Оқу құралы I бөлім Қостанай, 2016 2


 тірек кесте. Платон (427- 347 ғ. б.д.д.)



Pdf көрінісі
бет6/18
Дата03.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#5957
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 
3 тірек кесте. Платон (427- 347 ғ. б.д.д.) 
 
Платон философиясының қайнар көзі 
 
 
Сезімдік заттар мен идеялар арақатанас туралы сұрақты әртүрлі шешеді 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
        

Пифагордың жанның ауысуы мен өлместік жан туралы ілімі 
- Парменидтің мәнді қарама қарсы қойылуы мен көрінуі туралы ілімі 
- Гераклиттің сезімдік заттардың қарама-қайшылықтары туралы ілімі 
- Сократтың диалектикалық әдісі 
Негізгі мәселесі – мына секілді, үй, орындық, теңдік, әділдік т.с.с. 
идеялар немесе жалпы ұғымдар мен жеке заттардың қатынасы 
Сезімдік жеке заттар 
өзгергіш білімнің 
емес пікірдің атауы 
ғана болып табылады 
Әлемдік идея – 
«ақиқаттың» болмыс 
– шынай білімнің 
атауы 
Сөзімдік заттар алғы 
үлгісі немесе өзінің 
нұсқасы секілді 
идеяларға еліктейді 
Сезімдік заттар 
идеяларға ат 
салысады 
Идеялалар заттардың 
ішінде 

 
54 
 
 
4 тірек кесте. Аристотель (384-322 ғ. б.д.д.)
 
 
Себептің 4 түрі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Платонның
 
идеялар 
теориясын 
сынауы 
Болмыс – материя мен форманың бірлігі 
ретінде 
Материя – формасыз күш –қуат пен өмір 
сүруден айырылады 
Форма – мән, сыртқы түр ғана емес, әрбір 
заттың қағидасы  
 
Өзінің болмысымен белгілі бір нәрсе, зат ол формаға міндетті 
Материалдық – материя, содан барлық денелер пайда болады (мыс мүсін үшін) 
Формалды – форма (түр,) 
Әрекеттік – қозғалыс көзі (мүсінші) 
Мақсаттық – қозғалыс мақсаты (мүсін) 
Себептің тұжырымдасы адам қызметінің құрылымын сыртқы табиғатқа көшіру 
салдарынан шығады 
Категориялар туралы ілім 
«Органон» - Аристотелдің
 
логикасы
 

 
55 
 
3 тақырып.Ортағасырлық Шығыс және Батыс философиясы. 
 
 Орта ғасырдағы Еуропалық философия 
 
1. Орта ғасырдағы алғашқы діни философтар. Гностиктер ілімі. Неоплатонизм 

жаңа платонизм

 ілімі. 
2. Патристикалық философия. Киелі Августиннің ілімі. 
3.Схоластикалық  философия  (scholastіca 

  лат.  сөзі,  оқушы,  ғалым). 
Онтологиялық 

болмыс

 мәселелері. Саясат, құқық мәселелерi. 
4. Уильям Оккамның iлiмi, номинализмі. Уильям Оккам ұстарасы. 
 
               Орта ғасырдағы алғашқы діни философтар 
 
Филон Грек философиясына беймәлім “Жарату” ұғымын кіргізеді. Құдай 
дүниені  жоқтан  жаратты.  Бірақ  материалдық  дүниеден  ерте  ол 
“интеллигибелдік дүниені”, яғни “идеялар әлемін” тудырды. Оны ол гректердің 
“Логос”  ұғымы  арқылы  береді.  Сонымен,  Логос 

  Құдайдың  ойы,  сөзі-сол 
арқылы дүние өмірге келеді. 
                                                     Гностиктер ілімі 
“Гносис” 

  деген  грек  сөзі  “тану-білу”  мағынасын  береді.  Алайда  бұл 
сөзбен  біздің  дәуірдің  басында  өмір  сүрген,  ақыл-оймен  танудан  гөрі 
мистикалық, 

құпия

  жолмен  дүниенің  сырын  ашуға  болатынына  сенген  діни 
сектаны айтамыз. 
Гностиктер адамдарды үшке бөледі: 1. пневматикалық адамдар, олардың 
рухы  басым; 

pnevma 

  грек  сөзі,  алғашқыда 

  тыныс,  соңында 

  рух

;  2. 
психикалық адамдар, олардың жаны 

 псюхе басым 

psyche 

 грек сөзі, жан

; 3. 
гиликалық  адамдар 

gіle 

  грек  сөзі,  материя,  зат

  дене  қажеттіктері  басым. 
Соңғылар  өмірін  өліммен  бітіреді,  біріншілер  құтқарылады;  екіншілер 
біріншілердің  жолын  қуса  құтқарылуы  мүмкін,  бірақ  үшіншілердің  ізімен 
жүрсе, дүниеден мәңгі кетеді. 
Гносиктердің  айтуынша,  бұл  дүние-залымдыққа  толы,  сондықтан  оны 
Құдай жаратқан жоқ. Оны жаратқан Құдайға қарсы, арам пиғылды 

 Демиург. 
 
Неоплатонизм 

жаңа платонизм

 ілімі 
 
          Осы  кезде  пайда  болған  жаңа  ұғым 

  неоплатонизм 

  платонизмнің 
іліміне  жаңа  тыныс  беріп  “идеялар  әлемі”  мен  “жердегі  әлемді”,  “Эманация” 
ұғымы  арқылы  қосты 

emanatіo,  лат.  сөзі 

  тасу,  ағу,  тарау

.  Iлімнің  негізін 
қалаған Плотин. 
Сатылы болмыстың  ең  биігінде 

  бір  игілік  ұғымы  жатыр,  оны  ақыл-ой 
елегінен  өткізуге  болмайды,  оған  тек  құдіретті  экстаз  жолымен  ғана  жетуге 
болады 

extasіs, 

  грек  сөзі, 

  ерекше  буырқану  сатысына  жетіп  ақыл-ой 
елігінен тыс тікелей аңғару



 
56 
 
Бір игілік шалқып-тасып, арнасынан шығып эманациялайды 

ағады

. Сол 
себептен  дүниеге  таза  болмыс 

  ақыл 

нус

  келеді  Болмыс-ақыл  шеңберінен 
шығып 

 жан-дүниені 

псюхе

 тудырады. 
Плотиннің  жүйесінде  дүниежүзілік  ақыл-ой  Платонның  “идеялар 
әлеміне” тең келеді. 
Жанға  келер  болсақ,  дүниежүзілік  ақыл-ой  соншалықты  жетілген  әлем 
болғаннан кейін басқаны тудырмай қоймайды 

 ол жан әлемін дүниеге әкеледі. 
Ал  жанның  өзі  барлық  тіршілікті  дүниеге  әкеледі,  жердегі  ме,  судағы, 
аспандағы  ма 

  бәрі  дүниежүзілік  жанның  туындылары.  Аспан  пен  күнді  де 
тудырған  сол  жан.  Сонымен  жан-дүние  материяны  жарып  өтіп  оған  мән-
мағына, құндық, әсемдік береді. Жан-дүниесіз материя 

  күнгірт тұңғиық, өлі, 
мүлде бейболмыс, одан Құдайлардың өзі-ақ қорқады, 

 дейді Плотин. 
Қорыта келе, біз неоплатонизм ағымының философиялық ой-елігінен гөрі 
діни  шеңберіне  жылжып  бара  жатқанын  байқаймыз.  Эманация  жөніндегі  ой-
пікір 

 осы дінге қарай қозғалыстың айғағы. 
 
Патристикалық философия. Киелі Августиннің ілімі 
 
Патристикалық  философия 

patrіs 

  лат.  сөзі 

  әке

.  Патристикадағы 
онтологиялық 

болмыс

 
мәселелері  Құдайдың  төңірегінде  қаралады. 
Патристика  монотеизмді 

бір  Құдайлықты

  қорғайды,  көне  замандағы  көп 
Құдайлыққа қарсы шығады. 
Құдай  идеясы  патристикада  бір  жағынан  толық  игілік,  әділеттілік, 
құдіреттілік тұрғысынан қаралса, екінші жағынан ол абсолютті болғаннан кейін 
оның ешқандай қасиетін сипаттауға болмайды, ешқандай анықтама берілмейді, 
өйткені  Құдай  бұл  болмыстың  аржағында.        Бұл  дүние  –  жаратылған, 
сондықтан  Жаратышудан  анағұрлым  төменде;  материя  –  жаратылған  нәрсе 
болғаннан кейін оның шырмауынан құтылуға болады. 
Августиннің  негізгі  философиялық  еңбектері  “Құдай  қаласы  жөнінде”, 
“Сыр шегу”, “Академиктерге қарсы”, “Жанның өлместігі ” т.с.с. 
 
Сенімнің шеңберіндегі философия 
 
Августиния, сенім мен ақыл-ой, зерде бірін-бірі толықтырады. “Сенемін 
түсіну үшін”, “түсінемін сену үшін” деген көзқарасқа жол ашылады. 
 
Адам мәселесі 
 
Августин  адамның  терең  қайшылығын  оның  еркінен  көреді.  Ол 
Құдайдың еркіменен көп жағдайда сәйкес келмейді. Осы қайшылықты аңғару, 
адамның өзінің “Менін” ашуға көмектеседі. 
 
 
 

 
57 
 
Ақиқат және оған жету мәселесі 
 
Августин  философиясында  ақиқат  жан-дүние  мен  Құдайды  бір-бірімен 
қосатын ұғымдардың бірі. 
Таным  процесі  түйсіктерден  басталады.  Қоршаған  заттар  біздің 
сезімдерімізге  өзінің  әсерін  тигізеді,  ал  жанымыз  олардың  бәрін  белгілі  бір 
тәртіпке  келтіріп заттың қабылдануына әкеледі. 
Ал ақыл-ойға келетін болсақ, ол диалектикалық жолмен жүреді. Мысалы, 
“егер дүниеде 4 стихия болса, ол 5 емес; Егер күн біреу болса, ол екі емес; Бір 
жан-дүниені алсақ, ол өліп сонымен қатар тірі болмайды. Бір адамды алсақ, ол 
масайрап сонымен қатар бақытсыз бола алмайды”. 
Августиннің айтуынша, сезімдік дүние бізді тұрақтыққа әкелмейді ол үне 
бойы өзгереді. Адамның денесі де өзгерісте, ал ақыл-ой тұрақты. 
Олай  болса,  “ақыл-ой”  дегеніміз  жан-дүниенің  жанары  мен  жүзі,  сол 
арқылы ол ешқандай дененің көмегінсіз ақиққатты көре алады. 
Жағалай қоршаған заттарды көру үшін күннің сәулесі керек; Сол сияқты 
ақиқатқа  жету  үшін  ерекше  сәуле  түсу  керек.  Ол  үшін  Құдай  идеясы  керек. 
Онда танымның 3 бастауы бар. Ол-оның өмір сүріп жатқандығы, тануға-білуге 
болатындығы және соларды біліп-танылатын қылатындығы”. 
Августиннің  ойынша,  Құдай  мен  ақиқат-тең.  Бірақ,  олардың  арасында, 
сонымен қатар, айырмашылық та бар. Ақиқат 

 Құдайдың ойы. Бұл арада бізге 
Платонның “Идеялары Әлемі” есімізге келеді. Тек қана Августиннің идеялары 
жаратушының дүниені тудырар алдындағы ойлары ретінде түсініледі. 
Сонымен,  Құдайда  ойлау  заттардан  ерте,  ал  адамдарда  заттардан  кейін 
жүреді. Енді, міне, біз Августиннің Құдай ұғымына тікелей жетіп қалдық. 
 
Дүниенің жаратылу мәселесі 
 
Ойшылдың  айтуынша  дүниенің  шындықтың    пайда  болуының  үш  жолы 
бар. 
1. Генерация жолымен 

generatіo 

 лат.сөзі 

 туу, ұрпақ

 яғни тіршілік өзін-
өзі  тудырып  отырады.  Мысалы,  сиырдан  бұзау,  жылқыдан    құлын,  шешеден 
бала туады; 
2.  Фабрикация  жолымен 

fabrіcatіo 

  лат.  сөзі 

  жасау

  яғни,  бір  заттан 
екінші затты жасау. Мысалы, ағаштан үй жиғазын, ия болмаса үйді жасау, салу, 
саздан кірпіш құю т.с.с. 
3. Жоқтан барды тудыру, 

creatіo 

 лат. сөзі 

 жарату

 яғни, өз денесінен, ия 
болмаса басқа сыртқы заттан емес; 
 
“Жердегі  қала” мен  “Құдай қаласы” 
 
Құдайды  сүйетін  адамдар  бірігіп  “Аспан  қаласын”  (яғни,  шіркеуді) 
құрайды  ал  қалғандары  “Жердің  қаласының”  пәнделері.  Соңғылар  адамның 
даңқын іздейді, ал біріншілер Құдайдың даңқын арттырады. 

 
58 
 
Бұл  жердегі  өмірде  олар  Кайн
*
  мен  Авельдың  тұқымдары  сияқты  бір-
бірінен бөлінеді. 
“Жер  қаласының”  адамдары  бұл  дүниеде  өздерін  дүниенің  патшасы 
ретінде сезінеді, ал “Аспан қаласының”адамдары-дәуріш сияқты жүреді. 
 
Схоластикалық философия (scholastіca 

 лат. сөзі, оқушы, ғалым) 
 
XI-XII  ғасырларда  алғашқы  рет  универсалиялар  (жалпы  ұғымдар) 
жөнінде  қарама-қарсы  тұрған  екі  бағыт 

  номинализм  және  реализм  пайда 
болды  (realіs, 

  лат.  сөзі, 

  шындық,  заттық;  nomіnіs 

  лат.  сөзі, 

  затқа 
қойылған ат). 
ХI  ғасырдың  аяғы  мен  ХII  ғасырдың  басында  бұл  мәселені  шешуде  үш 
ағым пайда болды. Олар 

 номинализм, реализм және концептуализм. 
Номинализм 

nomіnіs, 

  лат.  сөзі, 

  заттың  аты

  схоластикадағы  жалпы 
ұғымдардың  болмыстық  мағынасын  мойындамайтын,  олар  тек  қана  ой-өрісте 
ғана  деп  санайтын  ағым.  Номиналистер  шын  өміріде  тек  қана  заттар  өмір 
сүреді,  универсалиялар 

  жалпы  ұғымдар  тек  қана  заттардың  аты,  біздің 
ауызымыздан шығатын дыбыстар ғана деген пікірге келеді. Осы тұрғыдан олар 
Құдайдың үш тұлғалығын да қатты сынға алды. 
Реализм  бағытына  келер  болсақ 

realіs, 

  лат.  сөзі, 

  шынайы  зат

,  олар 
номинализмге  қарсы  бағыталған,  универсалиялар-жалпы  ұғымдар  шынайы 
және адамдардың санасына тәуелсіз өмір сүреді деген пікірді ұстайды. 
Концептуализм  бағыты 

conceptus, 

  лат.  сөзі, 

  ұғым

  жалпы  ұғымдар 
бөлек өмір сүре алмағанмен-болмыстық орны болмағанмен, бірақ олар тек қана 
заттарға  қойылған  ой  емес,  олар  ақыл-оймен  қорытылған  заттардың  жалпы 
қасиеттерін бейнелейді, деген пікірге келеді. 
Сонымен,  концептуализм  бір-біріне  қарсы  тұрған  екі  бағыттың  сыңар 
жақтығын байқап универсалия мәселесін дұрыс шешу жолына шығады. 
Фома  Аквинскийдің  негізгі  еңбегі  “Теология  жинағы”,  “Табиғаттың 
бастамалары”, “Мән мен өмір сүру жайлы” т.с.с. 
 
Онтологиялық 

болмыс

 мәселелері 
 
Фома  Аквинскийдің  болмыстық  ілімінің  қайнар  көзі  Аристотельдің 
“потенция”  және  “акт”  деген  ұғымдарына  кетеді.  Потенция 

мүмкіндік

 
дегеніміз  ол  болуы  да  болмауыда  мүмкін,  шайқалған,  тұрақталынбаған, 
өзгеруге  ашық,  аяқталынбаған,  кемеліне  келмеген.  “Таза  потенциалдық” 

  ол 
материя,  болмыстың  ең  әлсіз  түрі.  Ол  тек  өзгертіледі,  сыртқы  әсерлер 
қабылдайды.  Актуальдықты 

шындық

  алатын  болсақ 

  ол  іске  асқандық, 
өмірге  кіргендік,  аяқталғандық,  кемеліне  келгендік.  Актуальдық 

  ол  форма 

бітім

 

 сол арқылы заттар өзінің болмыстық дәрежесіне көтеріледі. Абсолютті 
актуальды  -  Құдай,  айсыбір  бітімнің  қайнар  көзі.  Олай  болса,  Құдай 

 
                                                      
 

 
59 
 
болмыстың өзі де, ал дүние 

 болмысқа ие ғана. Тек Құдайда болмыс пен мән-
мағына  бір-біріне  сәйкес  келеді,  сондықтан  ол  таза  акт 

шындық

,  өзіне-өзі 
жеткілікті  болмыс.  Ал  дүниедегі  жаратылғандардың  бәрі  өмір  сүруге 
бағытталған ғана. Дүниедегі заттар бұл дүниеде болуы да, болмауы да мүмкін, 
ол  қажетті  емес.  Олардың  өмір  сүруімен  мән-мағынасы  толығынан  бір-біріне 
сәйкес келмегеннен кейін, оны бүкіл жаратылған дүниеге таратып, ол болуы да, 
болмауы да мүмкін еді, онда бұл дүние мүмкіндік пен кездейсоқтықтан пайда 
болды  деген  пікір  айтады.  Фома  Аквинскийдің  бұл  ұлы  ойларын  талай 
ғасырлар  өткеннен  кейін  ХХ  ғасырда  ғалымдар  растады.  Қазіргі  дүние 
жөніндегі  түсініктер  бойынша  Дүние 

  өзінің  ішінде  орасан  зор  потенцияны 

мүмкіндікті

 сақтайды, соның кішкентай ғана бөлігі кездейсоқтық арқылы іске 
асады 

актуальділікке  айналады

  потенция-шындықтың  толқыны,  қай-толқын 
дүниеге айналады 

 ол кездейсоқпен байланысты. 
 
                           Саясат, құқық, мораль мәселелері 
 
Адам  ақыл-ой  иесі  болып  жаратылғаннан  кейін,  ол  әр  заттың  ішкі 
мақсатын, не үшін жаратылғанын біле алады. Сондықтан адамның іс-әрекетінің 
алдында не істейтінін  түсіну жатыр. 
Фома Аквинский дүниеде үш түрлі заңдар бар дейді. Олар

 1. мәңгілік заң 

lex aеterna

  2.  табиғи  заң 

lex naturalіs

  3.  адамдардың  қабылдайтын  заңдары 

lex humana


Бұлардан оқшау тұрған Құдайдың аяны бар 

lex dіvіna


Мәңгілік  заң 

  ол  Құдайдың  ойынан  шыққан  жоспар,  жаратылған 
дүниедегі  заттардың  тәртібі,  әрбір  зат  пен  құбылыстың  ішкі  мақсаты 

Аристотельдің тілімен айтқанда 

 энтелехиясы


Егер  Августин  заңдардың  керектігін  адамзаттың  алғашқы  тектік 
күнәсінен  шығарса,  Фома  Аквинский  оны  табиғи  қажеттіктен  шығарады. 
Адамдардың шығаратын заңдары табиғи заңдардан өзінің қайнар-көзін бастап, 
соларға  сәйкес  келуі  керек.  Ой  арқылы  табиғи  заңдардан  адамдардың  құқы 
құрастырылады.  Ал  соңғыдан    оны  нақтылау  арқылы  азаматтық  құқ  пайда 
болады”. Мысалы

 табиғи заң - өмірдің құндылығы, оны сақтау керектігі. Одан 
“Өлтірме” деген адам құқы пайда болады. 
Аса көңіл аударатын нәрсе, егер адамдардың шығарған заңы табиғи заңға 
қайшы  келсе, 

  ол  заңдық  мәртебесін  жояды.  Қайсыбір  заңның  негізінде 
әділеттік жатуы керек, Әділетсіз заң зорлық-зомбылыққа жеткізеді. 
Адам заңы егер Құдай заңына қайшы келсе, одан үзілді-кесілді бас тарту 
керек.  Тиранияға  қарсы  көтерілісті  де  ақтау  керек,  өйткені  одан  артық 
залымдық қоғамда жоқ. 
Фома  Аквинскийдің  айтуына  қарағанда,  монархиядан  артық  билік 
формасы  жоқ 

  ол  тәртіп  пен  мемлекет  бірлігінің    кепілі.  Ең  жаман  билік  
формасы  –  ол  тирания,  өйткені  ол  зорлық-зомбылыққа,  заңсыздыққа 
негізделген,  қоғамға  залымдық  әкеледі.  Бұл  билік  күшейген  сайын  оның 
залымдығы да арта түседі. 

 
60 
 
Мемлекет  адамдарды  игілік  жолына  бағыттап,  бұзылған  адамдарды 
тәрбиелеп,  ізгілікке  сілтейді.  Адамдардың  жасаған  заңдары  арқылы  қоғам 
өмірінде тәртіп орнап, адамдар бір-бірімен әр түрлі қарым-қатынасқа түседі. 
Бірақ,  мемлекет  адамдардың  барлық  рухани  ұмтылысын  мақсаттарын 
өтей  алмайды.  Табиғи  заңдар  да,  адамдардың  жасаған  заңдары  да  оған 
жеткіліксіз.  Сондықтан,  Құдай  адамдарды  сүйіп  оларға  аянмен  берілген 
заңдарды  ұсынды  (lex  dіvіna).  Сондықтан  адамның  басшылыққа  алатын 
заңдарын әрқашанда Библиядағы заңдармен толықтырып отыруымыз керек деп 
қорытады Фома Аквинский. 
 
Уильям Оккам ілімі 
 
Негізгі  еңбектері  “Логика  жинақтары”,  “Құпиялықтар  жөніндегі  трактат”, 
“Сұхбаттар” т.с.с. 
Уильям  Оккам  сенім  мен  ақыл-ойды  бір-бірінен  айырып  алыстатуға 
тырысады. 
Логикаға  негізделген  ақыл-ой  сезімдік  дүниені  тануға  мүмкіндік  береді, 
оларды тексеруге, дәлелдеуге болады. 
Сенім  ақиқаттарына  келер  болсақ,  оны  ақыл-ой  арқылы  түсіну  де, 
дәлелдеу  де  мүмкін  емес.  Аян  ақиқаттарын  біріктіретін  логика  емес, 

  сенім 
ғана. 
Августиннің  универсальдық  мәндері  жер  мен  Құдайды  дәнекерлік  етіп 
жалғастырып тұратын-ол адамның бос тәкәппарлығы емес пе! – деп өзі қойған 
сұраққа ашық жауап береді. 
 
Уильям Оккамның номинализмі 
 
Универсалиялар  (жалпы  ұғымдар)  заттарға  қойылған  аттар  ғана,  олар 
шындықтың  негізі  бола  алмайды.  Универсалияларды  тудыртатын  заттардың 
бір-біріне ұқсастығы. Мысалы, Сократ – ол нақтылы адамның аты, ал “адам” 

 
универсалия. Олай болса дүниеде ешқандай ең жалпы заңдылықтары, олардың 
баспалдақтық бір-бірімен байланыстары т.с.с. жоқ. 
Универсалиялардан  тұратын  білім  ешқандай  нақтылы  нәтижеге 
әкелмейді, оның ешқандай жемісі жоқ. 
Егер  біз  тәжірибеде  кездесетін  заттардың  арасындағы  қайталанулықты 
зерттеп оның болашақта болуы туралы болжам жасасақ 

 сол жеткілікті, деген 
пікірді  Уильям  Оккам  ұсынады.  Ал  мұндай  көзқарастан  белгілі  бір  таным 
принципін шығару мүмкіндігі пайда болды. 
 
Уильям Оккам ұстарасы 
 
“Мән-мағынаны  қажеттіктен  жоғары  көбейтпеу  керек”  –  бұл  Уильям 
Оккамның  ұстарасы.  Ол  арқылы  Уильям  Оккам  метафизикалық  ұғымдардың 
көбін  теріске  шығарады,  өйткені,  олар  дәлелденбейді  және  пайдасыз.  Біз 

 
61 
 
заттардың  сапасы  мен    қасиеттерінен  басқа  тәжірибелік  зерттеуде    ешнәрсе 
таппаймыз.  Олай  болса,  метафизикалық  жалпы  ұғымдар  мәнсіз,  тек  таным 
процесін қиындатады.  Сондықтан  тек  тәжірибелік  танымға  ғана  сүйену  керек. 
Ол-танымның іргетасы. 
Әрине, мұндай көзқарас схоластикалық философияға үлкен соққы жасап, 
болашақ тәжірибелік танымның жолын ашты. 
Ал  оның  қоғамның  әлеуметтік-саяси    өміріне  тигізген  әсерін  ықпалын 
алатын  болсақ,  онда  жекелікті,  жалқылықты  ғана  мойындау,  діни  көзқарасты 
ғылыми білімнен бөлуге келеміз. 
Қоғамның  саяси  саласында  діни  биліктің  саясаттан  бөліну  керектігі 
жөніндегі идеяны туғызады. Ал дүниеге келген жана идея іске аспай қоймайды. 
Оның  аржағында  жеке  адамның  құқы,  оның  мүддесінің  жалпы  қоғамның 
мүддесінен басымдағы жөніндегі идея алыс емес. 
 
 
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар: 
 
1.А.Аврелийдің құдай, адам, тарих туралы ілімі. 
2.Аквинскийдің іліміндегі құдай идеясын негіздеу. 
     3.Номинализм және реализм. 
 
 
 Ойланыңыз: 
 
1.   Христиандық коңиепция бойынша: “Зұлымдық - бейболмыстан”,оны қалай 
түсінесіз? 
2.  .      Христиандық      уағызда  :  ‘‘Тәніңнің  қамындағы  -  құмарлыққа  айналма”! 
Адам  табиғаты  -  тектік  күнәда.    (Құдай  ғана  құтқарады
).
Бұған  сіз  не  айта 
аласыз? 
3.'' Құдай адамды- өзіне ұқсас етіп жаратты '', бұл пікір қай ғасырдың ахуалын 
көрсетеді және нені білдіреді? 
4. '' Адам- өзін құдайға ұқсатады'', бұл қай дәуірдегі ахуалды  білдіреді?  
 
 
Реферат тақырыптары: 
     
 1. Ортағасырлық христиан философиясындағы тұлға мәселесі. 
 2.Ортағасырлық христиан ойшылдарының философиялық жаңалықтары. 
 3.Ортағасырлық  христиан  ойшылдары  тарихтың  және  адам  өмірінің  мәні 
туралы. 
 4.Христиандық философиядағы адам және табиғат. 
 

 
62 
 
 
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ:
 
 
Негізгі: 
1.      Мырзалы С.К. Философия. - Оқулық, Алматы: Бастау, 2008. 
2..     Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы. 
-Алматы, 1999ж. 
3.      Зотов А.Ф.Современная Западная философия. – М.:Высшая школа,2012 . 
4.      Тұрғынбаев Ә. Философия , Алматы, 2001 . 
5.      Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой. 
(арнаулы және еркiн дәрiстер курсы). –Алматы. 1994. 
6.      Петрова В.Ф.,Хасанов М.Ш. Философия. -  Алматы, Эверо,2014. 
7.      Сегизбаев О.А История казахской философии : От первых архаичных 
представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ               
столетия:Учебник для вузов. -  Алматы: Ғылым,2001. 
8.      Нұрғали Ардақ.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. – 
Алматы:Атамұра, 2000. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет