Қайта Өркендеу Заманындағы ғылыми жетістіктер және олардың
философиялық-ой пікірге тигізген әсері
Өз заманындағы схоластикалық ғылымға қарсы шығып Леонардо да Винчи
эмпиризмнің алғашқы нышандарын жасады. Тәжрибе арқылы ғана ақиқатқа
жақындауға болады. Әрі қарай тереңдеу үшін мақсатты тәжірибе-эксперимент
керек. Бірақ табиғат тәжірибеден тыс қалған көп себептерден де тұрады.
Сондықтан ақиқатқа жетудің соңғы жолы - теория. “Ғылым -қолбасшы болса,
практика - әскер” дейді Л. да Винчи.
Адам жағалай қоршаған Дүниені тек қана ғылыми жолымен танып ғана
қоймайды. Өнер - ол да танымның ерекше жолы.
Егер ғылым Дүниенің сандық жағын ғана зерттей алатын болса, онда
өнер дүниенің сапалық, қайталанбайтын, әсем нақтылы жағын көрсете алады.
Бұл жағынан ұлы суретші өнер ғылымнан биік деген пікірге келеді.
84
Н. Коперниктің дүниеге деген көзқарасқа еңгізген төңкерісі
Н. Коперник негізгі еңбегі -“Аспан аймақтарының айналуы жөнінде”. Бұл
еңбектегі негізгі идея - жер ғарыштың ортасы емес - ол біріншіден өзінінің
діңгегінен айналады, екіншіден - күнді айналады; күн дүниенің ортасындағы
тұрған шамшырақ. (Гелиоцентризм) Бұл жаңа болжам күн мен түннің ауысуын,
планеталардың орбиталарын жете түсінуге мүмкіндік берді. Н. Коперник айдың
жерді айналатыны жөнінде де алғаш болжам жасады.
Н. Коперник ашқан жаңалығы діни көзқарасқа үлкен соққы жасап, жаңа
дәуірдегі ғылымға аттанатын жолды ашты.
Джордано Бруноның натурфилософиялық ілімі
Д.Бруно дүниеге деген пантеистік көзқараста болды. “Құдай дегеніміз
шексіздіктегі шексіздік, ол барлығында, барлық жерде олардан бөлек, ия
болмаса жоғары емес…”. Табиғат дегеніміз
ол заттардың ішіндегі құдай деген
пікір таратқан. “Барлық заттар ғарыштың ішінде, ғарыш-барлық заттарда, біз -
оның ішінде, ол
бізде” деген Д. Бруно ойы ертедегі философиядағы микро
және макрокосмның теңдігін көрсеткендей болады.
Құдайдың өзі сол табиғат болғаннан кейін Д. Бруно бүкіл дүниенің жаны
бар деп түсінеді. Дүниежүзілік жан-заттарды қалыптастырады, олардың ішкі
күш-қуаты. Олай болса, бәрі де мақсатқа лайықты өмір сүреді (телеологизм).
Ал оны білу
ғылымның негізгі ісі деп түсінді Д. Бруно.
Діни реформация және оның капиталистік қатынастардың
қалыптасуы мен дамуындағы рөлі
Христиан дінінің алғашқы нұсқаларына қайта оралып, оны Орта
Ғасырлық схоластикалық бүркемдерден тазарту - өзекті мәселелердің біріне
айналады. Осы үлкен көлемді іске барлық жан-тәнін берген неміс теологы
Мартин Лютер ( 1483 – 1546 ж.ж.) болды.
М. Лютер рим-католик шіккеуінің Құдай мен адамның арасындағы
дәнекерлік қызметін теріске шығарып, адамның жалғыз ғана Құдайға деген
сенімі оның құтқарылуына жеткілікті деген пікірге келді. Құдайға қызмет ету -
ол жалғыз дін қызметкерлерінің ғана ісі емес, бүкіл халықтың, әр адамның
борышы деген пікір айтты. Ал мұның бәрі шіркеудің билігін әлсіретіп, оның
догматтарын қысқартты. Мысалы, 7 құпиялықтың екеуі ғана қалды ол крестеу
мен қатысты болу.
причащение
Иконалар алынып тасталды.
М. Лютер дін мен философияның, сенім мен ақыл-ойдың ара қатынасына
үлкен ор қазып, христиан дінінің негізгі құжаттарын, киелі кітаптарын ақыл-
оймен талдаудың мүмкін еместігін айтты. М. Лютердің ойынша, “ақыл-ой -
шайтанның жезтырнағы және сенімге қарсы қылмыс” деген сөзге дейін барды.
85
Олай болса, адам өз ақылы мен еркінің шеңберінде күнәдән құтыла
алмайды, өйткені, алғашқы текті күнә оның табиғатын бұзды. Бұл мәселе
бойынша, оның пікірі Августиннің ойына жақын болды.
Христиан дінін жаңа өмірге сай етіп өзгертуге өзінің үлесін қосқан екінші
ойшыл
ол Жан Кальвин (1509 – 1564ж.ж.) “Христиандық Сенімге тәлім”
деген еңбегінде “сенгеннің надандығы білем дегеннің өркөкіректігінен жақсы”
дейді. Ж. Кальвин адамның өмірінің өркөкіректігінен толығынан құдайдың
еркіне, алдын-ала болжауына тәуелді екенін айтады. Ең ақыры Иса
пайғамбардың өзі барлық адамзаты үшін емес, тек қана оның кішкентай
таңдалған бөлігі үшін зардап шегіп өлді. Ал бірақ ол ешкімге белгісіз.
Ж. Кальвин Қайта Өрлеу заманындағы гуманистердің “фортуна”
ұғымына үзілді-кесілді қарсы шығып “фатум” ұғымын биік дәрежеге көтерді,
өйткені ол құдайдың адамның тағдырын алдын-ала болжауы.
Ж. Кальвин Библиядағы айтылған “Шақырылғандар көп, таңдалғандар -
аз”деген қағиданы толықтырып “тек кім таңдалды - оны ешкім білмейді” деген
пікірге келеді. Батыс Европадағы жаңа қалыптасып жатқан капитализмге
адамгершілік бағыт берген, әсіресе, Ж. Кальвиннің аскеттік ілімі. Егер сенің
істерің саған олжа әкелсе, онда сен масаттанба, тәккәппарланба, керісінше,
Құдай қолдағаннан кейін, кем-тарларға көмектес, байлығынды шашпа, жаңа
жұмыс орындарын аш, т.с.с..
Сонымен, Кальвинизм капиталдың қорланып өсуіне , кәсіби іскерліктің
Құдай қалайтын, адамның абыройын көтеретін, сонымен қатар, өте жауапты іс
екеніндігіне, жаңа дәуірдің моральдық құндылықтарын анықтауға ат салысты.
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар:
1.
Қайта Өрлеу дәуірінің философиясының ерекшеліктері және негізгі
сипаттары.
2.
Қайта Өрлеу дәуіріндегі ғылым.
3.
Қайта Өрлеу дәуірінің әлеуметтік-саяси философиясы.
4.
Қайта Өрлеу дәуіріндегі діни реформация.
Ойланыңыз:
1. Француз ағартушысы Д.Дидро айтқандай: “Ең тамаша ойшылдар
философиямен ғасырлар бойы айналысты. Бірақ соған қарамастан, онда бірде-бір
дау туғызбайтын пікір жоқ”, неге олай?
2. Эразм Роттердамский : “фортуна өте мейірбанды адамдардан гөрі ,не болса
сол болсын деп батыл кірісетін адамдарды сүйеді”, бұл пікірдің мәні неде?
3. Н.Макиавелли : “адалдығым мен сенімділігімнің кепілі - менің кедейлігім”,
неге олай?
4. М Монтень: “қайсыбір философияның бастауында таңғалушылық, дамуында
зерттеулер,соңында білместік жатыр”, мұның мағынасы неде жатыр?
5.Дж.Бруно: “сен өздеріңнің қағидаларыңмен дүниені төңкеріп тастағың келеді, -
86
дейді біреулер. Бірақ төңкеріліп жатқан бұл дүниені төңкергеннің несі жаман”,
бұл ұстаным философиядағы қай бағытқа жатады?
6. Пико делла Мирандолла: “ адам- көп түрлі өзгеретін табиғаты бар жануар”,ал
сен не дер едің?
7.М.Монтень: “қандай қиындық болса да, өмірден бас тартпа”, бұдан не түсіндің?
8 .М.Монтень: “білімге деген іңкәрліктен артық батылдық жоқ”,
9. Пико делла Мирандолла: “құдай басқа тіршіліктің бәрінің бейнесі мен қалпын
шеңберлеп, олардың алатын орнын анықтаған. Тек сен ғана, адам, ешқандай
шеңбермен қысылған жоқсың, сондықтан өз бейнеңді өз шешіміңмен анықтай
аласың”.
Реферат тақырыптары:
1.
Н.Макиавеллидің «Государь» (Патша) атты еңбегінің негізгі идеялары.
2.
Л.Винчи шығармашылығы.
3.
Қайта Өрлеу дәуірі философиясындағы тұлға мәселесі.
4.
Ренессанс дәуіріндегі өнер және философияның өзара байланысы.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ:
Негізгі:
1. Мырзалы С.К. Философия. - Оқулық, Алматы: Бастау, 2008.
2.. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы.
-Алматы, 1999ж.
3. Зотов А.Ф.Современная Западная философия. – М.:Высшая школа,2012 .
4. Тұрғынбаев Ә. Философия , Алматы, 2001 .
5. Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой.
(арнаулы және еркiн дәрiстер курсы). –Алматы. 1994.
6. Петрова В.Ф.,Хасанов М.Ш. Философия. - Алматы, Эверо,2014.
7. Сегизбаев О.А История казахской философии : От первых архаичных
представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ
столетия:Учебник для вузов. - Алматы: Ғылым,2001.
8. Нұрғали Ардақ.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. –
Алматы:Атамұра, 2000.
87
Қ
осымша:
1. Алексеев П.В.,Панин А.В Философия. – М.,:Проспект,2010.
2. Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской философии. –
Алматы: К-ИЦ ИФП КН МОН РК,2011.
3. Бегалинова К.К.,Альжанова У.К. Философия. Часть 1,2. – Алматы: Жібек
жолы, 2014.
4. Есім Ғ. Сана Болмысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007.
5. Лавриенко В.Н. Философия. – М.: ИД Юрайт, 2011.
6. Кирабаев Н.С. Учебное пособие по курсу «Средневековое арбо-
мусульманская философия». – СПб.: СПбГУ,2005
7. Немировская Л.З. Философия: История и теория. – М.,Изд Россиийского
Нового Университета , 2007.
8. Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік – философиялық
талдау. – Алматы, БҒМ ФСИ баспасы,2000.
9. Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. – Алматы: Өлке,1994.
10. Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. Избранные тексты.
– Москва: Восточная литература,2001.
88
1 тірек кесте. Қайта дәуір философиясы
.
Қайта дәуір философиясы. (XY-XVII ғ.ғ)
ГУМАНИЗМ
Гуманистік сарында
ұмтылған адамдардың
еркіндік,бостандық туралы
идеялары.
Франческо Петрарка
(1304-1374жж)
Коллючо Салбтати
( 1331ж )
Леонардо Бруни
(1370-1444жж)
Поджо Бранччолини
(1370-1459жж.)
Леон Баттиста Альберти
(1404-1472 жж.)
Лоренцо Валла
(1407-1457 жж.)
НАТУРФИЛОСОФИЯ
Табиғат құбылыстарын өз
заңдылықтарына сүйеніп
түсіндіруге болатын
көзқарастың дамуына үлкен
әсер етіп, ғылыми жаңалық
ашқандар.
Николай Коперник
(1473-1543 жж.)
Дрождано Бруно
(1548-1600 жж.)
Леонардо да Винче
(1452-1519 жж.)
Галилео Галилей
(1564-1642 жж.)
АРИСТОТЕЛИЗМ
1 Аристотелдік ілімді
сол дәуірге сай
түрлендіріп,уағыздау
шылар.
2. Ортағасырлық
теологиялық
дәстүрге сай,
Аристотель ілімін
негіздеген.
Пьетро
Помпонацции
(1462-1525 жж.)
Симоне Порцио
(1496-
1554 жж
.)
НЕОПЛАТОНИЗМ
.
Аристотель ілімімен бірге,
Платон философиясындағы
ұғымдарды жүйелеушілер.
Николай Кузанский
(1401-1464жж.)
Марсилио Фичино
(1433-1499 жж.)
Пико делла Мирандола
(1463-1494жж.)
Франческо Патриц
(1529-1597
жж
.)
СКЕПТИЦИЗМ
Мишель Монтень
(1533-1592 жж.)
Джанфранческо Пико
(1469-1533 жж.)
Генрих Корнелиус
(1486-1535 жж.)
ДІНИ
Эразм Ротердамский
(1466-1536 жж.)
Мартин Лютер
(1483-1546 жж.)
Ульрих Цвингли
(1484-1531 жж.)
Жан Кальвин
(1509-1564 жж.)
САЯСАТ
Никколо Макиавелли
(1469-1527 жж.)
Гуго Гроций
(1583-1645 жж.)
Жан Боден
(1530-1596 жж
.)
УТОПИСТІК
Томас Мюнцер
(1490-1525 жж.)
Томас Мор
(1478-1535 жж.)
Томмазо Кампеналла
(1568-1639 жж.)
ПАНТЕИЗМ
Натуралистік: Дінилік:
Дж. Бруно. Н.Кузанский.
89
2 тірек кесте.
Қайта өрлеу дәуірінің негізгі бағыттары
Екі бағыт
:
Бірінші –
монархомистік
(тираноборттық
,республикалық)
Екінші –
монархисттік
(абсолютизм)
Жекеменшікті
қолдамау
Қоғамдық еңбек
Материалдық
игіліктерді тең
бөлу
Дүниенің
танымдылығы
Сыртқы дүние
біздің
түйсіктермізге
әсер ететін
танымның көзі
Туа біткен
идеяларды жоққа
шығару
Ақыл - есті және
логиканы
негіздеу
Диалектикалық
тенденциялар (ХV-
XVI ғ.)
Метафизикалық
тенденциялар (XVI
ғ)
Механикалық
материализм (XVII
ғ)
Утопизм
Саясат
Гносеология
Диалектика және
метафизика
Қозғалыс
мәселесі
Пантеистік
концепция
Табиғи –
жаратылыстық
заңдарға сүйене,
әлеуметтік
идеалдарды
негіздеу –
пантеисттік, с.с.
(Т.Мюнцер, Т.
Кампанелла
)
Қозғалыс
материяда
н
ажырамай
тын
бастама
(пантеизм
)
Қайта өрлеу дәуірінің негізгі бағыттары
Материя
мәселесі
Екі
концепция
Атомистік
концепция
Натурфилософия
90
5 тақырып. Жаңа дәуiр философиясы
1. Ф.Бэконның эмпиризмі. Индуктивтік әдіс.
2. Р.Декарттың рационалдық философиясы
3. Т.Гоббстың философиялық көзқарастары
1.
Ф.Бэкон - Жаңа дәуiрдегi философияның алғашқы өкiлi
Тәжiрибенi (эмпиризм) талдай келе, Ф.Бэкон оны екiге бөледi. Олар - жемiстi
тәжiрибе мен сәулелi тәжiрибе. Бiрiншi өмiрге пайдалы нәтижелер әкелсе,
екiншi табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседi. Сәулелi тәжiрибелер
өмiрге дереу пайда әкелмегенiмен, жемiстi тәжiрибелердi жүргiзуге көмек
бередi, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар едi.
Ғылымның дамуына сондай үлкен мән берген ғалым, оны сала-салаға бөлу
мәселесiне (классификацияға) көп көңiл бөледi. Оның ойынша, адамның жан-
дүниесiндегi үш қабiлетi ғылымды топтастырудың негiзiнде жатуы қажет. Олар
1. есте сақтау; 2. қиял ; 3. ақыл-ой. Есте сақтау қасиетiне сай ғылым - тарих,
қиялға - поэзия, ақыл-ойға - философия.
Тарих ғылымын Ф.Бэкон екiге бөледi. Олар - жаратылыстану тарихы ( historia
naturalis ), екiншiсi - азаматтық тарих ( historia civilis ).
Қиялға негiзделген поэзия дүниенi шынайы бейнелемей, керiсiнше, адамның
жүрегiнен, сезiмiнен шығатын талаптар тұрғысынан көрсетедi.
Ал ендi философияға келер болсақ, оның пәнi үш мәселенi қамтиды. Олар -
Құдай, Табиғат және Адам мәселелерi. Өз заманындағы түсiнiктерге сай,
Ф.Бэкон Құдай мәселесiн “қос ақиқат” тұжырымы арқылы қарайды.
Философия саласында Құдайды ақыл-оймен танып-бiлу мүмкiн емес.
Сондықтан, ол теологияның шеңберiнде сенiм арқылы қаралуы керек.
Ал табиғат философиясына келер болсақ, Ф.Бэкон оны да екiге бөледi. Олар -
теоретикалық және практикалық философия. Теоретикалық философия сәулелi
тәжiрибелерге негiзделсе, практикалық философия жемiстi тәжiрибелерге
сүйенiп, табиғатта бұрынғы-соңды болмаған жаңа заттар мен құбылыстарды
тудырады.
Адам мәселесi де екiге бөлiнедi. Табиғат туындысы ретiнде оны философиялық
антропология (philosophia humana), ал қоғамның мүшесi ретiнде азаматтық
философия (philosophia civilis ) зерттейдi.
Таным мәселелерi. Тәжiрибелiк-индуктивтiк әдiстеме жасау
Жекеден жалпылыққа өрлеудi - индуктивтi әдiстеменi - алғаш рет Ф.Бэкон
дүниеге келтiрдi десек, онда ол шындыққа лайықты болмас едi. Өз заманында
ұлы Аристотель жалқыдан жалпыға көшу әдiстемесiн жасаған болатын. Орта
ғасырларда да бұл әдiстеме мүлде ұмыт болған жоқ-ты.
Ф.Бэконның бұл әдiстемеге еңгiзген негiзгi жаңалығы - тек қана белгiлi бiр
ұғымды дәлелдейтiн деректердi ғана емес, сонымен қатар оған қайшы
91
келетiндердi де зерттеу, олардың себебiн табу болды.
Жалқыдан жалпыға жету жолында үш таблица жасау керек. Олар - tabula
presentiae,- деректердiң болу таблицасы, екiншi - tabula absentiae,-деректердiң
болмаған таблицасы, үшiншi - tabula graduum,-деректердiң азды-көптi
болуының деңгейiн көрсететiн таблица . Зерттеу жолында бұл таблицалар
толтырылғаннан кейiн соларды салыстыру арқылы белгiлi бiр ұғымдарды
тудыруға мүмкiндiк пайда болады.
Сонымен, Ф.Бэкон жаңа дәуiрдегi қалыптасып жатқан тәжiрибелiк ғылымның
дамуына зор әсерiн тигiзген ұлы тұлға.
2. Р.Декарттың рационалдық философиясы
Онтологиялық (болмыс) мәселелер
Болмыс жөнiндегi көзқарасында Р.Декарт дуалистiк (екiлiк) көзқараста
болды. Оның ойынша, жалпы дүние жөнiнде екi субстанцияны мойындауға
тура келедi. Олардың бiреуi - материалдық, заттық, денелiк субстанция. Оның
негiзгi атрибуты (қасиетi)- созылу, кеңiстiкте белгiлi бiр орын алу. Екiншi
субстанция - рух. Оның негiзгi атрибуты - ойлау. Жан-дүние бiр сәт те тоқтамай
тұрақты ойлайды.
Бұл екi бiр-бiрiнен тәуелсiз жатқан субстанция адам мәселесiне келген кезде
үлкен қиындықтарды тудырады.
“Адамның ақыл-ойы, зердесi - жан-жақты құрал”,- дейдi Р.Декарт. Адамның
екiншi ерекшiлiгi - ол сөйлей алатын пәнде. Олай болса, адамның басқа
тiршiлiктен негiзгi айырмашылығы-оның рухында.
Дүниетану мәселелерi. Күмәндану принципi
Өзiнiң философиясының мықты негiздерiн жасау үшiн Р.Декарт “бәрiне
де күмәндану керек” деген шешiмге келедi. Осы тұрғыдан сезiмдiк танымға
келсек, ол көбiне бiзге дүние жөнiнде жалған пiкiр тудырады.
Адамның танымдық iс-әрекетi Р.Декарттың ойынша үш идеялар тобынан
тұрады. Бiрiншiсi - сырттан қабылданатын сезiмдiк мүшелерге өзiнiң әсерiн
тигiзетiн идеялар. Мысалы, күн идеясы, ол әрбiр адамның санасында бар.
Екiншi- адамның ақыл-ойындағы идеялар. Олар сырттан қабылданған әсердi
өзгерту арқылы пайда болуы мүмкiн.
Соңғы үшiншi идеялар - олар бiзбен туа бiткен, ең маңызды, таным процесiнде
шешушi рөл атқарады. Оған адам интеллектуалдық интуиция арқылы жетедi.
Ал оған жеткiзетiн адамның жан-дүниесiндегi табиғи ақыл сәулесi (lumen
naturale). Туа бiткен идеяға Р.Декарт “Ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн”
принципiн де жатқызады.
Рационалдық метод
Негiзiнен алғанда, Р.Декарттың әдiстемесi - ол интеллектуалдық
интуиция арқылы алынған негiзгi ұғымдарға сүйене отырып басқа ұғымдарды,
тұжырымдарды тудыру. Егер интуицияда ақиқат тiкелей ашық берiлсе, онда
92
дедукцияның дәнекерлiгi арқылы ақиқатқа күрделi жол арқылы жетуге болады.
Осы күрделi жолда бiр ұғым байқалмай түсiп қалса, онда нәтижеге жету мүмкiн
болмай қалады. Сондықтан, бүкiл дедукция жолын ұқыпты есептеп бақылап
отыру қажет. Дедуктивтi әдiстеме арқылы әр-түрлi нәтижелерге жетуге болады.
Сондықтан, Р.Декарт оны жасанды тәжiрибе қойып (эксперимент) тексерiп
отыру қажет деген пiкiр айтады.
3. Т.Гоббстың философиялық көзқарастары
Мемлекет пен қоғам мәселелерi
Гоббс өзiнiң iлiмiнде мемлекеттiлiктi адамның өзiмшiл табиғатынан
шығарады. Әрбiр адам ең алдымен өз мүддесiн алға қояды, олай болса,
жалқылық, жекелiк - бiрiншi, ал қоғамдық, мемлекеттiлiк - екiншi орында.
Т.Гоббстың ойынша, әр халық өзiнiң тарихында екi сатыдан өтедi. Олар -
мемлекеттiкке дейiнгi табиғи (status naturalis) және мемлекеттiк (status civilis)
саты.
Алғашқы табиғи сатыда мемлекет те, жеке меншiк те, мораль да әлi жоқ, тек
қана адамдардың табиғи құқы бар. Ол адамның керек қылатын нәрселерiнiң
бәрiне деген құқы. Өзiнiң өмiрiн сақтап қалу жолында адам қандай iс-әрекет
жасаса да шектелген жоқ. Сондықтан, мұндай жағдайда әр адам өмiрге керек
құндылықтарды өзiне тартқаннан кейiн “бәрiнiң бәрiне қарсы соғысы” (bella
omnia contra omnies) басталады. Адамдар бiр-бiрiне қасқыр сияқты (homo
homini lupus est) болады. Мұндай жағдайда адамдардың өзiн-өздерi құртуының
қаупы туып, табиғи жағдайдан азаматтық мемлекеттiк деңгейге көшу қажеттiгi
пайда болады.
Сондықтан, адамдар өздерiнiң кейбiр құқтарынан ерiктi түрде бас тартып,
оларды күштi орталандырылған билiкке бередi. Сонымен, қоғамдық осындай
шарттың негiзiнде,- мемлекет дүниеге келедi.
Т.Гоббстың ойынша, қоғамдық шартқа өту тiлсiз болмас едi. “Тiлсiз адамдарда
мемлекет, қоғам, шарт, бейбiтшiлiк те болмас едi”
Адамдардың мемлекеттiкке өтуiнде олардың табиғатында бар заң (lex naturalis)
үлкен рөл атқарады. Ол заң - “Өзiңе тiлемейтiндi басқаға да жасама”. Оны бiз
моральдың “алтын ережесi” деймiз.
Екiншiден, әрбiр адам өлiмнен қорқады, сондықтан ол бейбiт өмiрдiң қажеттiгiн
сезiнедi, ал мұның бәрi оны мемлекеттiлiкке қарай итермелейдi.
Мемлекетке шарттық негiзде өз еркiмен берiлген адамдардың құқтары ендi
қайтып алынбайды. Адамдар мемлекет заңдарын бұлжытпай орындаулары
қажет. Сонымен қатар, Т.Гоббс құқ пен заңның арасындағы айырмашылықты
анық байқаған адам. Бiр жағынан алғанда, мемлекетте заңдылық, тәртiп болуы
керек. Екiншi жағынан, заңдар мөлшерден шығып барлық қоғамдағы қарым-
қатынастарды ретке келтiруге тырысса - онда адамдардың белсендiлiгiне
нұсқан келедi. Бұл жерде Т.Гоббс тоталитаризмнiң болуын болжаған секiлдi.
Сондықтан, заңдар ақыл-ой елегiнен өткен қажеттi қатынастарды ғана ретке
келтiруi тиiс.
Әрине, мемлекеттiң дуниеге келу мәселесi - өте күрделi құбылыс. Ол жөнiнде
93
әр-түрлi болжамдар бар. Т.Гоббстың жасаған “конвенционалдық” (шарттық)
тұжырымы, әрине, бұл мәселенiң мәндi бiр жағын ғана көрсетедi. Осы тұрғыдан
алғанда, қайсыбiр мемлекеттi шарттық негiзiнде өмiр сүредi деп әбден айтуға
болады. Бiздiң жас мемлекет те өзiнiң екiншi “Ата заңын”(Конституциясын)
1995 ж. Бүкiлхалықтық референдумда қабылдаған болатын. Ал мұның өзiн
белгiлi шарт деп айтуға, әрине, болады.
Достарыңызбен бөлісу: |