Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген


Әңгімені тыңдап,билердің сөз өнерін қолдана білу шеберлігі туралы айтыңыз



бет58/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   244
9.Әңгімені тыңдап,билердің сөз өнерін қолдана білу шеберлігі туралы айтыңыз.


4-сабақ

Мақал – сөз мәйегі

1. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын түсініп алыңыз.

Жүйеленген ұлттық дәстүр, эстетикалық таным, халықтың жан дүниесі, іс-әрекетті бақылау, сыры мол дүние, сөздік қор, адамның жан дүниесі


2. Берілген сөздермен сөйлем құраңыз.

Ұстаздық, тәрбиелік, халықтық


3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Мақал-мәтелдер туралы не білесіз?

2. Мақал-мәтелдерде не туралы айтылады?

3. Қандай мақал-мәтелдер білесіз?


4. Мәтінді оқып, мағынасын түсініңіз.
Мақал – сөз мәйегі
Халықтық психологияда ғасырлар бойы жинақталып, жүйеленген ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып, эстетикалық таным, халықтың жан дүниесі сөз болады. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнопсихология деп аталатын ғылым саласы айналысады.

Этнопсихология қарастыратын психологиялық жайттар фольклор, ауыз әдебиетінде мол. Психологиялық мәні жағынан қазақ фольклорының түрлі жанрларының ішінде мақал-мәтелдер өте қызықты зерттеу обьектісі болып табылады. Мақал-мәтелдер адам іс-әрекетін бақылау арқылы тұжырымдар жасайды. Олар белгілі бір шешім мен істің дұрыстығын немесе дұрыс еместігін анықтап, ойлауда маңызды рөл атқарады.

Мақал-мәтелдер – айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы. Олар ұстаздық, тәрбиелік рөл атқарады. Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа, әрі тұжырымды болады. Сөздер бейнелі, орынды қолданылады. Мақал-мәтелдерден халықтың тіл байлығы көрінеді. Бай сөздік қорымыздың ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай берілуіне көмегі мол. Адамның жан-дүниесінің тілдегі көрінісі мақал-мәтелдерде жақсы бейнеленген.

Мақал-мәтелдерде оқу мен еңбек, ойын мен өнер, адамның жақсы-жаман қасиеттері, елін сүю, ата-ананы құрметтеу т.б. үлгі-өнегелер сөз болады. Өмірдің әр саласына байланысты болғандықтан оларды әр түрлі тақырыпқа бөлуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет