Джайнизм философиясы
Джайнизм (Джина – жеңіс) философиясының негізін қалаған Махавира
деген ойшыл болған. (кейбір деректерде Вардхамана)
Джайнизм жеңіс деген сөзден шыққан. Адам кімді жеңу керек?
Басқаларды ма, әлде бүкіл дүниені ме? Жоқ, бұл дүниедегі шынайы жеңіс – ол
адамның өзін-өзі жеңуі.
Джайнизм философиясында 9 ұғым бар. Олар – тірі (джива), өлі (аджива),
ізгі, күнә, жанның бұзылуы (ашрава), самвара – жанның тазалануы, тәуелділік,
карманы бұзу – нирджара, жанның денеден құтылуы – босау.
Джайнизмнің “үш маржаны”,
ол – дұрыс сенім, дұрыс білім, дұрыс
жүріс-тұрыс.
Адам өзін-өзі жеңуі үшін бірнеше қағидаларды ұстауы керек. Олар:
1.Апариграха – дүниедегі заттарға қызықпау, байланбау, самарқау қарау;
2. Сатья
әрқашанда ол қандай қиын болса да шындықты айту;
3. Астея – ұрламау, өлейін деп жатсаң да ешнәрсені рұқсатсыз алмау,
сұрап қана алу;
4. Ахимса – ешнәрсеге зәбірлік жасамау, өйткені барлық тіршіліктің
жаны бар.
Тарихта мыңдаған жылдар өтсе де, джайнизмнің адам алдына қойған
талабына әлі де болса қазіргі өркениет жеткен жоқ.
Буддизм
Үнді елінде пайда болып, дүниежүзілік үшінші дінге айналған философия
ілімі – ол буддизм.
Буддизмнің негізін қалаған үнді елінің шакья тайпасынан шыққан
Гаутама Сидхартқа (563-483 б.ғ.д.), Будда ( ағарған, нұрланған ) атауына ие
болған.Ондағы негізгі қағида: '' Өзіңді таны '', яғни рухани жетілуді меңзейді.
Будданың ашқан “Төрт ақиқаты”:
32
1. Бұл дүниедегі өмір зардапқа толы. Мұның сыртында өмірден тілегеніне
жете алмай қиналады. “Адам болу өте қиын. Өтпелі пәнденің өмірі қиын.”
2. Зардапты жеңу үшін оның шыққан қайнар көзін, себебін білу керек. Оның
себептері өмірге деген құштарлық, өмірде болуға деген іңкәрлік, ләззатқа
тоймаушылық. “Құмарлықтан күшті от жоқ; жеккөруден артық пәле жоқ;
денеден артық бақытсыздық жоқ; тыныш өмірден артық бақыт жоқ.”
3. Зардаптың себебі анықталғаннан кейін оны тоқтатуға болады, “өйткені
ешқашанда бұл дүниеде жеккөру жеккөрумен тоқтатылмайды, тек қана
жеккөруді жоқ қылу арқылы оны тоқтатуға болады. Міне бұл мәңгілік шындық.
Егер адам құмартудан құтылса, надандық пен жеккөруден арылса, ешнәрсеге
байланбаса ғана әулиелік жолға түседі!”
4.
Зардапты тоқтатын жол бар – ол сегіз қырлы. Олар:
дұрыс көзқараста, дұрыс сөйлеуде, дұрыс бағытта ойлауда, дұрыс өмір
салтында, дұрыс жүріс-тұрыста, дұрыс бетбұрыста, дұрыс күш салуда, дұрыс
зейін қоюда.
Міне осы сегіздік жолына түскен адам толығынан зардаптан айырылып
нирванаға жетеді.
Сонымен, ләззат пен құмарту жолына түскен адамдар тұрпайы пайдасыз,
дөрекі, ал денесімен күресіп, оны қинаған адамдар зардаптан шыға алмайды.
Тек ортаңғы жол, дүниені көрсетіп, білім әкеліп, екі жолдың ортасымен өтіп
адамды тынышталуға, құдіретті білімге, даналыққа, нирванаға әкеледі.
Буддизмнің айтуына қарағанда бұл дүниедегі заттар мен құбылыстардың
бәрі де бір-бірімен байланысып, бір-бірінен туып, бір-бірін алмастырып жатыр.
Дүниеде өзімен-өзі өмір сүріп жатқан, ешнәрсеге тәуелсіз екі-ақ нәрсе бар – ол
кеңістік пен нирвана.
Қорыта келе, буддизм ілімі зардапты тоқтату үшін адамды бұл дүниедегі
қызыққа байланбауға шақырады, өйткені ол адамды өзінің шексіз бір-бірімен
байланысты ағымына салып, дүниеге тәуелді келу, заңының шеңберінен
шығармайды, олай болса, бітпейтін зардап шектіреді, өйткені бұл дүние “Мая”
ұлы сағым, елес, алдамыш.
Сондықтан құмартуды суытып, дүниеге қызығудан бас тартып, бірте-
бірте сөну, өшуді буддизм нирвана дейді. Яғни нирвана дегеніміз – өмірдегі
пендешіліктен бас тарту, бейболмысқа өту. Сонымен, қытай философиясы
сияқты, буддизмде де біз бейболмыс ұғымының іргетастылығын байқаймыз.
Буддизм философиясы дүние жүзінде бірінші болып адам рухын ашып,
оның құдіретті күшін көрсеткен философия.
Үнді философиясындағы материалистік көзқарастар
Үнді философиясындағы натурфилософиялық көзқарастарға келетін
болсақ, олар дүниені 5 тұрақтыдан тұрады деп есептеген. Олар – жер, су, от,
ауа, кеңістік.
“Егер құрбандыққа шалынған жануар аспанға аттанса,
Онда соны жасаған адам өзінің әкесін неге шалмайды?”
33
Үнді философиясында дүниенің негізін екі бастамадан – пракрити
(материя) және пурушадан (жан) шығармақ болған ағымды да кездестіруге
болады.
“Білгің келсе, пракрити мен пуруша,
екеуінің де бастауы жоқ; біл,
сананың өзгеруі пракритиден шығады; себеп пен іс-әрекет қайнар көзі –
пракритиде. Пуруша пракритидің тудырған гундарынан ләззат алады”,
дейді.
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар:
1.
Қытай философиясындағы болмыс пен бейболмыстың арақатынасы
қандай?
2.
Даосизм мен конфуцизм этикасының айырмашылығын ата?
3.
Үнді мифологиясының ерекшелігі неде?
4.
Джайнизм «3 маржанының» мағнасы неде жатыр?
5.
Будданың «4 ақиқаты» нені білдіреді?
34
Ойланыңыз
1.’’...Елде тыйым салатын заңдар көбейсе, халық кедейлене түседі’’. ’’Заңдар
мен бұйрықтар көбейсе, ұрық-қарылар мен қарақшылар көбейеді’’-деп атап
көрсетті ойшыл. (Лао - цзы) Мұны қалай түсінесіз?
2.’’Егер Аспан астында жол көрінсе, қатардан қалма, жол болмаса-жасырынып
қал. Елінде көрініп тұрған жол болса, кедей және елеусіз болып қалудан ұял,
егер жол болмаса, онда бай әрі көрнекті болудан ұял. ’’(Лао - цзы) Сен не істер
едің?
3.’’Жеңіспен даңқыңды шығару – бұл адамдарды өлтіруге қуану деген сөз.
Адамдарды өлтіруге қуанатын адам елден тілектестік таба алмайды.’’ (Лао -
цзы) Не себепті?
4. ’’ Жақсы жағдай - құрметтеумен жасалады, ал бақытсыздық - зорлық –
зомбылықтан шығады...’’ (Лао - цзы) Не солай?
5.’’Тыныш нәрсені сақтау оңай. Әрекеті жоқ нәрсені бағыттау оңай. Әлсіз
нәрсені бөлу оңай. Ұсақ нәрсені шешу оңай. Әрекетті әлі жоқ нәрседен бастау
керек. Тәртіп орнатуды бүлік шықпай тұрғанда бастау керек.’’(Лао -цзы) Бұл
пікірге келісесіз бе?
6. Кун ұстаз туралы Янь Юань айтады:’’-Қараған сайын биіктейді, үңілген
сайын тереңін сеземін, түбіне жете алмаймын, бірде алдымда тұрғандай болып
тұрып, бірде артыма шыққандай, бірде жанымда сияқты, бірде ұзап кеткендей.
Бәрін бірден ашып көрсетпейді, адамды еліктіріп, көзімізді ашқандай,
дәстүрлер мен рәсімдерді сақтай біледі. Күшім азайып бара жаста, маған
жақындағанын сезінемін. Артынан көз жұмып ерейін десем ере алмаймын’’, -
дейді. Бұл тұжырым қазіргі өтпелі қоғамда қандай ойларды туғызуы мүмкін?
7.’’Аспанға қол жайып біреуді айыптамадым, төменгі істермен айналысып,
Жоғарға жеттім’’, - дейді данышпан. (Кун ұстаз) Бұны қалай түсінуге болады?
8. ’’Өзіңді таза қалпында сақтаймын деп өмірден алшақтама, ештеңемен
айналыспай ортаңнан қол үзіп қалма’’, - дейді. (Кун ұстаз) Бұған не дейсіз?
9.Даостар: ’’Аса білімді халықты басқару қиын. Сондықтан елді білімнің
көмегімен басқару- бақытсыздық, ал онсыз басқару – елді бақытқа жетелейді.’’-
дегенге қалай жауап бересіз?
10.’’...Елде тыйым салатын заңдар көбейсе, халық кедейлене түседі’’. ’’Заңдар
мен бұйрықтар көбейсе, ұры-қарылар мен қарақшылар көбейеді’’-деп атап
көрсетті ойшыл.(Лао-цзы) Оны сіз қалай түсінесіз?
11.’’Егер Аспан астында жол көрінсе, қатардан қалма, жол болмаса-жасырынып
қал. Елінде көрініп тұрған жол болса, кедей және елеусіз болып қалудан ұял,
егер жол болмаса, онда бай әрі көрнекті болудан ұял.’’ (Конфуций ілімі) Сіз
не істер едіңіз?
12.’’Жеңіспен даңқыңды шығару – бұл адамдарды өлтіруге қуану деген сөз.
Адамдарды өлтіруге қуанатын адам елден тілектесті таба алмайды.’’(Лао-цзы)
Оны қалай түсінесіз?
13.’’Жақсы жағдай құрметтеу мен жасалады, ал бақытсыздық зорлық –
зомбылықтан шығады...’’(Лао-цзы) Оны қалай түсінесіз?
35
14. Джайнизмде : “Адам байлыққа қуанбауы керек: біз байлыққа ие бола
аламыз ба, егер сені көрсек – Яма?” (Яма - өлім құдайы) Бұл сөздің астарында
не жатыр?
15. Джайнизмде : “Менің білетінім – байлықта тұрақтылық жоқ, өйткені
мәңгілікке уақытшамен жетуге болмайды”, деген дана сөздерді үнді
мифологиясында табуға болады. Бұл ғибраттық ойдың мағынасы неде?
Реферат тақырыптары:
1.
Конфуций іліміндегі ұжым (коллектив) және тұлға мәселелері.
2.
Даосизмдегі адам мен космос.
3.
Көне Қытайдың философиялық мектептері.
4.
Даосизм мен конфуцийлік ілімдегі (конфуцианство) адам мәселесі.
5.
Конфуцийдің кемелденген мемлекет жайлы ілім.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ:
Негізгі:
1. Мырзалы С.К. Философия. - Оқулық, Алматы: Бастау, 2008.
2.. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы.
-Алматы, 1999ж.
3. Зотов А.Ф.Современная Западная философия. – М.:Высшая школа,2012 .
4. Тұрғынбаев Ә. Философия , Алматы, 2001 .
5. Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой.
(арнаулы және еркiн дәрiстер курсы). –Алматы. 1994.
6. Петрова В.Ф.,Хасанов М.Ш. Философия. - Алматы, Эверо,2014.
7. Сегизбаев О.А История казахской философии : От первых архаичных
представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ
столетия:Учебник для вузов. - Алматы: Ғылым,2001.
8. Нұрғали Ардақ.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. –
Алматы:Атамұра, 2000.
36
Қ
осымша:
1. Алексеев П.В.,Панин А.В Философия. – М.,:Проспект,2010.
2. Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской философии. –
Алматы: К-ИЦ ИФП КН МОН РК,2011.
3. Бегалинова К.К.,Альжанова У.К. Философия. Часть 1,2. – Алматы: Жібек
жолы, 2014.
4. Есім Ғ. Сана Болмысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007.
5. Лавриенко В.Н. Философия. – М.: ИД Юрайт, 2011.
6. Кирабаев Н.С. Учебное пособие по курсу «Средневековое арбо-
мусульманская философия». – СПб.: СПбГУ,2005
7. Немировская Л.З. Философия: История и теория. – М.,Изд Россиийского
Нового Университета , 2007.
8. Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік – философиялық
талдау. – Алматы, БҒМ ФСИ баспасы,2000.
9. Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. – Алматы: Өлке,1994.
10. Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. Избранные тексты.
– Москва: Восточная литература,2001.
37
1 тірек кесте. Даосизмдік дүниетаным
Қытай мифологиясында дүниенің екі бастау – еркектік жағы (янь) – ол
жеңіл ақ бөлшектерден, ал әйелдік жағы (инь) – ауыр, қараңғы бөлшектерден
тұрады.
Олардың бір-бірімен әр-түрлі өлшемде қосылуы, әрекеттестігі – бүкіл
болмыстағы барлық заттар мен құбылыстарды құрайды, тудырады.
«Даодэцзин» (Дао және дә туралы кітап)
Дао – жалпы дүниетанымдық ұғым;
Дао – алғашқы бастама, түпнегіз.
янь
инь
38
2 тірек кесте.
1-ші Дао – аты жоқ, ещтене, бейболмыс, мәңгі, абсолют,шексіздік, еш
уақытта өзгермейді, бағынбайды, басқа заттардың дамып, жетілуіңе
көмектеседі, осы жағынан шектелуді білмейді;
2-ші Дао – аты бар болмыс, ұсақ бөлшектерден («ци») тұрады, түрі,кескіні
бар, «бардық заттардың анасы», шексіз, таусылмайды, құдіретті, әрекетшіл.
Бұл екі «Дао» бір-бірімен тығыз байланысты, екіншісі біріншісінен
туындайды, бір-біріне ауыса береді, осының арқасында әлемде әр түрлі
ғажайыптар болып тұрады; Дао-заттарды дүниеге әкелсе, «дэ» оларды
коректендіреді, асырайды, бұл екеуінсіз еш нәрсе өмір сүруі мүмкін емес. (Дао
– жол, заттардың табиғи қалыптасу заңдылығы т.б.)
Дао(ға)
Жерге
Дао
Аспанға
Адам
-
Дао
бағынады
өз
-
өзіне
39
3 тірек кесте. Ежелгі Қытай философиясы
Ежелгі Қытай
философиясы
Кон-фу-цзы-
моральдық
философия
Даосизм- натур
философия
Фа-цзя мектебі
Легистер (заңгерлер)-
әлеуметтік- саяси
философия
Кон-фу-цзы, ”Әңгімелер және
пікірлер“ (Лунь-уй):
-Адам арасындағы қарым-
қатынас,
-тәрбие мәселелері
- ортаңғы жол,
адамгершілік, сүйіспеншілік.
Осылар бірігіп ”дао“ (дұрыс
жол) құрайды.
Лао-цзы (Ли-Эр)
”Даодецзин“:
-дао- заттардың табиғи
заңы, ол цзи
субстанциясымен бірге
әлемді құрайды;
- арттық іс-әрекетке бармау,
заттың табиғи
қалыптасуына тежеу
жасамау- жетілгендікке
әкеледі (У.Вэй)
Фа-цзя Хан-Фэи-Цзы
Қоғамды қатаң заң арқылы
ретке келтіру керек.
-Заң қысқа да, нұсқа болуы
керек.
-Қоғамда жаза
көп,құрметтеу аз болуы
керек.
-қоғамдық
қатынастарды,тәрбиені-заң
жолымен ретке келтіру
керек.
40
4 тірек кесте. Ежелгі Үнді философиясы
Ежелгі Үнді
философиясы
Джайнизм
Буддизм
Чарвака
Жанизм- жеңімпаз.
Махавира
(Вардхамана)негізін қалаған
“Сидханта “жинағы.
-
Шынайы жеңіс –
өзін-өзі жеңу.
-
“Үш маржаны” –
дұрыс сенім, білім,
жүріс-тұрыс.
Буддизм – Гаутама
Сиддхартка (Будда-ағарған,
нұрланған).
-
Өмір – зардап,себебі
– құштарлық,
”құмарлық”- от,
жеккөру- пәле, дене-
бақытсыздық,
тыныштық-бақыт.
-
“Өзіңді- таны”
қағидасы
Чарвака – локаята (аймақ).
-
Өмірдің мәні-
бақытта.
-
Бақыттың өзі –
ләззатта.
41
Антикалық философия
1. Алғашқы философтары. Натурфилософиялық кезең.
2. Классикалық кезең. Философияда ұлы жүйелерді жасаушылар.
3. Эллинистік-Римдік философия: стоицизм, скептицизм.
Алғашқы философтары. Натурфилософиялық кезең
Алғашқы грек философтары Иония (Кіші Азияның батысы) топырағында
дүниеге келеді. Олар тарихқа “фисиологтар” (physіs
табиғат,
грек сөзі,
natura
табиғат, латын сөзі), яғни табиғатпен айналысатын ойшылдар ретінде
кірді.
Егер мифология құдайлардың аяны ретінде есептелсе дүниеге келген
ойшылдар өздерінің “даналыққа деген құштарлығын”, білімге деген
талпыныстарын көрсеткісі келеді. Пифагор айтқандай “Толығынан дана ол
құдай ғана, ал біз тек сол даналыққа құштармыз.”
Тарихи бірінші рет осындай ой-өрісіне көшіп, Милет қаласынан шыққан
Фалес (625-547 б.ғ.д.) алғашқы дүниенің негізін құрайтын зат
су деді. Өйткені
су ең әртүрлі өзгеріске ұшырайтын табиғаттың заты, сондықтан ол табиғаттағы
барлық өзгерістердің негізінде жатуы мүмкін.
Гераклит дүниенің мәңгілік өзгерісте, қалыптасу үстінде екенін ашық
көрсетеді. Панта рей (panta rheі), бәрі де қозғалыста, бәрі де ағым, ешнәрсе
қозғалмай тұрақты тұрмайды, бәрі де өзгеріп басқаға айналады деген терең
пікір айтады. Ол алғашқы диалектиктердің бірі.
Бұл дүниенің гармониясын қадағалайтын Логос. Логосты дүниенің өзгеру
заңдылықтары деп түсінуге болады.
Парменид (VI
V б.ғ.д.) Элеяда дүниеге келеді. Өсе келе ол өзінің философия
мектебін құрады.
Парменидтің философия ғылымындағы жасаған жаңалығын асыра
бағалау өте қиын, өйткені, ол грек ой - өрісінің шеңберінде алғашқы рет
Болмыс мәселесін қойып, оны өзінше шешеді. Сонымен, философия
ғылымының негізгі тарауларының бірі – онтология дүниеге келеді (ontos
грек
сөзі, болмыс, logoc
білім).
Парменидтің ойынша, дүние жөніндегі ақиқатқа бір ғана жол бар – ол:
“бар нәрсе бар, ал жоқ нәрсе
жоқ, өмір сүрмейді». Ол Болмыс деп, онтология
ілімін дүниеге әкелді.
Екінші жалған жол – ол сезімдік таным жолы. Ол жол бізге өлім мен
өмірдің бар екенін, дүниедегі заттармен құбылыстардың бәрінің өзгеріп
отыратынын, бір нәрсенің дүниеге келіп, екіншінің дүниеден кетіп жатқанын
көрсетеді.
Левкипп пен Демокрит ғылымға атом (atomos
бөлінбейтін) ұғымын, әрі қарай
бөлінбейтін, көзге көрінбейтін, өте ұсақ, сапасыз тек қана бітімі, көлемі
жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар ұсақ бөлшектерді ұсынады.
42
Атомистика дүниенің пайда болуын қозғалыс арқылы түсіндіреді (бірінші
сатыда). Алғашында атомдар кеңістікте ешқандай тәртіпсіз түрде өмір сүреді.
Олар оны күннің көзі түскен кездегі үй ішінде сәулеге шалынып көзге көрінетін
қалқып жүрген өте ұсақ шаңмен салыстырады.
Екінші сатысында ауыр салмақты атомдардың жеңіл бөлшектермен
соқтығысуының нәтижесінде пайда болатын дауылға ұқсас қозғалыс туады.
Бұл “дауылда” бір-біріне ұқсас атомдар басқалардан бөлініп Дүние өмірге
келеді.
Атомистердің философиясының тамаша жері - олар алғашқы рет себеп,
қажеттілік деген ұғымдарды тудырады. Демокриттің ойынша, әр нәрсенің
өзінің себебі бар – ол қажеттіктен туады. Сондықтан, дүниеде ешқандай
кездейсоқтық жоқ. Белгілі бір құбылыстың себебі ашылмаған кезде оны
адамдар кездейсоқ деп атайды.
Атомистика шеңберіндегі әлеуметтік және моральдық мәселелерге
келетін болсақ, демократиялық саяси тәртіп ең тиімді қоғамды ұйымдастыру
түрі. Демократия бұзылмау үшін адамдарды тәрбиелеу керек.
Адам өзінің табиғаты бойынша өмірден ләззат алуға, зардаптан қашуға
тырысады. Бірақ Демокрит ләззатты өлшемді табумен теңестіреді. Адамға ең
жақсы нәрсе еутемия (eythymіa) – жақсы көңіл-күйде болу, ешқандай
қорқыныш сезім, ия болмаса аса құмартудан алшақ болу. Дүниеге салқын
сезіммен қарап даналыққа көтерілу
адамның ең биік мұраты.
Сократ ілімі
Сократ
469
399 б.ғ.д.
Афина қаласының қарапайым адамдарының
жанұясында дүниеге келеді. Өз заманының
халық сыйлайтын, сонымен қатар,
байлары мен билері үрейлене қарайтын – ірі тұлғасы болса керек.
Сонымен оны негізінен толғандыратын мәселелер олар- адам табиғаты,
оның терең мәні.
Сократтың айтуынша адамның терең мәні – оның жан-дүниесінде. Адам-
саналы тұлға. Сократың ойынша, ізгілік
даналық, әділеттілік, тұрақтылық,
қанағаттылық т.с.с.
әрқашанда білім, ал залымдық
надандық.
Сократтың ойынша, адамның ең тамаша қасиетінің бірі
өзін-өзі ұстау.
Сократ грек ойшылдарының бақыт жөніндегі түсініктерін тереңдете
түсті. “Менің ойымша тек ізгі адам бақытты; шындығы жоқ, арам пиғылды
әрқашанда бақытсыз.”
Сократ адамның жан-дүниесінің терең мәнін ашып қана қоймай, сонымен
бірге оны жетілдірудің жолын көрсетті.
Оның жолы – ирония мен маевтика. (сұхбат пен пікірталас барысында
ақиқатқа жету).
43
Классикалық кезең. Философияда ұлы жүйелерді жасаушылар
(Сократ, Платон, Аристотель)
Платонның философия саласында жасаған төңкерісі – оның “Эйдос”
идея
әлемін ашқаны. Платонды сезімдік таным қанағаттандырмайды, өйткені
дүние - ағым, заттар өне бойы өзгерісте, тұрақсыз. Ал біз өзіміздің білімімізде
тұрақтылыққа, жалпыға ортақ, өзгермейтін ұғымдар жасауға, яғни дүниені
түсінуге тырысамыз. Ал ондай білімді біз бұл сезімдік әлемнен таба алмаймыз.
Олай болса оның қайнар көзі “Шынайы болмыста”- Эйдос әлемінде, “Барлық
болмыстан” біз оны таба алмаймыз.
Идея әлемі – парадигма – ол мәңгі, алғашқы, Демиург та құдай ретінде
мәңгі, бірақ сезімдік әлем, түп-нұсқа емес, жасалған, көшірмелі болғаннан кейін
өтпелі, жалған, көлеңке.
Енді Платонға қайта оралып, оның таным теориясына
гносеология
келетін болсақ, онда оның негізінде анамнез
anamnesіs – грек сөзі,
еске
түсіру
жатыр. Адамның жан-дүниесі мәңгілік, оның шыққан тегі – идеялар
әлемі. Сондықтан дүниетану жолында біздің жанымыз өзінің идеалды әлемінде
болған шағын еске түсіре отырып қана ұғымдарды тудырады.
Ал сезімдік танымға келетін болсақ, ондағы білім көбінесе жалған,
өйткені бұл өмірдің өзі өтпелі, тұрақсыз.
Платон
метафизикалық,
гносеологиялық,
этикалық
мәселелерді
әлеуметтік саяси мәселелермен байланыстыра білген. Ол оның “Саясаткер”,
“Мемлекет”, “Заңдар” деген еңбектерінде көрсетілген.
Қоғамда үш әлеуметтік топтың қажеттігін Платон психологиялық
тұрғыдан да толықтырады. Адамның жан-дүниесінде ақыл-ой, ерік, іңкәр қалай
бір-бірімен үйлесімді болса, қоғамда да әлеуметтік топтар соған байланысты
өмір сүруі керек.
Үкіметті басқаратын адамның жан-дүниесінде ақыл-ой, даналық
басымырақ болуы керек; жауынгерлердің жүрегінде қызбалық, құштарлық
басым болуы керек. Ал көпшілік халықтың жан-дүниесінде
өмірге, байлыққа
деген іңкәр басым болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |