Оқу құралы I бөлім Қостанай, 2016 2



Pdf көрінісі
бет14/18
Дата03.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#5957
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

математикалық  логика  тұрғысынан  толықтыру  керек  деген  пiкiр  айтты.  Олай 
болса,  философия  дегенiмiз  тәжiрибеден  алынған  негiзгi  қағидаларды  логикалық 
талдаудан  өткiзiп  қорытатын  пәнге  айналады.  Осы  логикалық  позитивизмнiң 
келесi  өкiлiн  -  Р.Карнапты  алатын  болсақ,  ол  математикалық  логика  арқылы 
бiлiмдегi  негiзгi  ұғымдардың  мазмұнын,  мән-мағнасын  тексеруге  шақырды.  Ал 
оның  негiзгi  құралы  -  верификация  (verificatio,-  латын  сөзi,-  дәлелдеймiн  деген 
мағна  бередi)  принципi.  Тiкелей  верификацияға  келер  болсақ,  ол  ғылымдағы 
белгiлi бiр қағидаларды өмiрдегi тәжiрибеге сәйкестiгiн анықтау болып табылады.  
   Б.Расселдiң  әлеуметтiк  философиялық  көзқарастарына  келер  болсақ,    ол  қоғам 
өмiрiнде белгiлi бiр даму заңдылықтары жоқ деген пiкiрге келедi. Адамдардың iс-
әрекеттерiне  шешушi  ықпалды  көбiнесе  олардың  инстинктерi  мен  iңкәрлерi 
тигiзедi. Сонымен қатар, ол адамның ерiктiк өмiрге деген ынтасын терең бағалап, 
тоталитаризмнiң  қай-түрiн  болмасын  (сталинизм,  фашизм)  тұлғаны  мемлекеттiң 
құрсауына алғаны үшiн қатты сынады. 
   Неопозитивизмнiң  екiншi  түрi  -  лингвистикалық  философияның  өкiлдерiне 
келер  болсақ,  олар  философияның  айналысатын  негiзгi  iсiн  тiлдегi  сөздердi, 
ғылыми  сөйлемдердi  логикалық  жолмен  талдаудан  көредi.  Л.Витгенштейннiң 
ойынша,  философия  тек  қана  “тiлге  сын”  ретiнде  ғана  өмiр  сүре  алады.  Өзiнiң 
“Логикалық-философиялық  трактаттар”  деген  еңбегiнде  ол  “Менiң  тiлiмнiң 
шеңберi  менiң  Дүниемнiң  шеңберiн  құрайды”,-  дейдi.  Л.Витгенштейннiң  негiзгi 
идеясы  -  тiлдегi  сөздердi  ұқыпты  пайдалану,  басқа  жағдайда  ол  бiздi  неше-түрлi 
абстрактылық ұғымдардың құрсауына қамап алдастырады. 
   ХХ  ғ.  50  жылдарынан  бастап  позитивизмнiң  соңғы  сатысы  дүниеге  келдi  -  оны 
постпозитивизм  (соңғы  позитивизм)  деп  атайды.  Негiзгi  өкiлдерi  -  Поппер    , 
Томас Самюэль Кун, Лакатос, Пауль Фейерабенд т.с.с. 
   К.Поппер  ғылымның  дамуындағы  верификация  принципiнiң  жеткiлiксiз  екенiн 
көрсетедi. ғылымның дамуындағы пайда болған ешқандай теория “соңғы ақиқат” 

 
 
132 
емес,  күндердiң  бiр  күнiнде  ол  терiске  шығарылуы  мүмкiн.  Олай  болса, 
ғылымдағы қағидалардың терең табиғаты - олардың болжамдығында, қателiк кету 
мүмкiндiгiнде. Оны ол фаллибилизм (қателiк) дейдi. ғылымдағы бiлiмнiң дамуы 
негiзiнен алғанда неғұрлым әртүрлi гипотезалардың көбiрек ұсынылуымен бiрге 
оларды  фальсификациялаумен  (терiске  шығаруға  тырысу,  оған  қарсы 
бағытталған  пiкiрлердi  ұсыну)  байланысты.  Сонда  ғана  ғылым  дүниетану 
жолында тереңдей түседi. 
   Өзiнiң  жалпы  Дүниеге  деген  көзқарасында  ол  “үшінші  әлем”  теориясын 
ұсынады.  Олар
:
  физикалық  әлем,  яғни    бiздi  жағалай  қоршаған  дүние.  Келесi  - 
ментальдық  әлем  (Платонның  “идеялар  әлемiне  ұқсас).  Үшiншi  әлем  -  адамзат 
жеткен  шынтуайтты  өмiр  сүретiн  бiлiм  әлемi  (Орта  ғасырдағы  Ибн-Роштың 
адамзат интеллектiне ұқсас). 
   К.Поппердiң ойынша, философия ғылым емес, өйткенi оның негiзгi қағидаларын 
фальсификациялауға  болмайды.  Бiрақ,  ол  адамға  өмiрдiң  мән-мағнасын  ашып, 
сондағы адамның алатын орнын көрсетуге тырысады. Сол үшiн ол философияны 
биiк бағалайды.                     
   Өзiнiң  әлеуметтiк  философиясында  К.Поппер  адамзат  тарихында  ешқандай 
заңдылықтар  болған  емес  деген  пiкiрге  келедi.  Осы  тұрғыдан  ол  марксизмдi, 
әсiресе “коммунизм” идеясын қатты сынға алады. 
   К.Поппердiң  идеялары  И.Лакатосқа  зор  әсерiн  тигiздi.  ғылымның  тарихи 
дамуын  зерттей  келе  ол    “ғылыми  зерттеу  бағдарламасы”  атты  танымдық 
методологияны    ұсынады.  Қайсыбiр  кемелiне  келген  ғылымда  үне  бойы  жаңа 
теориялар пайда болып бiр-бiрiн ауыстырып жатады. Ал оның өзi сол ғылымдағы 
қабылданған  “зерттеу  ережелерiмен”  тығыз  байланысты.  Олардың  бiреуi  (оң 
эвристика) болашағы бар зерттеу жолдарына сiлтесе, келесiлерi (терiс эвристика) 
қай зерттеу жолдарынан аулақ болу керек екенiн көрсетедi.  
   Қайсыбiр  “ғылыми-зерттеу  бағдарламасының”  iшкi  бұзылмайтын  “қатты  өзегi” 
болады  -  оған  iргетасты  терiске  шығарылмайтын  қағидалар  ғана  кiредi.  Ал  оны 
қоршап  тұрған  “қорғайтын  шеңберге”  келер  болсақ,  ондағы  гипотезалардың 
негiзгi  функциясы  -  бағдарламаның  өзегiн  қорғау  болып  табылады.  Бiрақ 
гипотезалар  фальсификацияланып  жартылай,  я  болмаса  толығынан  жоққа 
шығарылуы мүмкiн. Онда оның орнына жаңа гипотеза келедi. 
   Постпозитивизмнiң  келесi  iрi  өкiлi  -  Томас  Кун.  Ол  ғылым  философиясы 
ағымына жатады. Өзiнiң “ғылыми революциялардың құрылымы” деген еңбегiнде 
Т.Кун  “парадигма  деп  мен  ғылыми  қауымдастыққа  белгiлi  бiр  уақыттың 
шеңберiнде  ғылыми  мәселелердi  шешу  жолдарын  көрсететiн  барлығының 
мойындаған ғылыми жетiстiктерiн айтамын”,- дейдi. 
   Т.Кун  парадигмаға  соңынан  екiншi  ат  бередi  -  ол  дисциплинарлық  (пәндiк) 
матрица  (өзек).  Оның  негiзгi  элементтерi  ретiнде  ол  символдық  жалпылау  
үлгiлерiн,  концептуалдық  (тұжырымдық)  моделдердi,  ғылыми  қауымдастықтың 
мойындаған  құндылықтарды  және  ғылыми  тұрғыдан  шешiлген  үлгiлердi 
қарастырады.  

 
 
133 
    Т.Кунның  екiншi  жетiстiгi  -  ол  тәжiрибелiк  деректердiң  неопозитивизмдегi 
басымдылығын терiске шығарып, ғылымда парадигмаға тәуелсiз деректердiң жоқ 
екенiн дәлелдедi. Парадигманы игерген ғалым деректердiң бәрiн соның “сәулесi” 
арқылы  көредi.  Деректер  теорияны  сынамайды,  керiсiнше,  теория  қандай 
деректердi тәжiрибеге еңгiзу керек екенiн пайымдап анықтайды.   
 
