Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген



бет153/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   244
3– сабақ

1. Пікіралмасу. Қазақ хандары - халық қорғандары.

  1. Кеңесары ханның халық есіне, ел аузында қалуы неден?

  2. Кеңесары тұсындағы ел басқару жүйесі, сот-праволық реформасының Тәуке ханның "Жеті жарғысынан", қазақтың әдеттегі құқық тәртібінен өзгешелігі.

  3. Кеңесары бастаған азаттық қозғалыстың жеңіліске ұшырау себептері.

  4. Өздерің тағы да қандай атақты хандар туралы мағлұмат білесіңдер?


2. Тыңдайық! Құжаттарға тіл бітсе.

3. Өлеңнің мағынасын түсініп, жаттап алыңыз.
КЕҢЕСАРЫ

Халқы үшін қан жұтып, қару алып,

Ту көтеріп, далада дабыл қағып.

Он жыл бойы бір түспей ат үстінен

Он жыл бойы көрмеді дамыл алып.
Өлетінін білсе де күні бұрын,

Қысқа екенін сезсе де ғұмырының

Ұрпақтарға болды ол орнатпақшы

Азаттықтың тәуелсіз ұлы күнін


Кене жандай кемітіп қолбасыны,

Тот басқандай елімнің болды асылы,

Әр ауылдан шығарып бір-бір батыр,

Кереметтей көтердік болмашыны.


Қорғаймын деп саумал көл, сайран жерді,

Әкесі, туыстары майданда өлді,

Жан-жағынан жау қаптап жалаң қағып

Жазым етті қапыда қайран ерді…


Халқымыздың кім оны демес ары,

Хас батырдың көңілде елесі әлі

Кейбіреу қалай десе, олай десін

Тарихта тұрады өшпей Кеңесары!

Сәукен Әбішұлы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет