Оқу орыс тілдерінде


Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау



бет45/54
Дата26.12.2023
өлшемі182,46 Kb.
#143867
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54
Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау

Мақсаты: Тоқсан бойы лексика-грамматикалық тақырыптарды қаншалықты игергенін анықтау, сауаттылығын тексеру.


Лексикалық тапсырмалар.
1.Берілген сөздерді септеңіздер:
Ғалым, зерттеу
2. Көп нүкте орнына қажетті тәуелдік жалғауын қойыңыздар
Сіздердің анықтамалар..., істің жағдай..., менің шешім...,
ЭЕМ мүмкіндіктер..., ақпараттар жиын...
3. Берілген зат есімдерден қатыстық сын есім жасаңыздар.
Белгі, ақыл, әлем, мемлекет
4. Мына сөздердің синонимін жазыңыздар:
еңбек - ...., бітіру -...., айналысу -... (жұмыс,аяқтау, шұғылдану)
5.Төмендегі сызба бойынша салалас құрмалас сөйлемдер жазыңдар.
1.________,сондықтан________.
2.____ біресе_______,біресе_______.
6.Берілген сөз тіркестерімен сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар
Еңбек жолы, институт бітіру

Грамматикалық тапсырмалар.


1. Қазақстан қандай елдермен шектеседі?( солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен,оңтүстікте-Қырғызстан,Өзбекстан, Түркіменстанмен шектеседі)
2. ҚР-ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан)
3.Қазақ халқының атақты ғалымдарын атаңыздар.
4.Қаныш Сәтбаевтың қанша ғылыми еңбегі бар? (640-тан астам)
5.Көп нүктенің орнына тиісті баяндауыштарды қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.
1. Қаныш Имантайұлы ірі мемлекет және қоғам қайраткері … . 2. Оның ерекше қасиеті – студенттік шағынан … өмірінің соңғы күндеріне дейін – қарапайымдылық, кішіпейілділік, адамдарға сергек … , қолынан келмеген көмегін … .
Керекті сөздер: аямау еді, қарау, бастап, болды.
6.«Қазақ халқының ғалымдары» деген тақырыпқа диалог құраңыздар.


Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған аралық бақылау
Мақсаты: 1,2-тоқсан бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарды оқушылардың қандай деңгейде игергенін тексеру.
Қаныш Сәтбаев.
Академик Қаныш Имантайұлының өмірі, қызметі, ғылыми еңбектері туралы біраз кітаптар бар. Бес томдық таңдамалы еңбектері 1967-1970 жылдары жарық көрді. «Өнегелі өмір» сериясында Мәскеуде «Сәтбаев» ғұмырнамасы орысша, кейін қазақша шықты. Ғылыми еңбектерінің көпшілігі минералдық ресурстарды зерттеуге арналған.
Сәтбаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын. Түрлі қиыншылықтарға ешқашан мұңаюды білмейтін. Үнемі жылы жүзді, жан дүниесі кең, дарынды. Ірі ғалым соғыстың ауыртпалығына дұшар болып, Қазақстанға келген көптеген мамандар мен ғалымдарға рухани және материалдық көмек көрсеткен.
Қ.И.Сәтбаев құрметіне Жоңғар Алатауы жотасындағы мұздық пен шың аталған. «Сәтбаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолус гүлі, кіші планеталардың бірі, Жезқазған облысында қала аталған. (96 сөз)
(Диктанттар жинағы 10-11 сынып. Қостанай 2004 8-бет.)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей

  1. Сызбаға сәйкес сөз тіркесін теріп жазыңыздар.

І нұсқа. Зат есім+етістік ІІ нұсқа. Сын есім+зат есім
2.Берілген сөздердің синонимін, омонимін жазыңыздар.
І нұсқа: Белгілі, еңбек, жүз, аты. ІІ нұсқа: Көмек, бас, кітап, жаз.
3. Мына сөздерден жұрнақтар арқылы сын есім жасап, олармен сөйлем құраңыздар.
І нұсқа.Ұлт, өнеге ІІ нұсқа. білім, атақ
ІІ деңгей
1. Белгіленген сөзге морфологиялық талдау жасаңыздар.
I нұсқа – Түрлі қиыншылықтарға ешқашан мұңаюды білмейтін.
II нұсқа -Сәтбаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын.
2.Берілген құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар:
I нұсқа- Сәтбаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын. II нұсқа- Ірі ғалым соғыстың ауыртпалығына дұшар болып, Қазақстанға келген көптеген мамандар мен ғалымдарға рухани және материалдық көмек көрсеткен.
І деңгей
1. «Қазақстанның белгілі ғалымдары»деген тақырыбына эссе жазыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет