8 тақырып. XVIII ғ. соңы – XXI ғ. басындағы философия
ХIХ ғасыр философиясы
1. Маркстiк философия.
2. ХIХ ғ. бейклассикалық философия. А.Шопенгауердiң Әлемдiк Еркi.
3. С. Кьеркогердiң философиясы.
Маркстiк философия
Маркстiк философияның негiзiн қалаған екi немiс ойшылдары К. Маркс
(1818-1883 ж.ж.) пен Ф. Энгельс (1820-1895 ж.ж.)болды. Оның негiзгi өзегi -
дүниенi түсiнiп қана қоймай, оны қайта құру, өзгерту қажеттiгi, ал
философияға келер болсақ, ол осы мақсатты рухани тұрғыдан негiздеуi қажет.
К.Маркс адамдардың сана-сезiмiнiң өзi олардың өмiр сүру жағдайларымен
тығыз байланысты, соларға тәуелдi екенiн ашады. “Болмысты анықтайтын
олардың санасы емес, керiсiнше, қоғамдық болмыс олардың санасын
анықтайды”, - деген тұжырымға келедi.
Бүгiнгi таңдағы қиындықтардың түп-тамыры, мiне, тарихтағы солшыл саясатқа
барып тiреледi, оған Маркс кiнәлi емес. Қоғам өмiрiндегi саяси, құқтық,
моральдық, дiни т.с.с көзқарастардың рөлi қаншалықты үлкен болғанымен,
олардың өзi белгiлi бiр сатыдағы өндiрiс тәсiлiнiң нәтижесi ретiнде қаралуы
керек.
Маркс
дамудың қайнар көзiн сол материалдық дүниенiң iшкi
қайшылығынан көредi - заттың iшкi қайшылығы оны бүгiнгi болмыс
шеңберiнен шығарып, басқа затқа айналуына әкелiп соғады. Олай болса, қоғам
өмiрiнiң де негiзгi қайшылығы - материалдық өндiрiстегi өндiргiш күштер мен
өндiрiс қатынастарының арасында жатыр.
Егер Гегель қоғамдағы диалектикалық өзгерiстiң бәрiн ұлттық iс-қимылдан
көрсе, Маркс оны әлеуметтiк таптан көредi.
Маркс Фейербахтың “адам-толығынан биологиялық-табиғи туынды” деген
пiкiрiн қатты сынға алғанмен, оған қарама-қарсы бiржақты “әлеуметтiлiк”
тұжырымға өтiп кеткенiн аңғара алмай қалған болатын. Сол себептi, Маркстiң
ойынша, болашақ коммунистiк қоғамда жаңарған әлеуметтiк ақуалға сай “жаңа
адам” дүниеге келеді. Адам - биологиялық, я болмаса - әлеуметтiк пәнде емес,
ол - био-әлеуметтiк, тек осы жолда ғана оны терең түсiнуге болады.
А.Шопенгауердiң Әлемдiк Еркi
Артур Шопенгауер негiзгi еңбегi “Дүние ерiк пен елестету ретiнде”.
Сонымен, Шопенгауердiң ойынша, Дүниенiң негiзiнде жатқан Ерiк - ол бiреу
және одан басқа ешнәрсе жоқ, бiрақ ол өзiнiң өмiрдегi құбылуында шексiз сан-
124
алуан болып көрiнедi. Ол - өзiнiң толық еркiмен теңелетiн бейтұлғалық орасан
зор құдiреттi күш. Ол бейсаналы болғаннан кейiн өзiнiң мәңгiлiк қалыптасу,
мақсат-мұратсыз өмiрге ынтық болу барысында неше-түрлi залымдықты
тудыруы мүмкiн. Тiрi табиғатта - тiршiлiктер формаларының өмiрге деген еркi,
сол үшiн өзара бiр-бiрiмен күресi, өмiрдi жалғастыруға бағытталған жыныс
инстинктерi, адам өмiрiндегi ешқашан да ойдағы нәтижелерге әкелмейтiн
саналы талпыныстар, бейсаналық түрде пайда болатын әр-түрлi сезiм
толқындары т.с.с.
Мiне, дүниенiң ажырамас бiр бөлiгi ретiндегi адамдардың өзi ғана сол
Әлемдiк Ерiкке қарсы шығып оны таратуы керек, сонда ғана дүниенiң зардабы
тоқтатылады. Ол үшiн адам өзiнiң өмiрлiк күш-қуатын, өз бойындағы еркiн сол
дүниенi тудырған Әлемдiк Ерiкке қарсы қойуы қажет. Ал мұның өзi ең
алдымен адамдардың философиялық таным арқылы Әлемдiк Ерiктiң терең
мәнiн зерттеп- бiлуiмен тығыз байланысты. Содан кейiн адам екi сатыдан өтуi
керек. Алғашқысы - эстетикалық аңлау, соңғысы - моральдық жолмен жетiлу.
С. Кьеркогердiң философиясы
Серен Кьеркогер Гегельдiң объективтiк диалектикасына өзiнiң
субъективтi, жеке тұлғаның өмiр сүру (экзистенциалдық) диалектикасын қарсы
қояды. Оның ойынша, қайсыбiр дүние жөнiндегi жаратылыстануға негiзделген
ғылыми көзқарас - залымдықтың нышаны. Жаратылыстану ең соңында
адамзаттың құруына әкелуi мүмкiн,- дейдi Кьеркогер. Сондықтан,
философияның негiзгi мәселесiне нақтылы адамның өмiр сүруi, оның өзiндiк
санасы, iшкi рухани өмiрi жатуы керек. Егер Сократ дүниенi түсiну үшiн ең
алдымен “өзiңдi тани бiл” деген болса, Кьеркогер тек қана адамның iшкi өмiрiн
танумен қанағаттанып, сыртқы дүниенi, болмысты танудан үзiлдi-кесiлдi бас
тартады. “Шындық, сыртқы өмiр бар ма
?
“,- деген сұраққа ол терiс жауап
бередi. “Шындық - ол iшкi дүние (innerlichkeit), Меннiң өз Менiне деген
қатынасы”.
Өмiр сүру дегенiмiз -ол тебiрену, зардап шегiп, соның шеңберiнен шығуға
бағытталған адамның iңкәрi.
Бұл арада “әлде-әлде” принципi таңдау мәселесiн шешпейдi, өйткенi екi
сатының да үлкен кемшiлiктерi бар, сондықтан “ол да емес, бұл да емес” деген
тұжырымға өмiр диалектикасы әкеледi. Олай болса, адам үшiншi соңғы сатыға
өту шешiмiне келiп трагикалық секiрiстен өтедi. Бұл саты дiни шеңберде өтпек.
Кьеркогер өз заманындағы адамдарға ренжiп, олар ғылыми танымның
кереметтiгiне сенiп, адамның өмiр сүруi мен iшкi рухани тебiренiстерiнен пайда
болатын мәселелердi ұмыт қалдырғаны жөнiнде айтады.
Сонымен “парадокс” ұғымы Кьеркогердiң өмiр сүру диалектикасының негiзгi
категорияларының бiреуiне айналады. Парадокс дегенiмiз - адамның iшкi
өмiрiнiң қайшылығынан шығатын өмiр сүру зардабы. Егер эстетикалық өмiр
сатысының негiзгi категориясы - ләззат алу, этикалық сатыда - парыз болатын
болса, дiни сатыда ол - зардап шегумен тең. Адам - зардап шегуге жаратылған
пәнде. Өмiр - зардапқа толы. Өмiр сүру дегенiмiз - зардап шегу.
125
Әрине, адамның бұл өмiрде зардап шегуi - сонау көне заманнан осы уақытқа
шейiн талданып келе жатқан мәселелердiң бiрi. Бiрақ, Кьеркогер оны өте
өткiрлеп күшейтедi. Оның ойынша, зардап шегу тек өмiрдiң өзiнен шығып қана
қоймайды, ол - қажеттi, керек қылатын нәрсе. Егер бiз зардап шегудi
мойындап қана қоймай, сонымен қатар, оны сүйетiн болсақ, сонда ғана бiз өмiр
сүру деңгейiмiзде бақытсыздықтан биiктеп, бақыттың өзiнен асып түсемiз,-
дейдi ұлы ойшыл. Олай болса, адам өзiнiң өмiрiн жеңiлдетiп, зардап шегуден
қашудың орнына, оны, керiсiнше, ауырлату, күрделендiру қажет - сонда ғана
бiз бақытсыздық пен бақыттылықты аттап өтiп, олардың арасындағы
қайшылықты жоя аламыз.
Сенiм дегенiмiз - парадокс, ол жекелiктi жалпылықтан, жердегiнi аспаннан,
өтпелiнi мәңгiлiктен, жеке сенiмдi моральдық қағидалардан жоғары ұстауды
талап етедi. Сенiм - жеке адамның таңдауының iсi, ерiктiң шешiмi, секiрiс,
тәуекелдiк, ғажайып, абсурд.
Өзiндiк дайындыққа арналған сұрақтар:
1. Маркстiк философияның негiзгi қағидасы қандай?
2. Қоғамды материалистiк тұрғыдан түсiну дегенiмiз не?
3. Марксизмдегi “қоғамдық болмыс” пен “қоғамдық сана” ұғымдарын
салыстырыңыз.
4. Маркстiк философия таным мәселесiне қандай жаңалықтар еңгiздi?
5. К.Маркс дамудың қайнар көзiн неден iздейдi?
6. Әлеуметтiк мәселелердi таптық тұрғыдан қарау қандай салдарларға әкелуi
мүмкiн?
7. К.Маркстiң қоғамды формациялық жолмен талдауы дұрыс па?
8. Марксизмдегi адам мәселесiнiң ерекшелiктерi.
9. Маркстiң коммунизм теориясын сынай аласыз ба?
10. Марксизмнiң гуманистiк-адамгершiлiк жақтарын көрсетiңiз.
11.
ХIХ
ғ.
екiншi
жартысында
неге
классикалық
философияға
қанағаттанбаушылық пайда болады?
12. А.Шопенгауер философиясының негiзiнде не жатыр?
13. С.Кьеркогер не үшiн Гегельдiң философиясын сынға алады?
14. Әлемдiк ерiкке қарсы күресiнде адам қандай сатылардан өтедi?
15. С.Кьеркогер философияға қандай ұғымдарды еңгiзедi?
16. С.Кьеркогердiң экзистенциалдық диалектикасының маңызы неде?
17. Адам өмiрiнiң дiни сатысының ерекшелiгiн С.Кьеркогер неден көредi?
126
Әдебиеттер
1. Мырзалы С. Философия.Оқулық, Алматы 2008 ж.
2.. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы.
-Алматы, 1999ж.
3. Ғабитов Т. Философия. Оқулық., Алматы, 2002 ж.
4. Тұрғынбаев Ә. Философия , Алматы, 2001 ж.
5. Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой.
(арнаулы және еркiн дәрiстер курсы). –Алматы. 1994ж.
6. Кiшiбеков Д., Сыдықов Ұ. Философия., Оқулық. Алматы. 1994ж.
7. Әбiшев Қ. Философия (Жоғарғы оқу орындарына арналған). Оқулық.
Алматы: “Ақыл кiтабы”. 1999ж
127
ХХ ғасырдағы философия
1.
Позитивизм және оның тарихи түрлері.
2.
20ғ. өмір философиясы.
3.
20ғ. кейбір діни көзқарастар мен экзистенциализм философиясы.
4.
20ғ. діни философия
ХХ ғасырда. пайда болған өндiргiш күштердiң қуаты бұрынғы бүкiл адамзат
өркениетiнiң (45 мыңж.) жасағанынан асып түстi. Бұдан болашаққа деген
оптимистiк өмiр сезiм – бәрiн игеремiз деген көзқарастарды тудырды.
Хиросима АЭС, т.б., К. Маркс, Ф. Энгельс коммунистiк теориясы iске аспады
(70 жыл) II дүниежүзiлiк соғыс (Наполеон, т.б.).
Осы барлық жағдай – адам өмiрiнде терең тебiренiстер тудырып “Өмiр
философиясы” (экзистенциализм) бағытын күшейтiп, оның дiни және “атеистiк”
бағыттарын дүниеге әкелдi.
20ғ. II жартысында батыс (капиталситiк) елдер “постиндустриялдық
цивилизациялық” халыққа бай өмiр салтын ұсынды. Демократия жетiстiктерге
жетiп “адам құқықтарының” сақталуына көңiл бөлдi. Байлық рухани өрлеуiн
жетiлдiруiн әкелген жоқ.
Бұл 20ғ. ортасында болашақтық жарқын идея сөнiп 20ғ. аяғында писсимистiк
дүние сезiм бой көтердi. Терез-ана мен М. Гандидiң гуманизмiне қарама-қарсы,
Гитлер мен Пол-Поттың антигуманистiк iстерi, т.с.с. Бәрiне керектiгi әлемдiк әсем,
өмiрдi сақтап қалу ғылыми жетiстiктерiн адамгершiлiкпен ұштастыру халықтар
арасындағы бақталастық емес, адам өмiрiнiң мән-мағынасын арттыру керектiгi.
Батыс философиясындағы қазiргi ғылымның даму барысындағы пайда болған
философиялық-танымдық мәселелердi шешуге бағытталған ағым – неопозитивизм
болады. Негiзiн қалаған француз О.Конт – ғылымның негiзiнде – дүниеде белгiлi
бiр тәртiп пен өрлеу барлығын көрсететiн тәжiрибелiк ғылыми деректер және
соларды – теоретикалық деңгейге көтерiп – талдау iс-әрекетi жатыр. Адамзат ой-
өрiсi – даму тарихында 3 сатыдан өттi. 1. теологиялық (жалғандық) – құдай
арқылы түсiндiрiледi (көне з/м – 14ғ. дейiн) 2. метафизикалық (14ғ.-18 ғ.д.) –
бұрынғы терiстеле, барлығына күмән, сенбеушiлiк алғашқы негiздердi iздеу
(методология, рух, т.с.с.) 3. позитивистiк (19ғ.) өндiрiске негiзделген қоғам пайда
болып, альтруизм эгоизмдi жеңгенде нағыз ғылыми сатыға өрлеуге болады.
Социология ғылымының негiзгi мақсаты –тәртiп пен өрлеудi бiр-бiрден
ұштастыру қажеттiлiктен шығарады.
Адамзатты бiрiктiретiн – жаңа ағарған дiн керек. Ол – адамзаттың өзi (табыну
керек). Ия рухани дiн керек (табиғат тәңiр).
ХХғ. басында жаратылыстану ғылымындағы ашылған жаңалықтар (реактивтiк
сәулелер, электрон, т.с.с.) осыған дейiнгi механистiк классикалық физиканың
негiзi қағидаларына үлкен соққы жасады.
128
Электрон бөлшектерiнiң тұрақты салмағы жоқтығы ғалымдарды таңдандырды.
Француз ғалымы – математигi А. Пуанкаре: “Олай болса- материя жойылды”
дейдi т.б.
П/з II с. – эмпириокритицизм – тәжiрибенi сынға алу деген ұғымды қайта қарап
Оларша бұл – материя мен сананың, физикалық пен сихикалықтың қарама-
қарсылығын жояды. “Субъектiсiз – объект жоқ, объектiсiз субъект жоқ” деп Оны
танымдағы “принципиалдық сәйкестiк” деп аталады.
Эмпириокритицизмнiң негiзгi қағиданың бiрi – “ойлаудың тиiмдiлiгi” мен
ғылымда тек суреттеу идеалына жету.
“Ойлаудың тиiмдiлiгiн” – организм өз-өзiн сақтау үшiн – биологиялық
қажеттiлiктердi өтеу жолында бейiмделу дегендi бiлдiредi.
“Ғылымдағы ойлау тиiмдiлiгi” – “субстанция”, “себептiлiк”, “алғашқы негiз”
т.с.с. мазмұнсыз категориялардан бас тарту керек. Олардың байланыстарын ғана
суреттесе болғаны.
ХХғ. 20ж. Пайда болған неопозитивизм болды. Негiзгi өкiлдерi: Мориц Шлик,
Рудольф Карнап, Людвиг Витгенштейн, Бертран Рассел.
Б. Рассел: э/м-гi – сезiмдi тәжiрибенi асыра түсiндiрудi (сенiмге негiздейдi)
қолдамай, оны – математикалық логика – тұрғысынан толықтыру керек дейдi.
Философия – дегенiмiз тәжiрибелiк қағидаларды – логикалық талдаудан өткiзiп
қорытатын пәнге айналады. Бұны – логикалық позитивизм де дейдi. Келесi өкiлi
Р.Карнап - математикалық логика арқылы – бiлiмдегi негiзгi ұғымның –
мазмұнын, мән-мағынасын тексеру керек. Оның құралы- верификация –
(дәлелдеймiн) (яғни сезiмдiк тәжiрибеден шығатын деректермен салыстырып
тексеру қажет). Верификация – тiкелей айтсақ- ғылыми қағиданың - өмiрдегi
тәжiрибеге сәйкестiгiн анықтау едi. Кемшiлiгi: Қоғамдық- гуманитарлық пәнге
(этика, психологияға т.б.) – верифиакция қағидасы әлсiз, келе бермейдi.
әлеуметтiк философиялық көзқарастар: Б.Рассел: Қоғам өмiрiнде – белгiлi бiр
даму заңдылықтары жоқ дейдi. Iс-әрекеттерге – ықпалды институттар мен iңкәр
тәрiздi, ол адам - еркiн бағалап фашизм, сталинизм – халықты (м/м-тi) құрсауға
алғаны үшiн қатты сынайды.
Неопозитивизм – лингвистикалық философия – тiлдегi сөздердi, ғылыми
сөйлемдi логикалық жолмен талдау керек дейдi. Л.Витгенштейн: “философия –
тiлге сын – ретiнде ғана өмiр сүредi” .
Жаңа ғана көз алдымыздан өткен ХХ ғасыр тарихтың қойнауына кiрiп
тыныштыққа ие болып жатыр. Болашақта оның адамзат тарихына тигiзген ықпалы
терең түрде талданып анықталады. Дегенмен, бүгiнгi таңның өзiнде бiз оған көз
жiберiп, оның адамзат тарихына тигiзген орасан-зор ықпалын, терең де үшкiр
қайшылықтарын, жетiстiктерi мен кемшiлiктерiн т.с.с. талдауымызға әбден
болады. Сонда ғана бiз осы ғасыр тудырған философиялық ой-пiкiрлердi жете
түсiне аламыз.
ХХ ғасыр адамзаттың дүниетану мүмкiншiлiгi мен соның негiзiнде оны қайта
өзгертудiң тамаша жетiстiктерiн көрсете бiлдi. Изиданың жапқышының үстiндегi “
129
Мен - Солмын, болғам, болып жатырмын және болашақта болам да, өтпелi пәнде
менiң жапқышымның етегiн ешқашанда көтере алмайды”,- деп жазған сөздердi
адамзаты ХХ ғасырда терiске шығарған сияқты. Осы ғасырда табиғаттың ең терең
құпиялары ашылып, адам игiлiгiне жұмсала басталды. Мысалы, бүгiнгi Францияда
қоғамға қажет электр қуатының 68 пайызын атомдық электростанциялар бередi
!
Бүгiнгi адам ми далада жүрiп, ұялы телефонмен ғарыш арқылы мыңдаған
шақырым алыстықта өмiр сүрiп жатқан жолдасымен, я болмаса әрiптесiмен
сөйлесе алады, компьютер арқылы неше-түрлi ақпаратты қабылдап, өзiнiң бiлiмiн
өсiрiп, өмiрде пайдаланады. Лондонның “Хитроу” аэропортынан “Конкорд” деген
дыбыстан да жүйрiк ұшаққа мiнiп, бiрнеше сағаттан кейiн жердiң ана жақ
бетiндегi “Кеннеди” атындағы аэропортқа қонып, АҚШ-тан бiрақ шығуға болады
!
Бүгiнгi таңда ғарыштағы жасанды серiктер мұхиттағы балықтардың жиналған
жерiн анықтап, сол жерге кемелердi жiбередi, қай жерде қандай табиғи байлықтар
барын болжай алады, ауа-райы жөнiнде мәлiмет берiп, т.с.с. ақпараттар жеткiзедi.
ХХ ғасырда жасалып бүгiнгi миллиардтаған адамдардың өмiрiне кеңiнен кiрген
заттардың iшiнен машиналар мен ұшақтарды, неше-түрлi байланыс жүйелерiн,
радио мен телевидениенi, компьютерлердi, жасанды материалдарды т.с.с. атап
өтуге болар едi. Бұлардың бәрi де тек ХХ ғасырда пайда болып өмiрдi күрт
өзгерттi
!
ХХ ғасырда пайда болған өндiргiш күштердiң қуаты бүкiл адамзат
цивилизациясының бұрынғы 4-5 мың жылдардағы жасағанынан анағұрлым асып
түседi
!
Бұл айтылған деректердiң бәрi де болашаққа деген оптимистiк өмiрсезiмiн
тудырып, табиғаттың барлық стихиялық күштерi ертелi-кеш игерiледi деген
сциентистiк көзқарастарды тудырды.
Бiрақ, бiз бұл жерде “шыңға қарай өрлеу - құлдырауды тереңдете түседi”,- деген
нақыл сөздi естен шығармағанымыз жөн. Атомдық электростанциялармен бiрге
өмiрде атомдық бомбалар пайда болып Хиросима мен Нагасакидiң трагедиясына,
Семей полигоны сияқты радиациямен уланған жерлердiң көбейуiне, ол жердегi
өмiр сүрiп жатқан адамдардың геноцидке ұшырауына әкелiп соқты. Чернобыль
атомдық станциясындағы жарылыс адамзаттың ғылыми тәкәппарлығын су
сепкендей басып
:
“Тоқта, сен Құдай емессiң, аяғыңды байқап бас”,- деген сияқты
болды.
ХХ ғасырдағы қоғамдық өзгерiстерге келер болсақ - олар да қайшылықтарға
толы. Бiр жағынан адамзаттың мыңдаған жылдар армандаған “жерұйығын” -
коммунизмдi дүниеге еңгiзуге бағытталған орасан-зор батыл да қайғылы
әлеуметтiк тәжiрибе ХХ ғ. 70 жылдан артық уақытын алды. Ақырында, ол тарихи
тұйықтыққа әкелiп тiредi. Дүниенiң байлығын қайта бөлу әрекетi екi бұрынғы-
соңды болмаған Дүниежүзiлiк соғыстарға әкелiп, миллиондаған қыршын
жастардың өмiрiн алып кеттi. Гитлер мен Сталиннiң жасаған залымдықтарымен
салыстырсақ, Калигула мен Неронның, Атилла мен Шыңғысханның, Иван-
Грозный мен Наполеонның жасағандары баланың ойыншығы сияқты
!
Мұндай
жағдай философиядағы адам өмiрiне деген терең тебiренiстердi тудырып “өмiр
философиясын”, әсiресе, экзистенциализм бағытын күшейтiп, оның “дiни” және
130
“атеистiк” бағыттарын дүниеге әкелдi.
ХХ ғ. екiншi жартысында дамыған капиталистiк елдер “постиндустриалдық
цивилизацияның” шеңберiне кiрiп өздерiнiң халықтарына жеңiл де бай өмiр
салтын ұсынды. Демократия бiршама жетiстiктерге жетiп, “ адам құқтарының”
сақталуына көп көңiл бөлiне бастады.
Бiрақ байлықтың өсуi адамзаттың рухани-адамгершiлiк жолындағы өрлеуiн
тездеткен жоқ, тiптi, керiсiнше, оны тоқыратып тастағандай болды. Бiр жағынан
жер бетiнде өмiрдiң қызығына тоймай, күнбе-күнгi өмiрден ләззат iздеген дамыған
елдердегi “ алтын миллиард”, екiншi жағынан, күнбе-күн аштықтың зардабын
көрген тағы да “миллиард”, ал ол екеуiнiң ортасында аласапыран қиындықтарды
басынан өткiзiп, жақсы өмiрге ұмтылып жатқан кедей елдердегi адамзаттың
қалған 4 миллиарды
!
Бүгiнгi таңда ХХ ғ. орта кезеңiнде пайда болған адамзаттың
жарқын болашағы жөнiндегi идеялар бiршама сөнiп, ғасырдың аяғына қарай
пессимистiк антисциентистiк дүниесезiм бой алып келе жатқан секiлдi.
Ал ендi ХХ ғасырдың рухани мәдениетiне тоқталсақ, ол да неше-түрлi
шытырман қайшылықтарға толы. Бiр жағынан, орасан-зор ғылыми жетiстiктер,
мәдениет құндылықтарын миллиондаған данамен басып халыққа тарату
мүмкiншiлiктерiнiң өсуi т.с.с., екiншi жағынан, адамның техника, өлi байлық, дене
ләззатының құлына айналуы. Бiр жағынан, ХХ ғ. бүкiл адамзат тарихының
беттерiнде сирек кездесетiн ұлы гуманистер - Тереза-ана, А.Сахаров, А.Швейцер,
Махатма Ганди т.с.с. өмiр сүрсе, екiншi жағынан, бұл ғасыр Гитлер, Сталин,
Муссолини, Пол-Пот т.с.с. залымдарды дүниеге әкелдi.
Бүгiнгi адамзатына керектi нәрсе - жер бетiндегi ғарыштың әсем гүлi - өмiрдi
сақтап қалу, ғылымның жетiстiктерiн адамгершiлiкпен ұштастырып, жаңа
жағдайда “мәңгi сұрақ”- адамның өмiрiнiң мән- мағ насы мен не үшiн
жаратылғанына - жаңа шешiм iздеу, осы жолда бақталастық емес, халықтардың
бiр-бiрiн толықтыруы, өзара бiр-бiрiн ақтауы, көмектесуi қажет сияқты.
Әрине, мұндай талдауларды әрi қарай жалғастыра беруге болар едi.
Бiрақ, жоғарыда көрсетiлген сиппатамалар ХХ ғ. пайда болған философияның
ағымдарын жете түсiнуге мүмкiншiлiк бередi деген ойдамыз. Олай болса, өткен
ғасырда пайда болған көп философиялық ағымдардың негiзгiлерiн талдауға
көшейiк.
Неопозитивизм ( neo - жаңа, positivus - латын сөзi,- оң, дұрыс деген мағна
бередi) ағымы.
Алдында позитивизмнiң негiзiн қалаған француз ойшылы О. Конттың болатын.
Конт адамзат ой-өрiсi өзiнiң даму тарихында 3 сатыдан өттi деген пiкiрге келедi.
Олар
:
1. теологиялық (жалғандық) саты - көне заманнан ХIУ ғ. дейiн
;
2.
метафизикалық саты - ХIУ-ХУIII ғ.ғ.
;
3.позитивтiк саты - ХIХ ғ. бастап пайда
болады.
Позитивизмнiң екiншi сатысы дүниеге келедi. Оның аты “ эмпириокритицизм”,
яғни тәжiрибенi сынға алу деген мағна бередi. Негiзгi өкiлдерi - Мах, Авенариус
т.с.с.
131
Эмпириокритицизмнiң негiзгi қағидаларының бiрi “ойлаудың тиiмдiлiгi” мен
ғылымда тек суреттеу идеалына жету. Ойлау тиiмдiлiгiн олар организмнiң өз-өзiн
сақтау үшiн биологиялық қажеттiктердi өтеу жолындағы бейiмделуiнен
шығарады. Ғылымдағы ойлау тиiмдiлiгi “субстанция”, “себептiлiк”, “алғашқы
негiз” т.с.с. мазмұнсыз категориялардан бас тартуды қажет етедi,- дейдi олар.
Олардың орнына ғылымдағы ашылған элементтердiң өзара байланыстарын
суреттесе болғаны.
Ендi мiне, бiз ХХ ғ. 20-шi жылдарында пайда болған позитивизмнiң үшiншi
сатысы - неопозитивизмнiң өзiне келiп тiрелдiк. Негiзгi өкiлдерi - Мориц Шлик
(1882-1936 ж.ж.), Рудольф Карнап (1891-1970 ж.ж.), Людвиг Витгенштейн
(1889-1951 ж.ж.), Бертран Рассел (1872-1970 ж.ж.) т.с.с.
Б.Рассел тек қана сезiмдiк деректердiң шынтуайттығын мойындайды. Объективтi
дүниенiң өмiр сүруiн мойындағанмен, ол оның негiзiн тек қана сенiмге негiздейдi
- оны ғылыми жолмен дәлелдеу мүмкiн емес. Сонымен қатар, Б.Рассел
эмпириокритицизмдегi сезiмдiк тәжiрибенi асыра түсiнудi қолдамай, оны
Достарыңызбен бөлісу: |