Феноменология 
 
Дүниетаным мәселелерiмен айналысқан ХХ ғ. келесi ағым -феноменология. Өз 
заманындағы  таным  теорияларын  сынға  алғанда  Э.Гуссерль  тағы  да  келесi  екi 
ұғымды  бiр-бiрiне  қарсы  қояды.  Олар  бiлiм  мен  пiкiр.  Тек  қана  теорияға 
бағышталған  философия  дүниенiң  универсалдық  көкжиегiн  көре  алады,-  деп 
қорытады Э. Гуссерль. 
Ойшылдың  өз  алдына  қойған  негiзгi  мақсаты  -  сананы  тазарту,  оның  адамзат 
тәжiрибесi,  тарихи  процестен  тыс  өмiр  сүретiн  алғашқы  құрылымын  анықтау 
болып табылады.  
Таза сананың iргетасты  ерекшелiгi  - оның  интенционалдығы  (intentio,- латын 
сөзi,- ұмтылу), яғни бiрдеңеге әрқашанда бағытталғаны, соның санасы. Қабылдау, 
еске  сақтау,  қиялдау,  еске  түсiру,  тiлеу,  ой  формалары  т.с.с.  бәрiнiң  де  заттық 
мазмұны  бар.  Интенционалдық    -  сананың  құрамдас  бөлiктерiн  неше-түрлi  мән-
мағнаға толықтырады. 
Бұл арада, бiр жағынан, дүние тануға бағытталған iс-әрекет- ноэзис бар, екiншi 
жағынан, осы таным процесiнде ашылған мазмұн - ноэма бар.   
Ол  үшiн  сананың  алғашқы  негiзiнде  жатқан  таза  формаларын  зерттеу  қажет. 
Оған  жету  үшiн  Э.Гуссерль  “эпохе”  әдiсiн  қолданады.  “Эпохе”  дегенiмiз 
феноменологиялық редукция (қысқарту) арқылы заттардың кеңiстiк пен уақыттың 
шеңберiндегi  барлық  өмiрдегi  байланыстарын  “жақшаға  алу”,  “сөндiру”  құралы. 
Осының  арқасында,  заттың  “эйдосы”,  яғни  таза  идеясы,  мәнi  ғана  қалады  да,  ол 
таза санаға ашылады. 
Сонымен,  таза  сананы  ашқанда,  бiз  одан  “Абсолюттiк  Мендi”  (субъективтiк 
ағымды)  табамыз.  Дүниедегi  адамның  iс-әрекетке  түсетiн  барлық  заттары  мен 
құбылыстарына  сана  мән-мағна  бередi  екен.  Олай  болса,  санадан  тыс  өмiр  сүрiп 
жатқан объективтiк шындық жоқ. Ал сана өзiн өзi арқылы түсiнiп, өзiн феномен 
ретiнде қарайды. 
Герменевтика 
 
Герменевтика  (germeneon,-  грек  сөзi,-  түсiндiремiн)  -  сонау  көне  грек 
заманында жазылған тарихи мұраларды түсiну өнерi ретiнде пайда болды. 
В.Дильтей герменевтиканы тарихи оқиғалардың iшкi сырын ашатын пән ретiнде 
қарады.  Ол  адамзат  тарихын  табиғат  заңдылықтарынан  бөлек  алып  қарайды.        
Феноменология ағымының негiзiн қалаушы Э.Гуссерльге келер болсақ, ол белгiлi-
бiр  дәуiрдi  жете  түсiну  үшiн  сол  кездегi  қоғамның  “өмiрлiк  дүниесiнiң” 

 
 
134 
ерекшелiгiн зерттеу қажет деген пiкiрге келедi. Сонда ғана сол дәуiрде өмiр сүрген 
адамдардың өмiр сезiмiн, мәдени мұраларының мән-мағнасын ашуға болады. 
М.Хайдеггердiң  ойынша,  “болмыстың  үйi  -  тiл”.  Олай  болса,  герменевтика 
iлiмiн  тiлдi  талдау,  тарихи  ұмыт  қалған  сөздердiң  сырын  ашу,  оны  қайта  өмiрге 
еңгiзу, сол арқылы өткен ғасырлардағы адамзат болмысын зерттеуге теңейдi. 
Герменевтика  ғылымына  аса  зор  үлес  қосқан  немiс  ойшылы  Георг  Гадамер 
болды.  Ол  герменевтика  iлiмiн  тек  қана  гуманитарлық  пәндерде  қолданылатын 
әдiс  ретiнде  түсiнiп  қана  қоймай,  оның  онтологиялық  (болмыстық)  жағын 
негiздедi.  Оның  ойынша,  түсiну  дегенiмiз  -  адамның  дүниетанымының  негiзгi 
жағы ғана емес, ол оның өмiр сүруiнiң анықтаушы себебi, болмысының тәсiлi. 
Г.Гадамердің  негiзгi  мақсаты    -  өткен  оқиғаны  ой  өрiсте  қайта  құру 
(реконструкция) емес, керiсiнше, жаңа мән-мағнаны тудыру (конструкция) болып 
табылады. (сұхбат арқылы ақиқатқа жету.) 
Г.Гадамердiң  еңгiзген  тағы  бiр  жаңалығы  -  тұлғаның  тебiренiсiн  зерттеуден  гөрi 
оның ойының мән-мағнасына өту керектiгi. Олай болса, тiлге ұқыпты қарау, оны 
тыңдай  бiлу,  ондағы  ұмыт  қалған  сөздердi  жандандыру  арқылы  герменевтика 
өзiнiң негiзгi мақсаты - мәдениеттегi дәнекерлiк қызметiн iске асыра  алады. 
 
Өмiр философиясы 
 
     Егер  позитивизм  ағымы  ХХ  ғ.  ғылым  саласында  болып  жатқан  күрделi 
процестердi  зерттеп,  танымның  жаңа  жолдарын  ашуға  барлық  күштерiн  салса, 
өмiр  философиясы”,  керiсiнше,  өмiрдi  ақтау  мен  түсiнуге  шақырып,  ақыл-ой, 
логика,  дүниетаным,  экономикалық,  саяси  т.с.с.  зерттеулер  адамның  жан-
дүниесiн, өмiр сезiмiн кедейлетедi деген пiкiрге келедi.  
   “Өмiр  философиясының”  алғашқы  өкiлдерi  Вильгельм  Дильтей  (1893-1911 
ж.ж.)  мен  Георг  Зиммель  (1858-1918  ж.ж.)  өмiрдi  ерiк  пен  iңкәр,  сезiм  мен 
тебiренiс деректерi деп анықтайды. Өмiр - хаосты тәртiпке келтiредi.  
  “Өмiрлiк  тәжiрибе”  -  зердеге  тең  емес,  ол  ақыл-ойға  симайды.  Өмiр  -  ағым, 
өзгерiс, шығармашылық,- онда жалпылық деген жоқ. Өмiрдi тек қайталанбайтын 
жекелiк  арқылы  ғана  суреттеуге  болады.  Осы  арада  “шығармашылық  трагедия” 
дүниеге келедi.  
  Оны  В.Дильтей  герменевтика  деген  ұғыммен  бередi.  Тарихшы  өткен 
оқиғаларды  шынайы  қайта  суреттеп  қана  қоймай,  сонымен  бiрге  оны  қайта 
тебiренiп, оның өмiршеңдiк жақтарын түсiндiре бiлуi керек. 
         Анри  Бергсон    -  “өмiр  философиясының”  шеңберiнде  “шығармашылық 
талпыныс”  ағымын  жасайды.    А.Бергсон  адамның интеллектiнен басқа да  таным 
құралының бар екенiн мойындайды - ол интуицияИнтуиция дегенiмiз - ол затқа 
деген  сүйiспеншiлiктiң  негiзiнде  оның  iшкi,  интеллектке  ашылмайтын,  жағына 
өтiп  оның  өмiрлiк  өзегiн  сезiну  болып  табылады.    Интуиция дегенiмiз  -  рухтың 
алғашқы  негiзi.  Ол  -  өмiрдiң  өзi.  Танымдық  тұрғыдан  алып  қарағанда,  алғашқы 
интуиция  инстинкт  пен  интеллектке  бөлiнедi.  Сол  сәтте  инстинкт  өзiндiк 

 
 
135 
санасынан , интеллект заттың iшкi сырын ашу қабiлетiнен айырылады. Адамның 
интуициясы  толығынан  интеллектке  бағынышты.  Алайда,  кейбiр  “шекаралық 
жағдайда”,  адамның  өмiрiне  қауып  түскен,  я  болмаса  оның  басына  “тағдырлық” 
ақуал  келген  кезде,  интуиция  интеллектiң  құрсауынан  босап,  адамға  нағыз 
шындықты  көрсетiп,  оның  ғарыштағы  орны  мен  тағдырын  анықтауға 
көмектеседi. 
Адам - шығармашылық пенде, өйткенi “өмiрлiк талпыныс” оның iшiнен өтедi. 
Алайда,  өмiрдi  терең  сезiну  интуициясы  тек  қана  таңдаулы  адамдарға  ғана  тән 
нәрсе.  Сонымен,  А.Бергсон  шығармашылық  пен  мәдениет  жөнiнде  элитарлық 
көзқарас ұстайды. 
А.Бергсонның  әлеуметтiк  философиясына  келер  болсақ,  ол  адамның  өмiр 
сүруiнiң екi түрiн мойындайды.  Көп жағдайда адам “сыртқы” өмiрдiң шеңберiнде 
-  өзiне  емес,  басқа  адамдар  үшiн  өмiр  сүредi.  Тек  қана  өзiмiздiң  iшкi  өмiрiмiзге 
терең  үңiлiп,  бiз  өзiмiздiң  ерiктiгiмiз  бен  биәлеуметтiгiмiздi  анықтай  аламыз. 
Бiрiншi өмiр формасын ол “жабық”, екiншiсiн “ашық” қоғамға жатқызады. Жабық 
қоғамда тұлға ұжымның құрсауынан шыға алмайды, ашық қоғамда тұлғаның өмiрi 
мен шығармашылық қызметi үстем болып келедi. 
 
Ф.Ницше және  оның “билiкке деген еркi” 
 
“Өмiр  философиясының”  шеңберiндегi  немiс  философы  Фридрих  Ницшенiң 
(1844-1900  ж.ж.)  еңбектерi  ерекше  орын  алады.  Егер  А.Шопенгауер  Әлемдiк 
Ерiктi  болмыстың  алғашқы  негiзiне  жатқызса,  Ф.Ницше  Ерiк  категориясына 
әлеуметтiк-моральдық мән-мағна берiп, оны “билiкке деген ерiк” ретiнде түсiнедi. 
Оның ойынша, өмiр билiктi неғұрлым жете сезiнгiсi келедi.  
Ф.Ницшенiң  ойынша,  иудео-христиандық  моральды  толығынан  “қайта  қарап”, 
“мырзалардың    моральдық  құндылықтарын”  тағы  да  өмiрге  еңгiзу  керек.  Оның 
негiзiнде  мынандай  қағидалар  жатуы  қажет:  1.  “Өмiрдiң  құндылығы”  -  сөзсiз 
негiзгi құндылық; 2. Адамдар бiр-бiрiмен табиғи түрде теңсiз болып жаратылған; 
3.  Күштi  адамдар  моральдық  борыштан  бос,  ешқандай  моральдық  талаптармен 
байланысты емес. 
Оның  “Құдай  өлдi
!
”,-  өйткенi,  құдайға  сенудiң  өзiне  сенбеушiлiк  пайда  болды  
деген тұжырымға келуiне (өзінің де және ағартушылардың дінге қарсы болғаны) 
себеп  болды.  Болашақта,  Құдайдың  орнын  “адамнан  жоғары”  пенде  алады  деп 
қорытады Ф.Ницше. 
 
Фрейдизм  ағымы. Сана мен бисаналық мәселелерi 
 
“Өмiр  философиясының”  ХХ  ғ.    беделдi  ағымдарының  бiрi  -  фрейдизм  болып 
табылады.  
З.Фрейдтiң  ойынша,  адамның  психикасының  үш  деңгейi  бар:  оның  ортасында 
Ego”  (латын сөзi,- “Мен” деген мағна бередi), яғни адамның өзiндiк сана-сезiмi 

 
 
136 
орналасқан.  Екiншi  құрамдас бөлiгiн  “Super  ego” (өзiндiк  сана-сезiмнен  жоғары) 
деп атайды. Адам психикасының iрге тасы ретiнде ең терең жатқан және өте көне 
құрамдас  бөлiгi  -  ол  “Libido”(латын  сөзi,-  құштарлық,  iңкәр,  зауықтану,-  деген 
мағна  бередi),  я  болмаса  оны  қысқаша  “Id”  деген  екi  әрiппен  бередi.  З.Фрейдтiң 
ойынша,  оған  адамның  барлық  бисаналық  түрде  өтiп  жататын  психикалық 
құбылыстарының  бәрi  де  кiредi.  Бисаналықтың  өзегiне  З.Фрейд  жыныс  күш-
қуатын  (сексуалдық  энергия)  жатқызады.  Ол  бүкiл  адамның  психикалық  жан-
дүниесiне өзiнiң ықпалын тигiзiп, адамның “Өздiгiн”, ерекшелiгiн құрайды. 
З.Фрейдтiң  ойынша,    егер  адам  психикасының  ең  терең  қабаты  ләззат  алуға 
тырысса,  сана,  керiсiнше,  сыртқы  дүниеге,  жағалай  ортаға  бейiмделуге  асығады. 
Осы себептi сана мен бисаналықтың арасында әрдайым қайшылық пайда болады. 
Егер  тәрбие  барысында  адамның  жан-дүниесiне  еңгiзiлген  әлеуметтiк 
нормалардың  талаптары  өте  күштi  болса  (Super  ego),  онда  ләззат  алуға 
бағытталған  жыныс  күш-қуаты  сыртқа  шыға  алмай,  бiр  жағынан  адамды  невроз 
ауруларының  түрлерiне  әкелсе,  екiншi  жағынан,  ол  белгiлi  бiр  жағдайда 
сублимацияланып  (sublimatio,-латын  сөзi,  -  “биiкке  көтеремiн”,-  деген  мағна 
бередi)  , яғни жыныс  энергиясы  мәдени шығармашылыққа  айналып,  тұлға үлкен 
рухани туындыларды дүниеге әкелуi мүмкiн. 
Жүре  келе,  З.Фрейд  бисаналықтың  шеңберiнен  екi  негiзгi  инстинктердi    бөлiп 
алады.  Олар  -  “өмiр  инстинктi”  -  эрос,  “өлiм  инстинктi”  -  танатос.  Егер  эрос 
инстинктi  өмiрге  деген  сүйiспеншiлiктi,  достықты,  iңкәрдi  тудырса,  танатос  - 
адамды  өлiмге  қарай  итерiп,  оның  агрессивтiк,  қанiшерлiк,  қиратуға  деген 
құмарлығын, адамдарды қорлауға бағытталған iс-әрекетiн тудыруы мүмкiн. 
Қоғам өмiрiнде адамның күңгiрт инстинктерiн ауыздықтайтын құралы бар. Ол - 
мәдениет.  Сонымен,  екi  негiзгi  инстинктер  әрдайым  бiр-бiрiмен  күресте  болып, 
мәдениеттiң дамуының негiзгi бағыттарын анықтайды. 
 Сонымен,  бисаналықтың  екi  негiзгi  инстинктiн  мойындау,  бiр  жағынан, 
шығармашылық  жолмен  дүниенi  қайта  құру,  екiншi  жағынан,  жасалған 
мәдениетке қарсы шығу, қирату - З.Фрейдтiң iзiн қуған ғалымдардың еңбектерiнде 
неше-түрлi  қайшылықтарды  тудырды.  Олардың  көбiн  З.Фрейдтiң  бисаналықтың 
өзегiн жыныс энергиясына теңеуi қанағаттандырмайды. 
Карл  Густав  Юнг  егер  жеке  адамның  бисаналық  формалары  сол  адамның 
тәжiрибесiнен шыққан неше-түрлi психикалық, уақытында ұмытылып, я болмаса 
ығыстырылған  тебiренiстерден  тұратын  болса,  “ұжымдық  бисаналық”- 
бүкiладамзаттық тәжiрибенi қамтиды. Олардың көбiн халықтардың мифологиясы, 
т.с.с. көркем бейнелерден байқауға болады. Оқтын - оқтын бұл бейнелер адамның 
түсiне  келедi.  Олардың  бәрiн  К.Юнг    “архетиптер”  деген  ұғыммен  бередi. 
Олардың  нақтылы  мазмұны  жоқ  символикалық  бейнелер,  тiрi  тұлға  өзiнiң  өмiр 
шеңберiнде алған тәжiрибесiн сол символдарға толтырып, өз тұлғалық қасиеттерiн 
қалыптастырады. 
Архетиптер  халықтың  әдет  -  ғұрыптары  арқылы  ұрпақтан  -  ұрпаққа  берiлiп 
отырады.  Сонымен  қатар,  олардың  көбi  тiптi  тұқым  қуу  механизмдерi  арқылы 

 
 
137 
созылып, әдет - ғұрыптар жойылып кеткеннiң өзiнде де өмiрде қайталана берiледi. 
Э.Фромм  (1900-1980  ж.  ж.  )  фрейдизмнiң  негiзгi  идеяларына  сүйене  отырып, 
қоғам өмiрiн зерттеуге тырысты. 
А.Адлер  фрейдизм  iлiмiне  “компенсация”  (толықтыру)  ұғымын  кiргiзедi. 
Қайсыбiр  адамның  психикасында  өзiнiң  дене  кемшiлiктерiн  сезiнудiң  негiзiнде 
“өзiне  деген  сенiмсiздiк”  бишаралық  сезiм  пайда  болады.  Тұлға  оны  аттап  өту 
жолында  өзiнiң  барлық  шығармашылық  мүмкiндiктерiн  сыртқа  шығаруға 
тырысады.  Осы  адамның  өз  -  өзiн  өмiрде  нағыз  болуға  итерген  iс  -  әрекетiн 
А.Адлер компенсация дейдi. Ал адам осы жолда “компенсациядан да үстем” iс -
әрекет  жасаса,  онда  ол  ұлылық  дәрежесiне  көтерiлуi  мүмкiн  (мысалы, 
Наполеонның  денесiнiң  кiшiлiгi,  Гитлердiң  аяғын  сылтып  басуы  т.с.с.  -  олардың 
дене  кемшiлiктерiн  ұлы  iстер  арқылы  компенсациялау  әрекетiн  тудырды  деген 
пiкiр әдебиетте бар). 
К.Хорни тұлғаның дамуының екi жолын көрсетедi - ол норма мен паталогия
Бiрiншi  жолда  адам  өз  табиғи  дарындарын  өзiнiң  қабiлеттерiне  айналдырып, 
оларды дамытуға тырысады. Екiншiде адамның мiнез - құлқында терiс өзгерiстер 
қорланып  невроз  ауруына  әкеледi.  К.Хорни  оны  әлеуметтiк  себептермен  (“ауру” 
қоғамның  салдарлары)  генетикалық  (өзара  тұлғалық  және  әке-шеше  мен  бала 
арасындағы  терiс  қарым  -  қатынастардың  қалыптасуы)  және  “мәндiк”  (тұлғаның 
өз мүмкiншiлiктерiн iске асыру жолында жалған жолға түсiп кетуi) өзгерiстермен 
ұштастырады. 
Неофрейдизмнiң  ұлы  өкiлi  есебiнде  американың  ұлы  философы  Эрих 
Фроммды  айтуға  болады.  Оның  ойынша,  тұлғаның  ешқандай  туа  бiткен 
психикалық  қасиеттерi  жоқ.  Тұлғаның  барлық  психикалық  өзгерiстерi  мен 
өмiрдегi  көрiнiстерi  оның  қоғам  өмiрiндегi  қатынастарға  тереңдеу  деңгейiмен 
байланысты.  Қазiргi  қоғамдағы  қатынастар  “машиналанған”,  “компьютерленген” 
т.с.с. түрде болғандықтан, ол адамның шынайы мәнiн “жаттандырып” оны неше-
түрлi  невроз  ауруларына  әкеледi.  Қазiргi  қоғам  адамның  осы  дүниедегi 
“болуының”  орнына  оған  “алуды”  ұсынады.  Сол  себептi  ол  тұлғаның 
“жинаушылық”,    “нарықтық”,  “енжарлық”  т.с.с.  мiнез  -құлқын  тудырады. 
Тұлғаның жаттануының ең айқын көрiнiстерi - ол адамның  ерiктiктен бас тартып 
қашуы,  нашақорлықтың,  iшiмдiктiң  жолына  түсiп  батуы,  қылмыстық  т.с.с.  Ал 
осы  көрсетiлген  кемшiлiктердi  тудырған  “ауру”  қоғамды  қалайша  “емдеуге” 
болады
?
  Э.Фроммның  ойынша,  ол  үшiн  ең  бiрiншi  қажет  нәрсе  -  “гуманистiк 
жоспарлауды”  қоғамға  еңгiзу,    дүниедегi  байлықты  жинау,  қорлау,  алу 
психологиясынан бас тарту, қоғамды басқару жүйесiндегi қалыптасып қалған шен 
иелерiнiң жаттанған басқару формаларының орнына “гуманистiк басқару” жүйесiн 
еңгiзу, соның арқасында қарапайым адамдардың әлеуметтiк өмiрге деген ынтасын 
ояту,  дүниеде  болуға  бағытталған  құндылықтар  жүйесiн  тудыру    т.с.с. 
қажеттiктердi  көрсетедi.  Әрине,  ұлы  философтың  бұл  ойлары  өтпелi  кезеңдi  өз 
басынан өткiзiп жатқан бiздiң қоғамға  аса қажет ойландыратын нәрселер. 
Сонымен  қатар,  Э.Фромм  адамның  өмiр  сүру  диалектикасына  тоқталып,  оның 

