Оқу орыс тілдерінде


Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған ІV тоқсандық бақылау



бет48/54
Дата26.12.2023
өлшемі182,46 Kb.
#143867
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54
Байланысты:
Диктанттар жинағы (5-11 сынып)

Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған ІV тоқсандық бақылау

Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және сауатты жазуларын қадағалау.

Грамматикалық тапсырмалар:


  1. Сұраққа жауап беріңіздер.

«Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен ғылыми еңбектері кіммен жазылған? (А.Байтұрсынов)

  1. Стильдің түрлерін жазыңыздар, стильге байланысты мысалдар келтіріңіздер.

  2. Мақалды толықтырыңыздар.

Оқу – ... мен құдық қазғандай.
... түбі – тоқу.

  1. Ш.Уәлиханов, Ж.Күднрин, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Тынышбаев туралы білетіндеріңді жазыңыздар.

  2. «Мамандық» тақырыбына диалог құраңыздар.

  3. «Алаш ғылымдары» тақырыбы бойынша эссе жазыңыздар.

Лексикалық тапсырмалар:



  1. Берілген сөздердің жазылу түрін анықтаңыздар.

Әке/ шеше, аға /іні, туған/ туыс.
Жылы/жылы, сөйлей/сөйлей, досы/туысы.
Ап/анық, жап/жасыл, әке/аға.

  1. Сөйлемді дұрыс құраңыздар.

(Кейіннен Ұлтай Ділдәбекова адал еңбегінен зор абыройға ие болды.)

  1. Берілген сөздерді құрамына қарай талдаңыздар.

Өнертапқыштық, зерттеулер, күншығыс, есепшотына.

  1. Морфологиялық талдау жасаңыздар.

Кіші (баласы), әкесіне (көмектесу).

  1. Мына сөздерден туынды зат есім жасаңыздар.

Оқу –
Мұра –
Сөз –
Еңбек –

  1. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.

Олардың кейбіреуі – тілші, суретші, балташы, енді біреулері – сәулетші, жүргізуші, жазушылар.

Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған жылдық бақылау

Мақсаты: Мемлекеттік стандарттың орындалуын қадағалау; оқушылардың сауатты жазу дағдылары мен грамматика бойынша қалыптасқан білім, білік дағдыларының деңгейін анықтау.


Мамандық
Мамандық таңдау – әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді өз қабілетіне де қарай таңдап алады. Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Халық алдына шығып ән салатын әнші болу. Адам өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. Шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу.
Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделе бастайды.Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ізденеді. Көп оқиды. Түрлі мамандықта еңбек етіп жүрген адамдардың өмірімен танысады.
Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, журналист болу үшін оқу керек. Бақташы, сауыншы, егінші, шопан болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал жақсы жұмысшы, кенші, құрылысшы болу үшін өндірісте істеу керек.
Бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол бала шақтан басталады. (Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Ж.С. Қалиева, 135 сөз)
Грамматикалық тапсырма:

ІІІ деңгей.



  1. Берілген сөйлемдердегі асты сызылған сөздер құрамына қарай талдаңыздар

І нұсқа: Бірінде, он шақты бала жидек теруге келдік.
ІІ нұсқа: Керексіз жерде-ақ сақылдап күліп, қарға адым жердеайғайлап сөйлестік.

  1. Сөздерді септеңіздер.

І нұсқа: Өмір
ІІ нұсқа: журналист

  1. Берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыздар.

І нұсқа: Жұмысшы
ІІ нұсқа: Мамандық
ІІ деңгей.

  1. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.

І нұсқа: Қамшыдан қайқалақтаған Әбзидің арық қабырғасы ыржың-ыржың етіп, екі қолымен арқасын уқалай "ағатайлаған" дауысы тым ащы шықты.
ІІ нұсқа: Кіруін ұрланып кірсек те, көңілді көкке көтеріп, қылп еткен сыбдырға жаңғырығып тұрған нуға кіргесін, айғайламасқа дәтіміз шыдасын ба!

  1. Сөз тіркестерден салалас құрмалас сөйлем жазыңыздар.

Болашақ маманым, жақсы оқу, университетке түсу.
І деңгей.

  1. «Менің болашақ мамандығым» тақырыбына эссе жазыңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет