нүктесінен кейінгі рН мәнін есептейді.
Сурет - Көлемі 100,0 мл 0,1 М HCl-ды 0,1 М NaOH ерітіндісімен титрлеу қисығы
Суреттен көріп тұрғанымыздай, титрлеу қисығының басында ерітінді рН мәні ерітіндіде тұз қышқылының болуына орай анықталып, сілті қосқанда шамалы ғана өзгереді.
Эквиваленттік нүктеге жақын жерде өте аз мөлшерде сілті қосқанда рН күрт секіруі орын алады.
Баламалылық нүктесінде ерітіндіде тек тұз және су бар. Күшті негіздің тұзы және күшті қышқыл гидролизге ұшырамайтындықтан, ерітінді ортасы реакциясы бейтарап рН = 7.
Сілтіні одан әрі қосу ерітіндінің рН ұлғаюына әкеледі, ол титрлеудің басындағы сияқты құйылатын титрант көлемінен шамалы өзгереді. Күшті қышқылдарды күшті негіздермен титрлеу жағдайында және керісінше, эквиваленттік нүкте ерітіндінің бейтараптылық нүктесімен сәйкес келеді. .
Тірек түсініктер: титрлеу, стандартты ерітінді, титрант, аликвота, қышқылдық-негіздік титрлеу, ацидиметрия, алкалиметрия.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Деңгей
|
Тапсырмалар
|
Білу
|
«Титрлеу», «титрант», «аликвота», «қышқылды-нгеіздік титрлеу», «қышқылды –негіздік индикаторлар», «титрлеудің соңғы нүктесі» түсініктеріне анықтама беріңіздер
|
Түсіну
|
Қышқылды-негіздік титрлеудің мәнін түсіндіріңіздер.
|
Қолдану
|
Қышқылды– негіздік индикаторларды атап қышқылдық және негіздік ортада түстерінің өзгеру аймағын анықтаңыздар.
|
Талдау
|
Титрлеу қисығы не үшін қажет? Қышқылды-негіздік титрлеуде оларды салу принципі қандай?
|
Жинақтау
|
Қышқылды-негіздік титрлеуде қай индикатор: метилоранж, метилді қызыл, фенолфталеин және лакмустың қайсысы күшті қышқылды күшті негізбен титрлегенде ең аз индикаторлық қате береді? Дәлелді жауап беріңіздер.
|
Бағалау
|
«Титрлеу» тақырыбына синквейн құрыңыздар.
|
§ Күшті қышқылды күшті негізбен титрлеу
Достарыңызбен бөлісу: |