Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген


Өлеңді мәнерлеп оқыңыз. Қара сөзбен жазылған сөздердің мағынасын ашыңыз



бет112/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   244
Байланысты:
окулык Ш.Айгул

8. Өлеңді мәнерлеп оқыңыз. Қара сөзбен жазылған сөздердің мағынасын ашыңыз.

Заман –ай, көкірегіңе мұң қалдырған,

Ашуға булықтырған,

Жындандырған.

Жалт етіп қарушы едік, таң қалушы-ек,

Қазақша сөйлей қалса бір балдырған
Қайырған кез еді ол ел қанатын,

Ер біткен қайғыратын,



толғанатын.

Әлі де сөйлейтіндер бар екен деп,

Орыстың өзі сонда таң қалатын
Қайран ұлт,

Қайран халық ел дейтінбіз.

Тарихи кең далада желдейтінбіз.

Біріміз – бірімізге ана тілде,

Керек деп сөйлеп қалу,

Сөйлейтінбіз.


Қайғырып жүріп – ақ біз ойлайтынбыз,

Тойды да ана тілде тойлайтынбыз.

Қазақша өле - өлгенше сөйлейтұғын,

Ақырғы буынбыз деп ойлайтынбыз.


Көріп ек талай – талай оңбайтынды,

Құдайым қолдайды екен қолдайтынды.

Кәпір боп біттік – ау деп ойлаушы едік,

Ақыры бірақ олай болмайтынды.


Қазақша шырқап өтем Отан әнін,

Көрімде енді тыныш жата аламын.

Қазақша сайрап – ақ жүр баласы енді

Қазақша білмейтұғын ата- ананың.


Қ.Мырза Әли “Ана тілі” N8, ақпанның 8.2005ж



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет