Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген


Тыңдайық! «Абай жолы» қалай жазылғаны туралы жазушының орысша сипаттамасын тыңдап, қазақша баяндаңыз



бет190/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   244
16. Тыңдайық! «Абай жолы» қалай жазылғаны туралы жазушының орысша сипаттамасын тыңдап, қазақша баяндаңыз.

17. Осы пікірлерден қандай ой түйдіңіз? Ойталқы. Ұлылар ұлағаты.
“Абайдай шығарма бұл күнге дейін бүгінгі қазақ әдебиетінде болған емес”

Ғабит Мүсірепов.

“ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің өмір тіршілігі мен болмыс-тұрмысын бар қырынан жан-жақты суреттейтін энциклопедиясы ”

Қаныш Сәтбаев

“Мен оның (Мұхтар Әуезовтің) шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман “Абай”, менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі ... Бұл шығарма кеңес әдебиеті туындыларының маңдай алды легінен орын алады деу аздық қылады, әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарманы табу қиын”

Луи Арагон (француз жазушысы)

“Әуезов тілі – тек оның шығармаларында ғана емес – бүкіл қазақ прозасының, қала берді, қазақ әдебиетінің қан тамырына тарап кеткен. Өйткені біздің бүгінгі тілімізді қалыптастыруда одан ірі тұлға болған емес...”

Тахауи Ахтанов


“ “Абай”- ақын туралы роман ғана емес, сонымен бірге ән туралы, халықтың арманы, жақсы өмірді аңсауы туралы роман. Ондай жақсы өмірдің бейнесі әлі қалыптасып болған жоқ, ондағы адамдардың қарым-қатынасы да Абайға көмескі. Сондықтан оның арманы әнге, өлеңге айналады, ақын ғажайып жаңа өлең жайлы батыл ойланады”

Вс. Иванов (орыс жазушысы)



ХІІІ Қазақстан – Әлемдік кеңістікте
1– сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет