Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау Мақсаты: Оқушылардың бағдарлама бойынша алған білімдерін нақыштап қорытындылау және сауатты жазуға баулу.
Лексикалық тапсырмалар:
Берілген адамдардың есімдері немен әйгілі болғанын көрсетіңіздер.
Билл Гейтс, Ахмет Байтұрсынов, Абай Құнанбайұлы
Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
А)Интертеттің туған жылын қай жыл деп саналады? (1990 жылы 1 тамызда КУРЧАТОВ технология институтында)
Ә) Интернетке қандай адамдар кіре алады?
Б) Сенің кім болғың келеді?
Мамандыққа байланысты білетін мақал-мәтелдер, қанатты сөздерді жазыңыздар.
«Ер дәулеті – еңбекте» деген тақырыпқа шағын шығарма жазыңыздар.
Грамматикалық тапсырмалар:
Райлар
Сызбаны толтырыңыздар.
Берілген сөздердің орысша баламасын екінші бағанадан тауып, бағдар сызықпен көрсетіңіздер.
Мамандық интернет
Болғым келеді век техники
Техника ғасыры хочу быть
Сапалы, жылдам специальные программы
Арнаулы бағдарламалар качественно, быстро
Ғаламтор профессия
Берілген сөйлемдерден бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді көшіріп, сол сөздерге сұрақ қойыңыздар.
Ол 1921-1932 жылдары Алматыдағы Н.Г.Хлудов студиясында, 1934- 1937 жылдары Мәскеудегі көркемөнер студиясында оқыған.
Мен өзім мал дәрігері болғым келеді.
Менің әкем – ұшқыш, шешем дүкенде сатушы.
Морфологиялық талдау жасаңыздар.
Көздің (ауруы), жүйкеге (қатысты), компьютермен (ойнау).
Кейінгі ықпал - ережесін жазып, мысал келтіріңіздер.