Оқу құралы I бөлім Қостанай, 2016 2



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата03.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#5957
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

 
 
Өзiндiк дайындыққа арналған сұрақтар: 
 
 1. Ф.Бэкон таным саласында кездесетiн елестердi қалай деп атайды? 
 2.  “Жемiстi”  тәжiрибелердiң  “сәулелi”  тәжiрибелерден  айырмашылығы        
қандай? 
 3. Танымдағы индуктивтi методтың маңызы қандай? 
 4. Р.Декарттың философиясының негiзгi принциптерiн есiңiзге түсiрiңiз 
 5. Р.Декарттың “күмәндану” принципiнiң маңызы неде? 
 6. Дедуктивтi метод қай ғылым салаларында көбiрек қолданылады? 
 7. Т.Гоббс “субстанция” ұғымын қалай түсiнедi? 
 8. Т.Гоббс тiл мен ойдың ара-қатынасын қалай анықтайды? 
 9. Т.Гоббс мемлекеттiң пайда болуы  жөнiнде қандай теория жасайды? 
 10. Ағарту философиясының негiзгi ерекшелiктерi. 
 11.  Деизм дегенiмiз не? 
 12.  Ш.Монтескьенiң “заңдық көзқарас” жөнiндегi ойлары. 
 13. “Географиялық детерминизм” дегенiмiз не? 
 14.  Ж-Ж. Руссоның теңсiздiктiң пайда болуы жөнiндегi идеялары. 
 
Ойланыңыз: 
 
1.
 
Т.Гобсстың :“Өзендегі судың ағысы ерікті де қажетті, өйткені ол арнасынан 
шығып кете алмайды ”,-дегенін қалай түсінесіз? 
2.
 
Т.Гобсстың:“Тілсіз адамдарда мемлекет, қоғам, шарт, бейбітшілік те болмас 
еді”  бұл пікірінің мағынасы неде? 
 3.
 
 “Әділеттілік - ғылымдағы - ең басты ізгіліктік ақиқат сияқты,  
қоғамдық институттардың ең бастысы ізгілігі болып табылады”, бұған не 
дер едіңіз?  
 
Реферат тақырыптары: 
 
1.
 
Ф.Бэкон- Жаңа дәуірдегі философияның негізін қалаушы. 
2.
 
Р.Дикардтың рационалдық филосовиясы. 
3.
 
Б.Спинозанның  пантеистік ілімі. 
4.
 
Ф.Бэконның танымдағы елестері. 
5.
 
В.Лейбництің монадологиясы. 
6.
 
Дж.Локктың жеке меншік пен азаматтық қоғам жөніндегі ойлары. 
7.
 
Дж.Локктың танымдық ілімі. 

 
 
94 
 
8.
 
В.Лейбництің теодицеясы. 
9.
 
Ф.Бэкон танымдық теориясы. 
10.
 
Т.Гоббстың мемлекет жөніндегі ілімі. 
11.
 
XVIIIғ. «Ағарту философиясының ерекшеліктері». 
12.
 
Д.Толанд пен А.Коллинздің деистік көзқарастары. 
13.
 
А.Шефтсберри мен Б.Мандевильдің моральдық философиялары. 
14.
 
Ф.Вольтердің философиялық көзқарастары. 
15.
 
Фрнацуз энциклопедияшылары. 
16.
 
Ш.Монтескьенің мемлекет билігін бөлу принципі. 
17.
 
Ж.Ж.Руссоның «қоғамдық шарт» тұжырымдамасы. 
 
 
 
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ:
 
 
Негізгі: 
1.      Мырзалы С.К. Философия. - Оқулық, Алматы: Бастау, 2008. 
2..     Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы. 
-Алматы, 1999ж. 
3.      Зотов А.Ф.Современная Западная философия. – М.:Высшая школа,2012 . 
4.      Тұрғынбаев Ә. Философия , Алматы, 2001 . 
5.      Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой. 
(арнаулы және еркiн дәрiстер курсы). –Алматы. 1994. 
6.      Петрова В.Ф.,Хасанов М.Ш. Философия. -  Алматы, Эверо,2014. 
7.      Сегизбаев О.А История казахской философии : От первых архаичных 
представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ               
столетия:Учебник для вузов. -  Алматы: Ғылым,2001. 
8.      Нұрғали Ардақ.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. – 
Алматы:Атамұра, 2000. 
 

 
 
95 
 
Қ
осымша: 
1.       Алексеев П.В.,Панин А.В Философия. – М.,:Проспект,2010. 
2.       Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской философии. –      
Алматы: К-ИЦ  ИФП  КН  МОН  РК,2011. 
3.       Бегалинова К.К.,Альжанова У.К. Философия. Часть 1,2. – Алматы: Жібек 
жолы, 2014. 
4.       Есім Ғ. Сана Болмысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. 
5.       Лавриенко В.Н. Философия. – М.: ИД Юрайт, 2011. 
6.       Кирабаев Н.С. Учебное пособие по курсу «Средневековое арбо-
мусульманская философия». – СПб.: СПбГУ,2005 
7.       Немировская Л.З. Философия: История и теория. – М.,Изд Россиийского 
Нового Университета , 2007. 
8.       Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік – философиялық 
талдау. – Алматы, БҒМ ФСИ баспасы,2000. 
9.       Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. – Алматы: Өлке,1994. 
10.     Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. Избранные тексты. 
– Москва: Восточная литература,2001. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
96 
 
 
1 тірек кесте. Рене Декарт (1596-1650 ж .ж. ) 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                     
Декарттың метафизикалық 
ортаңғы ұғымы – субстанция - 
әрбір мән жалпы, өзіне ғана 
болмаса, өзі үшін өмір сүреді 
ештеңеге мұқтаж емес 
Жаратылған дүниеде 
субстанцияның 2 түрі бар-
рухани (оның негізгі белгісі- 
ойлау) және материалдық 
(негізгі белгісі созылу) 
Елестету, сезімдік, ерік-ынта – ойлау модустары;  
Пішін,орын,қозғалыс – созылу модустары 
Декартын дуализмі: 
денелік және рухани 
субстанция – екі 
өзара тәуелсіз 
бастама 
Құдай – денелік пен 
рухани 
субстанциялар адам 
жаны мен тәнінің  
бірлігінің кепілі 
«Мен ойлаймын, демек өмір 
сүремін» 
Күмадану концепциясы: қажеттілік, 
күманданудың кезеңі мен шегі 
Дұрыс және айқын таным 
туралы Декарт ілімі. 
Рационализм және туа біткен 
идеялар ілімі. Дедуктивтік 
тәсіл мен әдістің негізгі 
ережелері 
Декарттың «физика» 
философиясы: 
-материя туралы ілімі 
-қозғалыс механикалық орын 
ауыстыру ретінде 
-Декарт космогониясы: 
материалдық бөлшектердің 
бейберекеттігінен планетаның 
пайда болуы 
-Адам денесіне механикалық 
ереже-тәртібін қолдану 

 
 
97 
 
 
2 тірек кесте. Б. Спиноза (1632-1677 ж.ж.) 
 
                                                      Негізгі еңбегі «Этика» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бірегей субстанция 
туралы монистик ілімі 
(құдай немесе табиғат) 
Құдай – шексіз тұлғасыз 
мән, басты айқындығы 
өмір сүруіңде  болып 
табылады 
Субстанция екі негізгі 
белгіге ие-ойлау мен 
созылу 
Барлық материя ойлауға 
қабілетті; еркіндікті 
саналы қажеттілік ретінде 
түсіну 
Модус – субстанцияның 
әртүрлі күйлері. Созылу 
– материя модусында. 
Ойлау – ақыл-ес 
модусында  
Дүниеде болып жатқанның 
бәрі – модустардың шексіз 
дәйекті ілінісі 
Абсолюттік детерменизм 

 
 
98 
 
 
3 тірек кесте. Г. В. Лейбниц (1646-1716 ж.ж.) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әлем көрінісі мен метафизика: 
Лейбництің матеметика, физика, 
биологияға қосқан үлесі. Декарттың 
механицизмасына сын және 
философиялық динамизмді негіздеуі 
Монаданың – көптүрлігі 
туралы ілімі 
Локктың эмпиризміне 
сын және рационализмді 
жаңаша негіздеуі 
Монадалар үздіксіз өзгерісте 
болады, сондықтан «қандай 
да болмасын болмыс ... 
өзгіріске түседі». 
Сананың белсенділігі 
және адам еркіндігі 
Ақиқат туралы ілім. Қажетті 
ақиқат: немесе «ақыл-ес 
ақиқаты» және кездейсоқ 
ақиқат, немесе «факталық-
деректі ақиқат» 
«Алдында сезімде 
болмаған, ақыл-есте де 
ештеңе болмайды» - 
«ақыл-естің өзінен 
басқа». 

 
 
99 
 
 
4  тірек кесте. Схоластика және материализм 
 
 
(Б.Спиноза, Р.Декарт, 
 
Ағылшын  материализмі) 
 
 
     Схоластика                                  Жаңа дәуір материализмі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әлемді құдай жаратқан және оны 
басқарады. 
Құдай = Табиғат (пантеизм). 
Білімнің бұлағы – жаратқанның 
сыйы. 
Білімнің бұлағы  - сезімде. 
Таным әдісі – формальдық логика, 
дедукция. 
Таным әдістері – эксперимент, 
индукция, анализ. 
Адамның танымдылығы – әлсіз 
немесе  бәрін тануы мүмкін емес
 . 
Шынайы білімділік мүмкін. Білім 
– күш. 

 
 
100 
 
6 тақырып. XVIII ғасырдағы Европаның Ағартушылық философиясы 
 
Әлемдік  мәдениет  аясындағы  ХVIII  ғасырдағы  Француз  ағартушылық 
философиясының  орны  ерекше.  Бұл  философиялық-саяси  бағыттың  негізін 
қалаған  Ф.Вольтер  мен  Ш.Монтескье  болды.  Олардың  еңбектері  француз 
ағартушыларының екінші буынының қалыптасуына зор әсерін тигізді. Оларға: 
Ж.Ламетри, Д.Дидро, Э.Кондильяк, Ж.Ж Руссо, А.П.Гольбах сияқты ойшылдар 
жатады.  
  
Француз  ағартушылары  философияның  деңгейін  өте  биік  дәрежеге 
көтерді.  Адамзатты  тебірендіретін  барлық  мәселелер  философиялық  зерде 
тұрғысынан  шешілуі  қажет  –  бұл  олардың  негізгі  қағидасы.  Ой  еріктігі 
бұрынғы-соңғы  болмаған  дәрежеге  көтерілді:  дін,  табиғатты  түсіну,  қоғам, 
мемлекеттің  құрылымы  мен  басқарылуы  –  бәрі  де  үзілді-кесілді  сыннан  өтті, 
бүкіл  бұрынғы  қалыптасқан  көзқарастардың  көпшілігі  теріске  шығарылып 
Дүниеге деген жаңа таным қалыптаса бастады. 
 
Француз  ағартушыларының  еңбектерінде  табиғат  және  ондағы  адамның 
орнына  деген  материалистік  көзқарас  қалыптаса  бастады.  Әсіресе,  олардың 
әлеуметтік-саяси көзқарастары сол кездегі қоғамдағы ахуалға өзінің зор әсерін 
тигізді. Егер ағылшын ағартушыларының көбі король билігін жақтап, я болмаса 
аристократияны  қолдаса,  француз  ойшылдары  феодалдық  тәртіпке  үзілді-
кесілді қарсы шығып, саяси-құқықтық мәселелерді күн тәртібіне ашық та айқын 
қоя білді. 
 
Вольтердің ағартушылық философиясы 
 
Франция  ХVIII  ғасырда  ағылшын  философиясының  ықпалымен 
ағартушылық  ілімінің  ошағына  айналды.  Бұл  қоғалыстың  көсемі  Вольтер, 
шын  аты-жөні  Франсуа  Мари  Аруэ  (1694-1778  жж)  болды.  Негізгі 
шығармалары:  «тарих  философиясы»  «Философиялық  повестер  мен 
әңгімелер», «Эстетика» , «Хаттар», т.б.  
Ф.Вольтер француз философы ағартушы, жазушы. Д.Дидро мен Д.Аламбер 
редакторы болған француз «Энциклопедиясын» құрастыруға ат салысты. 
Вольтердің өткір де шыншыл шығармалары арқылы ағартушылық идеясы 
толық  қалыптасып,  барлық  Европа  елдеріне  тарады.  Өз  шығармаларында 
Вольтер  феодализімнің  келеңсіз  жақтарын  және  діннің  қағидаларымен 
уағыздарын  келеке  етіп,  сынға  салды.  Дегенмен  де  ол  құдайдың  бар  екенін 
мойындады,  бірақ  ол  жоқты  бар  ете  алмады,  ол  тек  табиғаттың  алғашқы 
қозғаушы  күші  ғана.Табиғат,  қоғам  әрі  қарай  өз  заңдылықтарымен  дамиды. 
Вольтер  құдайдың  әр  түрлі  қасиеттерін  негіздеуге  тырысатын  дінді  де,  оған 
қарсы  –  атеистік  ілімді  де  жақтамайды.  Олардың  біріншісін  дәлелсіз 
болғандықтан мойындамаса, екіншісіне қоғамдық тәртіпті бұзады  – деп қарсы 
болады. 
 
 
 

 
 
101 
 
Ф.Вольтердің онтологиялық және гносеологиялық көзқарастары 
 
Ф.Вольтер – деист, оның Құдайы өшпес мәңгілік өсиет-уағыз бен әлемдік 
физикалық тәртіпті жасаушы – ұлы инженер (жаратушы).  
Қалған  барлығы,  яғни  салт-дәстүр,  құдыретке,  кереметке  сену  діндегі бар 
дүниелер  т.б.,  -  ырымшылдық,  наным,  жоққа  сенушілік  болып  табылады. 
Таным мәселесінде – сенсуалист болды. 
 
Ф.Вольтердің әлеуметтік-саяси көзқарастары 
 
Тарих  –  жауапкершіліктің  бәрін  бір  өзі  арқалайтын  адамдардың  іс-
әрекетінің жемісі. Ф.Вольтер өзінің ағартушылық көзқарастарында діни сенімге 
түсінушілік  пен  төзімділік  (толеранттық),  сабырлық  пен  тағаттылыққа, 
адамдардың  еркін  ой  мен  міндеттерінің,  жауапкершілік  пен  парыз-борыштық 
құқықтарының  тең  болуын  және  олардың  табиғи  құқықтарын  силауға, 
құрметтеуге уағыздайды.   
 Адамзат  тарихы,  Вольтердің  пікірінше,  адамзаттың  прогресс  пен 
білімділік  үшін  күрес  тарихы.  Өркениетті  адам  табиғатпен  алғашқы  қауым 
адамымен  салыстырғанда  әлдеқайда  үйлесімді  өмір  сүреді.  Осы  тұрғыдан  ол 
«адамзат үшін мәдениеттің құндылығын баса көрсетті. Мемлекетті басқарудың 
ең  тиімді  түрі  –  ағартушылық  монархия.  Ол  ерікті  қоғамның  қалыптасуына 
жағдай жасау керек. Сол кезде ғана ерікті қоғамның басты табиғи талаптары  - 
сөз, баспасөз, ар-ождан бостандықтары шын мәнінде жүзеге асады. Қоғамдағы 
әлеуметтік    теңсіздік  заңды  құбылыс,  ал  адамдар  тек  қана  заң  алдында  тең 
болулары керек. 
   Жалпы алғанда, Вольтер тарихқа, әсіресе мәдениет және философия тарихына 
ерекше  көңіл  бөліп,  осы  ғалымдардың  дамуына  себепкер  болған  және 
ағартушылық идеяны қағида ретінде қабылдап, уағыздаған ойшыл. 
 
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 
 
1.
 
Ф.Вольтердің діни және атеистік ілімге деген көзқарасы. 
2. 
Ф.Вольтердің адамзат тарихындағы прогресске (үдеу, өрлеу) мәселесінің 
мәні.
 
3. 
Ф.Вольтер ерікті қоғам турасындағы идеясы.
 
4.
 
Ф.Вольтердің мәдениеттің құндылығы туралы ойлары. 
5. 
Ф.Вольтердің ағартушылық-философиялық ұстанымдары.
 
 
 
Ш.Монтескьенің философиясы 
 
Монтеське Шарь Луи (Шарль Монтескье) (1689-1755 жж)  
құқық 
және  тарих  мәселесін  философия  тұрғысынан  қарастырған  француз  ойшылы. 
Негізігі еңбектері: «Фарсылық хаттар», «Римдіктердің ұлылығы мен күйреуінің 
себептері туралы пікірлер» т.б.  

 
 
102 
 
Монтеське әр халықтың және елдің заңдарын, саясы өмірін табиғи және тарихи 
жағдайлардың ерекшеліктерінен деп түсіндірді. 
 
 
Ш.Монтескьенің құқық және мемлекет философиясы 
 
Құқық  пен  мемлекет  философиясының  дамуына  француз  ойшылы  Шарль 
Монтескье  (1689-1755)  елеулі  үлес  қосты.  Монтескьенің  философиялық-
құқықтық  зерттеулерінің  енгізгі  пәні  және  ондағы  қарастырылатын  басты 
құндылық-саяси  еркіндік.  Осы  еркіндікті  қамтамасыз  етудің  қажетті  шарты-
әділетті заңдар мен мемлекеттікті тиісті ұйымдастыру болып табылады.  
Монтескье  «заңдар  рухын»,  яғни  заңдардағы  заңдылықты  іздестірумен 
шұғылданды.    Құқық  пен  заңның  ажыратылуы  мен  арақатынасы  мәселесі 
Монтескье  ілімінде  дәстүрлік  формадағы  табиғи  құқық  пен  позитивтік  құқық 
арақатынасы емес, «заңдар рухы» мен заңдардың өздерінің (позитивтік құқық) 
арақатынасы түрінде қарастырылады.  
Заттар  табиғатының,  адам  табиғатының  және  т.б  парасаттылығы  туралы 
рационалистік  көзқарасқа  сүйене  отырып  Монтескье  тарихи  өзгермелі 
позитивтік  заңдардың  оларды  туындататын  деректер  мен  себептердің 
логикасын ұсынуға ұмтылды. 
Өзінің әдісін сипаттай  келе ол былай жазды: «Мен адамдарды зерттеуден 
бастадым,  сөйтіп  тапқаным  –  олардың  заңдары  мен  әдептерінің  шексіз  алуан 
түрлілігінің  бәрі  олардың  тек  қиялынан  ғана  шықпаған.  Мен  жалпы 
бастамаларды айқындадым, сөйтіп көргенім – жеке жағдайлардың өз өздігінен 
жалпыға  бағынатынын,  әр  халықтың  тарихы  одан  салдар  ретінде  шығатынын 
және әрбір жеке заңның өзге заңмен байланыстылығын немесе өзге, неғұрлым 
жалпы заңға тәуелділігін».(59 б) 
Монтескье  әдісі  шеңберіндегі  әрқилы  қатынгастағы  заңдылық  (яғни  заң, 
тиісті қатынастар ережесі) – бұл кездейсоқтыққа, еріксіздік пен жазмыштыққа 
(пешене,  тағдыр  қарама-қарсылықтағы  парасаттылық  пен  қажеттілік.  Заң  деп 
осы  әртүрлі  қатынастардың  парасаттылық  бастамаларының  айқындалу, 
шарттасу және байланысу сәттерін, яғни сол қатынастардағы парасаттылықтың 
(және қажеттіліктің) болуын көрсетеді. 
Адамға  қатынасты  алғандағы  табиғат  заңдарын  (жаратылыс  заңдарын) 
Монтескье  «біздің  заңдар  біздің  мәнімізден  шығатын  заңдар  деп  түсіндірді. 
Табиғи (қоғамдыққа дейінгі) жағдайда өмір сүрген адамның табиғи заңына ол 
адам  табиғатының  мына  қасиеттерін  жатқызады,  бейбітшілікке  ұмтылу,  күн 
көріске  азық  табу,  өзара  сұраныс  негізіндегі  адамдар  қатынасы,  қоғамда  өмір 
сүру  тілегі  мен  т.б.  Осы  тұрғыдан  ол  Гоббстың  адамның  туа  бітісінен 
агрессивтігі  және  адамдардың  бір-біріне  билік  жүргізуге  ұмтылуы  идеяларын 
сынады. 
Монтескье  түсіндіруіндегі  оңтайлы  (адами)  заң  әділеттілік  пен  әділеттік 
қатынастардың  объективтік  сипаты  ұйғарады.  Оңтайлы  заң  әділеттікті  бұрын 
жасамайды,  керісінше  әділеттік  оған  себеп  болады.  «Адамдар  жасайтын 
заңдарға  дейін,  деп  көрсетті  Монтескье,  -  әділеттік  қатынастар  мүмкіндігі 

 
 
103 
 
болуы керек».(61 б) 
Жалпы  алғанда  заң  –  барлық  адамдарды  басқаратын  адами  парасат 
болғандықтан «әрбір халықтың саяси және азаматтық заңдары осы парасаттың 
жеке  жағдайларының  көрінісі  болғаннан  артық  ештеңе  емес».  Осы  қағидатты 
жүзеге асыру үрдісінде Монтескье өз жиынтығында «заңдар рухын» құрайтын, 
яғни оңтайлы заң талаптарының парасаттылығын, заңдылықтығын, дұрыстығы 
мен  әділеттігін  анықтайтын  деректерді  зерттеді.  Заңды  жасайтын  (яғни  заң 
құрайтын қатынастар мен деректер) қажетті қатынастарды зерттеу, үрдісінде ол 
ең алдымен берілген халық үшін орнайтын заң сол халықтың ерекшеліктері мен 
қасиеттеріне  сәйкес  келуіне  көңіл  бөлді.  Сондықтан  осы  талаптарға  сәйкес 
келетін  үкіметті  ол  табиғат  неғұрлым  жақындайды,  үйлеседі  деп  бағалады. 
Осыдан  шығатын  жалпы  қорытынды  –  бір  халықтың  заңы  өзге  бір  халықтың 
заңына  жарауы,  ұқсауы  өте  сирек  кездесетін  құбылыс.  Монтескьенің  осы 
идеясы  кейін  құқық  иесі  және  негізгі  құқыққұраушы  күш  ретіндегі  «халық 
тарихы»  туралы  құқықтың  тарихи  мектебі  өкілдері  (Г,Гуго,  Савиньи,  Г,Пухта 
және т.б.) көзқарастарының негізгі арқауы болды.  
Сонымен бірге осы заңдардың берілген үкіметтің (яғни билік формасына) 
табиғаты  мен  ұстанымына,  елдің  жағрапиялық  ерекшеліктері  мен  физикалық 
қасиеттеріне,  оның  жағдайы  мен  өлшеміне,  климатына  (суықтығына, 
ыстықтығына 
немесе 
қоңырсалқындығына) 
топырағының 
сапасына, 
тұрғындарының  өмір  салтына  (диханшылық,  аңшылық,  саудагершілік  және 
т.б.),  оның  халқының  санына,  байлығына,  әдет-ғұрпына  және  т.б.  сәйкес 
келуінің қажеттілігіне зор көңіл бөлінді. 
Монтескье  заңдарға  азаматтық  жағдайда  құрылатын  өкіметтің  табиғаты 
мен  ұстанымы  шешуші  ықпал  етеді  деп  есептейді.  Ол  басқарудың  үш  түрін 
(формасын)  ажыратады:  республикалық,  монархиялық  және  деспоттық. 
Республикалық басқаруда жоғарғы билік бүкіл халықтың (демократия) немесе  
оның  бөлігінің  (аристократия)  қолында  болады.  Монархия  –  бір  адамның 
басқаруы, бірақ қатаң орнатылған заң түрінде жүзеге асады. Деспотияда барлық 
билік заңдар мен ережелерден бір кісінің ерігі мен қалауы арқылы анықталады. 
Монтескьенің  бағалауынша  басқарудың  әрбір  формасының  табиғаты  осындай 
және одан берілген басқару формаларының негізгі іргетастық заңдары» (63 б.) 
туындайды. 
Осы  басқару  табиғатынан  ол  әрбір  формаға  тән  басқару  ұстанымын 
(принципін)  бөліп  қарастырды:  «Басқару  табиғаты»  мен  оның  принципінің 
айырмашылығы  мынада,  оның  табиғаты  оның  бітімінің  қалай  екендігін 
білдіреді,  ал  принцип  –  оны  әрекет  етуге  мәжбүрлеуді  білдіру.  Осының 
біріншісі  оның  ерекше  құрылымы,  ал  екіншісі  –  осыларды  әсерлейтін  адами 
құлшыныстар. 
Басқарудың  әрқилы  формалары  табиғатының  заңнамаға  ықпалы  туралы 
айта  келе,  Монтескье  демократия  үшін  дауыс  беру  құқығын  анықтау  және 
сонымен бірге сайланған өкілдерді (мемлекеттің лауазымды кісілері) бақылау, 
негізгі  заңдар  болып  табылады  деп  ескертеді.  Ол  монархияның  негізгі 
заңдарына  дворяндықтың  жағдайы  мен  билігін  айқындайтын  заңдарды 
жатқызады.  Деспоттық  басқару  жағдайларында,  яғни  заңның  үстемдігі  жоқ 

 
 
104 
 
жерде,  оның  орнына  деспоттың  ойлағаны  мен  қалауы,  дін  мен  әдет-
ғұрыптардың үстемдігі, толық өкілетті уәзір лауазымын орнықтыру негізгі заң 
болып табылады. 
Осы  сәйкестік  ,  тиісті  ұстанымдардың  заңшығарушылық  мағынасы  мен 
заңқұрастырушы  күшін  талдай  келе  Монтескье  «...Заңдар  одан  өзінің  қайнар 
бұлағынан шыққандай ағады» - деп жазды. 
Заң  мен  еркіндіктің  арақатынасын  зерттеу  келе  Монтескье  саяси 
еркіндік  туралы  заңдардың  екі  түрін  ажыратады:  1)  мемлекеттік  құрылысқа 
қатысты  өзінің  саяси  еркіндігін  орнықтыратын  заңдар;  2)  азаматқа  қатысты 
өзінің саяси еркіндігін орнықтыратын заңдар. Сөз , демек, заңнамалық бекітуге 
жататын саяси еркіндіктің институциялық және тұлғалық аспектері туралы 
болып тұр.  
Саяси  еркіндік  демократияда  немесе  аристократияда,  ал  одан  да  әрі 
айтқанда  деспотияда  емес,  керісінше  жалпы  тек  кешенді  басқаруларда  болуы 
мүмкін.  Ал  кешенді  басқарудың  өзіңде  де  саяси  еркіндік  тек  билікті  теріс 
пайдаланбайтын  тұста,  мемлекеттегі  билікті  заңнамалық,  атқарушылық  және 
соттық деп бөлетін жағдайда ғана орын алуы мүмкін. Осындай кешенді басқару 
«ешкімді  заң  міндеттемейтін  нәрсені  істемеуге  мәжбүрлейтін  және  заң  рұқсат 
етілетінді істеуге міндеттейтін мемлекеттік құрылыс ретінде сипатталады.  
Биліктерді бөлу және өзара ұстау жүйесі, мемлекеттік құрылысқа қатысты 
алғанда  оның  саяси  еркіндікті  қамтамасыз  етуінің  басты  шарты  болады.  Енді 
мемлекеттік  құрылысқа  емес,  жеке  азаматқа  (еркіндіктің  тұлғалық  аспекті) 
қатысты  алынғандығы  саяси  еркіндік.  Монтескьенің  пікірінше  азаматтың 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет