2– сабақ
І. Ойталқы
1. Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құраңыздар.
Көсем, бірегей, тұяғы, зорлық-зомбылық, шұрайлы,
|
|
мәжбүр, күйзеле бастады,жаналқым, бәлкім, жалма-жан.
|
2. Сөйлемдегі сөздерді түсініп, талқылаңыздар.
Қазақстанның оңтүстігінде шұрайлы жерлер өте көп.
Бекзат жұмыс іздеуге мәжбүр болды.
Одан мардымды жауап ала алмадық.
Салық полициясына алым-салық төлейміз.
Ресей Иракқа зорлық-зомбылық жасап отыр.
3. Оқыңыз.
ЕЛДІК ТУЫН КӨТЕРГЕН ЕР
Арқада Бурабайға жер жетпейді,
Алашта Кенекеме ер жетпейді. М.Жұмабаев
Кеңесары хан – қазақ халқының тарихындағы ірі тұлға, қазақтың ұлттық батыры қазақ хандығының ең соңғы ханы. 1802 жылы дүниеге келген. Туып өскен жері Бурабай.
Ол 1837-1847 жылдардағы он жылға созылған қазақ халқының патшалық Ресейге, Қоқан және Хиуа хандықтарына қарсы жүргізілген ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, Абылайдың немересі. Кеңесары халық қозғалысының басшысы ретінде хандықтың бірегей жүйесін орнатуға тырысты.
Кеңесары – Шыңғысханның он тоғызыншы ұрпағы, яғни хан атаулының соңғы тұяғы.
Абылайдың немересі болып келетін Кеңесары өзін нағыз таза Шыңғысхан түқымынан шыққанмын деп мәртебеленіп, хандық билікті қайта орнатуға бел байлады. 1841 жылы Кеңесарыны халық, ата-дәстүр салтымен ақ киізге көтеріп хан сайлаған.
Оның қол астына жинап жасақтағаны өзінің жақын туыстары Наурызбай, Мұса, Ержан, Құшақ, Бопай, Иса және басқалар болды. Әуелгідегі Абылай ханнан қалған төлеңгіттері мыңға жуық еді. Оған кейбір қазақ шаруалары да қосылды. Жиналған жасақты өзі басқарды.
XIX ғасырдың бірінші жартысында патшалық Ресейдің қарамағындағы елді мекендердегі халықтардың хал-күйі ауырлап, тұрмыс-тіршілігі күйзеле бастады. Бір жағынан, шұрайлы деген жерлерінен айырылса, екінші жағынан алым-салық та жаналқымынан алып, екі ұдай талау мен, тонауда халық азып, тозып бара жатты.
Ата-бабалардан қалған атамекендерінен айырылған халық ар мен намыс үшін күресуден басқа жол қалмағанын түсінді. Осындай ашу-кек, кеуде толы ыза оларды 1837-1847 жылдардағы халықтық қозғалысқа қосы-луға итермеледі.
Кеңесары Қасымов феодалдық өкіметті нығайтуға күш салды. Халықтың әлеуметтік тұрмысына көңіл бөліп, елді экономикалық жағынан жақсартуға ниет етті. Оның алға қойған мақсаты мен жоспары Орталық Азияда бір орталыққа бағынатын мемлекет құру болды.
Жалпы, Тұранның даму тарихына көз салсаң, көптеген ел билеуші қайраткерлердің көздеген мақсаттары бір орталықтандырылған іргелі мемлекет құру екендігін байқау қиын емес.
Оған Түрік қағанатының негізін қалаушылар – Истеми, Білге хан, Күлтегін, Тоныкөк, Қараханидтер, Селжүктер, Ақсақ Темірдің осындай іс-әрекеттері куә. Ал, Кенесары болса өз замандастарына қарағанда бұл мәселені, тіпті, әріден ойлады.
Кеңесары өте талантты ұйымдастырушы. Ол әскери күштерді ұйымдастыруда Бұқара мен Хиуа хандықтарының тәжірибесіне сүйенді. Әскерлерін жүзге, мыңға бөліп, оларға жүзбасы, мыңбасы етіп жүректі батырларды қойды. Әскер тәртібін бұзғандарды қатаң жазаға тартты.
Кеңесары хан Тәуелсіз хандық құру саясатын жүргізді. Оның тәуелсіздік жолындағы бұл күресі Ресей империясына қолайсыздық тудырды. Әрине, өзі мен Қытай арасындағы қорған іспетті осынау орасан жерден патшалық Ресей қалайда айырылып қалмауға тырысты. Бас көтеріп келе жатқан жыланның басын кесіп тастауға әрекет жасады. Орыс үкіметі бақайшағына дейін қаруланған әскерін Кеңесарыға қарсы үсті-үстіне аттандырып, Кеңесарының басына 3 мың сом "бәйге" де тікті. Сөйтіп, Кеңесары қозғалысын Ресей әскерлерінің қуатты күші басып тастады.
Кеңесары өзі өлгенімен, тірі күнінде-ақ аңызға айналған атақ-даңқымен халық есінде мәңгі сақталады. А.Асқаров «Ұлы Тұранның ұлдары»
)
4. Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып, түсініңіз.
2. Мәтінге жоспар құрыңыз
3. Төмендегі материалдарды пайдалана отырып, Кенесары хан туралы білетініңізді баяндаңыз.
Кеңесары Қасымұлының мәйіті Алматы облысының Бесқайнар елді - мекенінде жатыр.
|
Наурызбай батырдың ұрпағымын деген Айсара Есенбекқызы сүйекті Қырғыз жерінен наурыз айында әкеліп, арулап көмгенбіз - деп отыр. Хан моласына ескерткіш те орнатылған. Алайда тарихшылар мен ханның ұрпақтары бұған күмәнмен қарайды. Олар шежіре бойынша, Наурызбайдан ұрпақ қалмаған - дейді.
Айсара Есенбекқызы:
|
Достарыңызбен бөлісу: |