Объективті идеализмнің негізгі қағидалары орта ғасыр заманында
монотеистік (monos – грек сөзі, -біреу; theos - құдай) діндердің қалыптасуына
зор әсерін тигізді.
Идеализмнің философия тарихындағы екінші түрі – субъективті идеализм.
Бұл философиялық ағымның ерекшелігі – тек қана жан-дүниенің өмір сүруін
мойындау. Өйткені адам өз-өзіне үңіліп қарағанда өзінің жан-дүниесінен басқа
ештеңе таппайды. Субъективті идеализмнің өкілі Дж.Берклидің айтуынша
“Өмір сүру - қабылдауға келетін нәрсе ғана” (...менің білетінім...түйсіктерімнің
жиынтығы ғана ) Ал, адамның санасындағы неше-түрлі ұғымдарды алатын
болсақ, олар бізді алдайтын жалған елестер, өйткені біз оларды нақтылы
қабылдай алмаймыз. Әрине бұл қағида материализмге де, объективті
идеализмге де қарсы бағытталған. Мысалы, Дж. Берклидің айтуына қарағанда,
материя ұғымы – жалған елес, өйткені біз оны өзіміздің жан-дүниемізден таба
алмаймыз. Біз нақтылы ағашты, үйді, басқа жанымыздағы адамдарды,
машиналарды т.с.с. қабылдай аламыз, ал материяны ешкім өзінің жан-
дүниесінде елестете алмайды.
Олай болатын болса, шындықтың өлшемі ұғымдар емес, адамның түйсіктері,
солардың жиынтығы, жалпы адамның психикалық өмірі ғана (psyche – грек
сөзі, -жан-дүние).
Философияның негізгі мәселесін шешу жолында үшінші жол бар. Ол жол –
материализм мен идеализмнің біржақтылығына қанағаттанбай дүниенің
негізінде жатқан субстанцияның екі қасиетін – материалдық және идеалдық
жағын бірдей мойындауында. Сонымен болмыстың өзі қайшылық, оның
материалдық және рухани жақтары бар. Мұндай көзқарасқа философияда
реализм деген атақ берілген (realіs – латын сөзі, -шындық)
Философияның негізгі функциялары
functіo-латын сөзі, -орындалу
жасалу, істейтін қызметі
Философия – Дүниеге деген адамның көзқарасын қалыптастырады. Бұл осы
пәннің ең негізгі функцияларының бірі.
Философияның келесі функциясы – оның методологиялық қызметінде. Әр
ғылымның саласында өзінің пәнін зерттеуде белгілі бір іс-әрекеттер,
әдістемелер қолданылады (methodos –грек сөзі, -зерттеу жолы). Философия
тілі- ол категориялар, ұғымдар (Табиғат, материя, болмыс т.с.с). Еркін ойлау-
философияның ақиқаттық қағидасы, обьективтік принципі. Философияда екі
түрлі ойлау әдісі қолданылады: 1) Диалектикалық- ол дүниеде бәрі ұдайы
қозғалыста, өзгерісте, дамуда әрдайым қалыптасуы үстінде деп түсінеді. 2)
11
Метафизикалық- бұл оған қарама-қарсы, дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын,
дамымайтын тұрақты құбылыс деп түсінетін біржақты, сыңаржақты ұғым.
Бірақ, ол 16-17 ғ.ғ. тарихи жағынан өзін ақтады (нақты ғылымлар: физика,
химия т.б. пайда болуына себебін тигізді).
Сонымен философия дегеніміз- материя мен сана, таным мен болмыс, адам
мен қоғам жайлы адамзат ой- санасының дамуы барысында жинақталған,
жүйеленген ғылыми ой-пікірдің жиынтығы.
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар:
1.
Философия дегеніміз не?
2.
Философиялық білімдер жүйесі, олардың құндылығы.
3.
Философияның мәдениетіндегі орны мен рөлі.
4.
Діни көзқарастың ерекшеліктері неде?
5.
Дүниеге деген философиялық көзқарастың миф пен діннен
айырмашылығы неде?
6.
Философия мен ғылымның арақатынасы қандай?
7.
Философияның өнерлік жағын неден көресіз?
8.
Философия қандай рухани құндылықтарды зерттейді?
9.
Философияның қандай функциялары бар?
Ойланыңыз:
1.
Неміс ағартушысы Г.Лессинг: «Егер Құдай мені өзіне шақырып: «Бір
қолымда Дүние жөніндегі толық ақиқат , екіншісінде ақиқатқа деген іңкәр
бар. Қайсысын таңдап аласың ?» - десе, мен: «О Жаратқан, Бүкіл ақаиқаттың
иесі сенсің, маған тек сол ақиқатқа іңкәрлікті берсеңіз болғаны», - дер едім» -
дейді. Осы көркем сөзбен берілген ойды сіз қалай түсінесіз?
2.
«Ешкім де философияны жастық шағында ысырып тастап, қартайғанда одан
шаршамасын. ... философия жасқа да, кәріге де керек, біріншіге жастық
жігерді болашақ алдындағы пісіп-жетілген батылдықпен ұштастыруға,
екіншіге өмірдің соңында рухани жаңарып, өткенге қуану үшін» деген пікірді
грек философы Эпикур айтқан екен. Бұл ойдың мәні неде?
3.
Француз ағартушысы Д.Дидро айтқандай, «Ең тамаша ойшылдар
философиямен ғасырлар бойы айналысты. Бірақ соған қарамастан, онда бірде-
бір дау туғызбайтын пікір жоқ». Неге олай?
4.
«Өткен және болашақ замандардағы қасіреттерге философия жоғарыдан
қарағанмен, қазіргі қасіреттер философияға жоғарыдан қарайды» деген ойды
француз жазушысы Франсуа де Ларошфуко айтқан екен. Бұл ой-пікір біздің
қазіргі өтпелі заманымызды бағалағанда, қандай тебіреністерді тудырады?
5.
«Жалғыздықтың шеңберінде өмір сүру үшін я жануар, я болмаса Құдай болу
керек» - дейді Аристотель. Бірақ үшінші бар, ол - философ», - дейді Ф.Ницше.
Бұл пікірді қалай түсінуге болады?
12
6.
«Қайғы таныммен бірге басталады», - дейді француз ойшысы А.Камю. Сіз
бұл пікірді қалай түсінесіз?
7. «Философия қоғамға тәуелді болмауы керек, керісінше, қоғам философияға
тәуелді болу керек», - деген екен орыс философы Н.Бердяев. Бұл тұжырым
қазіргі өтпелі қоғамда қандай ойларды туғызуы мүмкін?
8. «Егер өлім болмаса, адамдар философиямен айналысар ма еді?» - дейді неміс
философы А.Шопенгауер. Оған қалай қарайсыз?
Реферат тақырыптары:
1. Діни көзқарастың ерекшеліктері.
2. Философия - дүниеге деген ерекше көзқарас.
3. Философияның орны
. 4. Мифология және дін.
5. Философия және миф.
6. Философия және дін.
7. Философия және өнер.
8. Философия құндылықтары және бүгінгі қоғам.
9. Философия мен жеке ғылымдардың байланысы.
10. Философияның танымдағы әдістемелік қызметі.
11.Философияның жоғарғы білім саласындағы алатын орны.
12.ХХ ғасырдың аяғындағы адамзат тудырған жалпы мәселелерді
шешудегі философияның рөлі.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ:
Негізгі:
1. Мырзалы С.К. Философия. - Оқулық, Алматы: Бастау, 2008.
2.. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы.
-Алматы, 1999ж.
3. Зотов А.Ф.Современная Западная философия. – М.:Высшая школа,2012 .
4. Тұрғынбаев Ә. Философия , Алматы, 2001 .
5. Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой.
(арнаулы және еркiн дәрiстер курсы). –Алматы. 1994.
6. Петрова В.Ф.,Хасанов М.Ш. Философия. - Алматы, Эверо,2014.
7. Сегизбаев О.А История казахской философии : От первых архаичных
представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ
столетия:Учебник для вузов. - Алматы: Ғылым,2001.
8. Нұрғали Ардақ.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. –
Алматы:Атамұра, 2000.
13
Қ
осымша:
1. Алексеев П.В.,Панин А.В Философия. – М.,:Проспект,2010.
2. Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской философии. –
Алматы: К-ИЦ ИФП КН МОН РК,2011.
3. Бегалинова К.К.,Альжанова У.К. Философия. Часть 1,2. – Алматы: Жібек
жолы, 2014.
4. Есім Ғ. Сана Болмысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007.
5. Лавриенко В.Н. Философия. – М.: ИД Юрайт, 2011.
6. Кирабаев Н.С. Учебное пособие по курсу «Средневековое арбо-
мусульманская философия». – СПб.: СПбГУ,2005
7. Немировская Л.З. Философия: История и теория. – М.,Изд Россиийского
Нового Университета , 2007.
8. Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік – философиялық
талдау. – Алматы, БҒМ ФСИ баспасы,2000.
9. Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. – Алматы: Өлке,1994.
10. Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. Избранные тексты.
– Москва: Восточная литература,2001.
14
1 тірек кесте. Мифология, дін, философия өзара байланысы.
Дін
Мифология
Философия
Ортақ (жалпы)
Мына сұрақтарға жауап іздейді: әлемнің пайда болуы, өлім мен
өлместік, дүниедегі адамның орны мен онымен қарым-қатынасы
туралы.
айырмашылығы
Адамның сезіміне әсер етіп,
сенім-нанымға сүйенеді
.
Адамның ақыл-есіне иек
артады.
Дүние туралы ілімге,
ғылымға сүйенеді.
15
2 тірек кесте.
Дүниетаным типтері
Миф (грек.) - әлемнің пайда болуы, құдайлар, перілер (дию, құдірет, рух) батырлар туралы ежелгі
халықтардың аңыздары. Мифология – аңыздардың жиынтығы.
Дін (лат.) – құдай немесе құдайлардың, рухтардың, періштелердің т.с.с. құдіретті күшіне сену.
Философия (грек.) - әлемге жалпы біртұтас жүйелі көзқарас пен ондағы адамның орнын
қарастырады.
Ғылыми дүниетаным – ғылыми деректерге негізделген, қоршаған ортаға теоретикалық
көзқарастар.
16
3 тірек кесте. Философия пәні
негізгі қызметі
Философия
дүниеге деген біртұтас көзқарас және ондағы адамның
орнын анықтауға бағытталған қоғамдық сананың түрі.
Дүниетанымдық
- гуманистік – адам мәселесі;
- әлеуметтік-құндылық – қоғамдық
идеалдар, құндылықтар туралы;
- мәдени-тәрбиелік – адамның
бойында мәдени-тұлғалық қасиеттерін
қалыптастыру;
- бейнелеу-ақпараттық – шынайы
өмір, дүниені бейнелейтін
категориялар, жалпы қағидалар,
заңдар
.
Әдістемелік
- эвристикалық – жаңа білімдердің
пайда болуына ықпал етеді;
- координациялық – ғылыми зерттеу
әдістерін жүйеге түсіріп біріктіреді;
- интеграциялық – кейбір бөлімдерді
толық біріктіреді;
- логикалық-танымдық – ғылыми
білімдердегі ұғымдар мен
теоретикалық құрылымын
негіздейді
.
17
4 тірек кесте. Философиялық білімнің құрылымы
Онтология
(болмыс туралы ілім)
Методология
(әдістеме туралы ілім)
Гноселогия
(таным туралы ілім)
Логика
Формалдық, диалектикалық, әлеуметтік
Табиғат философиясы
Әлеуметтік философия
Антропологиялық философия
Эстетика
(әсемдік туралы ілім)
Этика
(морал туралы ілім)
Философия тарихы
18
5 тірек кесте. Философияның негізгі сұрағы
Сананың- материяға, рухтың- табиғатқа,
ойлаудың- болмысқа
қатынасы
Дүниетанымды
Ойлау мен болмыстың бірегейлігі
Дүниенің танымдылығы туралы
сұрақ
Заттардың кейбір жақтары
танылмайды
Материализм
Идеализм
Агностицизм
Сана шынайы дүниені бейнелейтіні дұрыс па?
Материализм
Сана объективтік
дүниені дұрыс
бейнелейді
Объективтік
иделаизм
Сана – объективтік
дүниені бейнелеу
емес, керісінше
абсолюттік рухтың
өзіндік
танымдылығы
Субъективтік
идеализм
Сана тек жекенің
«Мен»-дік күйін ғана
(жан-дүниесін)
білдіреді
Адам сезімдік
түйсіктерді
қабылдауға ғана,
біз дүниенің
қандай екенін ғана
емес, сырттай өмір
сүріп жатқанын
да
біле алмаймыз
(юмизм)
«Заттар» әлемі
танылмайды
(кантианство)
Агностицизм қазіргі заманғы философияда
кейбір бағыттарға бөлінеді
19
6 тірек кесте. Ежелгі философиядағы материализммен идеализмнің
дамуы
(IX ғ. б.д. д. – I ғ.б. д.)
Қытай Индия Грекия Рим
«Шу-цзин» Упанишады Милет мектебі
натурфилосовтардың
(5 бастама) ? Фалес (су) кіші мектебі
Анаксимен (ауа)
«И-цзин» «Махабхарата» Анаксимандр
(5 бастама) (пакрити) ? (апейрон)
Лао-цзы (дао) чарвактар мектебі
санкхья мектебі
Эмпедокл (4 түбір)
вайшешік мектебі ? Анаксагор
Ян Чжу (гомеомерия)
Атомистер мектебі
Левкипп.Демокрит
«Дао дэ цзин» Гераклит (от)
Платон
Аристотель Эпикур
4 стихия
Ван Чун
4 элемент
«Лунь хэн»
эфир-квинтэссенция Лукреций Кар
(ци)
(IХ ғ. б д.д. – I ғ. б.д.д)
20
2 тақырып. Ежелгі дүние философиясы. Қазақтардың алдыңғы
философиясы.
Ежелгі Шығыс философиясы. Антика философиясы.
Қазақтардың алдыңғы философиясы.
Түркі тілдес халықтардың мәдениетін қарастырғанда, біз ата тегіміздің
философиясына, дүниетанымына, діни сенімдер мен салт дәстүрлеріне көп
көңіл бөлуіміз қажет. Батыстағы және Шығыстағы дамыған елдер Егеменді
Қазақ елі атанғанымыздың 25 жылдығында да, кезінде '' Ұлы Дала – Мәңгілік
Ел '' өркениетін бүгінде әбден мойындап отыр. Қазір бұл мәселе әлемдік
өркениеттерде өз желісін таба бастады. Осы өркениет арқылы қазақ ұлтының
ата тегінің болмыс дүниесін, сапаның, санның, кеңістік пен уақыттың, мөлшер
мен форманың тікелей нұсқаларын мейілінше жақсы игергенін көреміз. Өзінің
табиғатқа көзқарасы қалыптасқанынан бастап осы күнге дейін түпкі негізі
ретінде қарайтын және болмысты біртұтас дүние деп тани отырып қазақ халқы
өзінің мәдени мұрасына қол жеткізді. Енді қазақтың ежелгі дүниетанымына
көшейік. Көне түрiктердiң түсiнiгi бойынша, бұл Дүние жоқтан пайда
болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние негiзiнен жер, су, от,
ауадан тұрады. Ол неше-түрлi қайшылыққа толы: өмiр мен өлiм, адам мен
табиғат, жарық пен қараңғы, зұлымдық пен ізгілік т.с.с. Осылардың өзара
әреттестігі дүниеде әр түрлі мәнді де және мәнсіз де құбылыстарды тудырады.
Ежелгі түріктердің бір аңызындағы айтылым бойынша, алғаш әлемді қара
түнек жауып бұлыңғыр мұнар басып тұрған. Ұзақ уақыт өткеннен кейін Жер
мен Аспанның жігі ажырайды. Содан әр қайсысы өз алдына бөлектеніп, бітім
тұрпаттары бірте – бірте ұлғаяды да, екеуінің арасынан Күн мен Ай пайда
болып, шексіз бостықтан орын алады. Содан кейін барып дүние Қараңғы және
Жарық әлемге бөлінеді. Сол Жарықтың нұры себілген жерлерден адам
баласының, жан-жануарлардың тіршілігі басталған...
Аңыздық сенім бойынша Жер- адам баласының, тіршіліктің, аң мен құстың,
орман-тоғайдың,жеміс-жидектің, балауса шөптің Анасы. Аспан –жарық
сәуленің су себелейтін жауын-шашын бұлттарының анасы. Сондықтан адам
баласы Көк Тәңіріне, Жер-Ана тәңіріне табынған. Тәңір-ертедегі Алтай
шамандарының нанымдық тілі. Бұл сөз құдіретті кие, аспан және шексіз
кеңістік деген ұғымды білдірген. Кейін келе жаратушы киенің мағынасына
ауысқан.
Ежелгі түркілер сенімін 3 топқа бөлуге болады.
1.
Көне түркілер табиғат күштеріне сенген. Табиғаттың құрамдас
бөліктерінде: аспанда, жерде, тауда, орманда, өзен-көлде т.б тылсым
күштер бар деп сенетін еді. Бұл күштерді жансыз нәрсе деп емес, рухани
қуаттардың бірі ретінде қаралған. Ескі түркілер «Жер-суды» кие тұтқан,
оларға табынған.
2.
Дүниеден өткен бабалар рухын құрмет ету, оларға сену, сыйыну - көне
түркілер сенімінің құрамдас бір бөлігі. Олар ата-бабалардан қалған түрлі
киімдерді, қару-жарақтарды т.б. киелі санап, оларды ұрпақтан- ұрпаққа
21
көздің қарашығындай сақтап, жасырып, бірінен-біріне жеткізіп отырған.
Сол сияқты бабалар зираты аса қастерленіп сақталған, күтілген. Зиратты
бүлдіру үлкен саналған.
Түркілерде адамды қорлау, оны құрбандыққа шалу деген жабайы салттар
мүлде болмаған, мұндай салты бар жерлерде оларға қатал тиым салынған.
(Eberhard W. Gin tarihi. Ankara, 1974./35/.) Өлгендердiң паналайтын орны - ол
Жер асты әлемi деп түсінген.
3.Көне түркілердің негізгі діні – Көк Тәңірі саналады. Бұл басқа діндер
ықпалына түспеген, ең арғы дәуірлердегі саф таза сенім болатын. Көк
Тәңірі дүниені тұтас басқарып отырған бірден-бір ұлы қуат, алып күш
есептелген. Түркілер оның тұрағы аспанда деп санап, Көк тәңірі деп
атаған. Бұл сенім аңшылықпен айналысатын, үнемі қозғалыста жүретін,
бағыт-бағдарды күн, ай, жұлдыздар арқылы белгілейтін көшпелі елдерде
туғандығы дәлелденген. Осы ата салт, ата дәстүр көне түркілердің
тұрмыс-тіршілігінен, қоршаған ортамен байланысынан барып туған.
Көк Тәңірі сенімінде космогониялық, абстрактылық ойлаудың ғажайып
үлгілері бар. Мұны Орхон ескерткіштерінен аңғаруға болады. Әлемнің төрт
тарабын анықтау, күн, ай, жұлдыздар қозғалысындағы заңдылықты білу, жыл
маусымдарының ауысуын қадағалау көне түркілерге осының бәрін біреу билеп,
басқарып отыр деген жалғыз құдай – Көк Тәңірі идеясына алып келген. Яғни
нақты бір пұтқа табынбай, әлемдік мәні бар жалғыз тәңірді мойындаған. Оның
әйелі, баласы деген ұғымдар жоқ. Тәңірдің түрі, кескіні жоқ. Сондықтан
түркілер тәңірге арнап ғибадатхана, пұтханалар салмаған. Отты, суды, жерді,
аспанды киелі санай отырып, көне түркілердің бірден-бір құдайы – Көк Тәңірі
болған. Бұл ретте көне халықтар құдайлары Шамас (Вавилонда), Амонре
(Мысырда), Ахура (Иранда), Варуна (Индияда), Митра (Римде) күн, ай, жұлдыз
иелері болса, көне түркілердің Көк Тәңірі – бірден бір жалғыз құдай. Көк Тәңірі
діні өзге діндерден осы қасиетімен ерекшеленеді. Ал көне түркілердің Ескі діні
– Көк Тәңірлікпен көп ретте үндес, сарындас ислам діні түркілерді жойып
жіберудің орнына олардың күшейіп, көркейуіне мүмкіндік жасады.
Көк тәңірлерінің арасында аса мейірімді әйел тәңірлері бар, оның ішіндегі ең
құдіреттісі – Ұмай ана. Әсіресе, ұрпақ өсіруде Ұмай ананың қызметі де,
құдіреті де зор. Махмуд Қашғаридың ''Түркі тілдер сөздігінде '' осы нанымды
растайтын әйелдер сөзі ’’Ұмайға сыйынсаң – ұл табасың ‘‘ дейтін мәтел бар.
Алтай түркілерінің аңыздарындағы құдіретті тәңірлердің бірі – Жер тәңірі.
Сондықтан түріктер: Жер – Отан, жарылқаушы мекен, адам баласының
қорғанышы деп, қастерлеп табынған. Қазақ баласы үшін де Жердің қадір-
қасиеті өте жоғары. «Ата жұрт, ата қоныс» деп, атадан қалған мұра ретінде
қастерлейді. Бұл – қазақ қанына сіңген ізгі сенім. Соған орай жерді аялайды.
Жерді албаты қазып бүлдірген әрекет – күнә, өйткені Жердің еркінен тысқары
істелген іс оның жанын жаралайды. Бұл тәңірді күйіндіреді.
Тәңірдің мекені – Көк (аспан) – шексіз кеңістік. Осы кеңістік ұғымы ұлғая
келе құдіретті күштің иесі деген мәндегі жаратушы, құдай мағынасына
ауысқан. «Тәңір» сөзі түріктер сенім-нанымымен бірге жаралған, өте ерте
заманнан қолданылып келеді. Тәңір аталатын ұлы құдірет иесінің сипатын
22
өздері өмір сүріп отырған қоғамның әлеуметтік ағымына бейімдеп, сол негізде
өздері табынатын аруақтарды аялаған, Тәңір ретінде бас иген. Түрік халықтары
бұдан бес-алты мын жыл бұрын айды, жұлдызды, күнді Тәңір тұтқан. Осы
құдіреттердің бәрі аспанда тұратындықтан сол шексіз кеңістікті де Тәңір
қатарында қадірлеп, Көк Тәңір деп сыйынған.
«Тушо-құқ мәңгі тасы» ескерткішіндегі жазуда: «Тәңір Ұмай, қасиетті Жер
мен Су, бізге міндет береді. Біз (тағы) не үшін тозып кетеміз» деген сөз бар
екен. Ал «Күлтегін» құлпытасындағы: «Ұмай анам жебеген елде інім Күлтегін
ер атанды» деген сөз де, ерекше назар аударады. Түбінде Тәңірі мен Ұмай анаға
деген ықылас пен сенім лебі есіп тұр.
Осыларға қарағанда ежелгі түрік халықтары ұрпақтарының жебеушісі де,
демеушісі де Ұмай ана – әйел. Тәңірі болғанын аңғарамыз. Бұл наным
халықтар жүрегінен өшпейстей орын алған. Монғол мен Саха (Якут) халықтары
арасында да Ұмай ана тәңірге табынушылар күні бүгінге дейін бар. Өзіміздің
қазағымыздың жақсы ниетті құптағанда, келін түскенде отқа май құятын әдеті,
жаманшылықты бездіру үшін науқас адамды сумен ұшықтауы, үйдің ішін
отпен аластауы, мал сойып, қан шығарып, көктен жаңбыр тілеуі сияқты
ырымдары да осы ежелгі сенімнің үзілмей келе жатқан жібінің жұрнағы секілді.
Достарыңызбен бөлісу: |