 
 
138 
ешқашанда жойылмайтын трагедиялық жағын да көрсетедi. Бiрiншiден, адам бұл 
өмiрге өзi сұранып келмейдi - ол белгiлi бiр кездейсоқты жерде, уақытта дүниеге 
келiп, алғашқы сатыдан өмiрiнiң соңына шейiн “өмiр мен өлiмнiң екi ортасында” 
болып  iс-әрекет  етедi.  Екiншiден,  осындай  шектелген  өмiрдiң  шеңберiнде  адам 
өзiнiң бойындағы барлық дарындарын iске асырып, алдына қойған өмiрлiк мақсат-
мұраттарын орындап үлгiрмейдi, сондықтан олардың көбi, қазақ дүниесезiмiндегi 
терминдермен  айтсақ,  “жалған,  жеткiзбейтiн  арман”  болып  қала  бередi. 
Э.Фроммның 
бұл 
ойлары 
бiздi 
фрейдизмнiң 
шеңберiнен 
шығарып 
экзистенциализм философиясына өткiзiп жiбередi. 
 
 
Экзистенциализм философиясы 
 
Экзистенциализм философиясында “шекаралық ақуал” деген категорияға 
көп  көңiл бөлiнедi.  
Экзистенциализм  философиясы  адамның  ерiктiлiгiне  ерекше  көңiл  бөледi. 
Ерiктiк  -  “қажеттiктi  тану”,  я  болмаса,  “табиғи  дарынды  iске  асыру”  емес,  ол 
экзистенциямен,  яғни,  өмiр  сүрумен  тең.  Ал  ерiктiк  дегенiмiздiң  өзi  -    таңдау. 
Адам ерiктi пенде ретiнде ойына не келсе, соны iстей алады. Бiрақ, сонымен қатар, 
ол  өз  iстерiне  жауапты  өзi  ғана  беруi  қажет.  Сондықтан,  Ж-П.  Сартр  “ерiктiк 
дегенiмiз - адамға артылған адамгершiлiктiң ауыр жүгi”,- деген болатын. Адам тек 
өз  iсiне  ғана    емес,  басқаларға  да  жауапкершiлiктi.  Ол  өз  -өзiн  жете  түсiнудiң 
арқасында басқалардың да терең сырын өзiне аша алады. 
Адам экзистенциясының iргетасты ерекшелiктерiнiң бiрi - трансцендiлеу, яғни 
өз  шегiнен  өтiп  кету.  Н.Бердяевтiң  айтуына  қарағанда,  “адам  табиғи  дүниедегi 
үзiлгендiк”,  екi  жақты,  қайшылық  пен  қайғылыққа  шомылған  пәнде.  Сондықтан, 
оны түсiну - одан да жоғары тұрған - Қүдайды талап етедi.  
Ал  атеистiк  бағытқа  келсек,  оның  өкiлдерi  -  Ж-П.  Сартр  мен  А.  Камю  -  оны 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет